Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар әлемі. 1 сәуір - Құстар күні

26 наурыз 2024, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Құстар әлемі
Жоспар

I Кіріспе
1 сәуір - Құстар күні.
II Негізгі бөлім
1. Құстар әлемі
2. Әлемдегі ең әдемі құстар
3. Қазақстанның Қызыл кітабы
4. Мақал - мәтелдер
III Қорытынды

Кіріспе.
1 сәуір - Құстар күні.

1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 9 мыңдай түрі тіршілік етеді. Біздің еліміз де құстарға өте бай. Қазақстанда құстардың 500 - ге жуық түрі бар. Олардың күз айларындағы саны шамамен 18 - 20 миллионға жетеді. Бұл – үлкен байлық. Сондықтан да біз оларды қорғап, пайдалана білуіміз керек. Құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Талай сазгерлер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. Содан бері көптеген авиаконструкторлар құстарды негізге алып, талай ұшақтар жасап шығарды емес пе?!
Құстар — омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар:
1. Қыртөссіздер (жүгіретін құстар);
2. Жүзетін құстар (пингвиндер);
3. Қыртөстілер (ұшатын құстар).
Құс - табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, өз жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы мен Құстарды қорғау одағы бірлесе отырып елімізде биылғы 2012 жыл құсына дала қыранын лайық деп ұйғарды. Дала қыранын тану аса қиындық тудырмайды, ол ел аумағында кеңінен таралған құс. Соңғы кезде саны азайып бара жатқан бұл құс ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген дала қыраны мемлекет қамқорлығына алынған.
Құс табиғат байлығы. Көктемде құстар оңтүстіктен оралады. Құстар - достар дегендей адамдардың ең жақсы көретіні - құстар. Құстарсыз орманның сәні келіспейді. Құстардың дауысы орманға бір сиқырлы көрік беріп тұрады. Құс табиғатқа тек көрік беріп тұрады десек онымыз дұрыс болмас себебі, құстардың тіршілігі орман, бау - бақша зиянкестерді жойып, адамға көп көмегін тигізеді. Жануарлар мен аң - құстарда кез келген адам біле бермейтін немесе аңғармайтын өзіндік тіршіліктеріне тән қасиеттері, әдеттері мен қызықты әрі сирек кездесетін табиғи ерекше мінез - құлықтары болады. Бұл қызықты жайларды біздің ежелгі ата - бабаларымыз далада еңбек етіп жүріп, мал бағып немесе аң аулап жүріп анықтаған. Әрі қызықты, әрі тағылымды осындай жайлар өмірімізде әрқашанда қажет.

Негізгі бөлім
1. Құстар әлемі.

Құстар – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді
1. Алғашқы құстар – археоптерикс;
2. Тісті құстар;
3. Қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;
4. Қырлы төсті құстар.
Құс – дене тұрқы әртүрi, мамықты, қанатты, ұшып жүрiп тiршiлiк ететiн, етi, жүнi пайдалы жәндiк. Сулы жерлердi, орман - тоғайды, далалықты, тау бөктерлерiн мекендейтiн жабайы және қолда ұстайтын асыранды түрлерi бар. Жыл құстары көктем туа келiп ұя салады, жұмыртқалап балапан басады, қанаттанған сон қоңыр күзде, қыс түсе жылы жаққа қонысаударады.

Ең қырағы құс – бүркіт. Ол бірнеше шақырым жерден көреді. Бүркіт әбден қартайған кезде өзін - өзі аспаннан тастап өлтіреді.

Ең көреген құс – үкі. Ол қараңғы жерден де анық көре алады.

Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады.

Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі.

Бозторғай туған жерінен қыста да, жазда да кетпейді.
Бозторғай таң атқанын білдіріп шырылдайды.

Адамға ең жақын жүретін құс – қарлығаш. Ол ұясын адам бар жерге салады.

Әнші құс – бұлбұл.
Сап түзеп, салтанатпен ұшатын құстар – тырналар.

2. Әлемдегі ең әдемі құстар.
Құстардың бәрі әдемі. Дегенмен, сұлулығы жөнінен ешбір құсқа дес бермеймін дейтіндері де жоқ емес. Біз мына сұлулықты көріп отырып, бірінші мына құс әдемі, екінші орын мына құста деп нөмір таққымыз келмейді. Жаратылыстың шеберлігіне еріксіз таңдай қағып, әлемдегі ең әдемі құстарды назарларыңызға ұсынамын.

Тауыс құсы
Тауық отрядының ең ірі түрі. Үндістанда, Шри - Ланка аралында, Ассамда тараған. Таулы жерлерді, сонымен қатар жартасты жерлердегі сирек ормандар мен нулы жерлерді мекендейді. Бәрінен бұрын бұталар мен шөпті өсімдіктер қалың өскен жерлерді қалайды. Қауіп төнгенде және ұйықтау үшін ағашқа қонады. Тауыстардың іс - қимылына қарап үнділер жолбарыстардың таяп қалғанын біледі. Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген. Бір үйірде 30 - 40 тауыс топталып жүреді. Тауыстар үшін үй тауықтарына тән жем қорек болады. Ұясын жерге, бұталармен бүркелген тұсқа салады. Ұя жіңішке сабақты шөптерден және кепкен жапырақтардан салынады. Ұяда 4 - тен 15 - ке дейін жұмыртқа болады. Қолға үйретілген құстарды Еуропаға алғаш рет Александр Македонский әкелген. Тауыстар ежелден сарайларда, саябақтарда ұсталған. Бұрын олардың етін «патшалық» тойлар кезінде пайдаланған.

Аққу
Аққу махаббат пен сенімнің, тазалық пен кіршіксіздіктің белгісі. Аққулардың есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған. Сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады. Көбіне ата аққу мен ұрғашы аққу өздерінің ұрпақтары үшін бірігіп ас іздейді.
Құстар әлемі. 1 сәуір - Құстар күні жүктеу
8 566
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді? Құстардың түрі өте көп.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар
Құстар
Құстардың көптүрлілігі туралы түсінік беру, топтарын ажырата білу. Әңгімелеу, сипаттау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Балалар, міне, көктем жаршысы құстар келе бастады. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты ашық сабағымызды бастаймыз1 - сәуір десе «Күлкі күні» ойымызға түсуі анық. Сонымен бірге бұл күні
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Құстар, құстар сызылтып ән салады...
Құстар, құстар сызылтып ән салады...
4. Құстар, құстар сызылтып ән салады.... (Сынып сағаты іздену - зерттеу)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×