Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар

01 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Бозторғай.
Бозторғай - мекен жайды төңіректейтін құс. Оның қанатының ұзындығы 8, 5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан.
Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Мәрмәр
Шүрегей.

Мәрмәр шүрегей – суда жүзетін құс. Салмағы 400 — 600 г, қоразы мен мекиенінің реңі бірдей.
Мәрмәр шүрегейлер кейде ағаш бұтағына қонақтайды. Жерге, кейде су жағалауындағы ағаш куысына немесе бұтақтарға ұя салады. Әдетте 7 — 9 (кейде 12) жүмыртқа салады, ал балапандары 25 — 27 күнде қанаттанады.
Тіршілігі толық зерттелмеген, қорегі суда және құрлыкта өсетін өсімдіктер. Мәрмәр шүрегей — жыл құсы. Негізгі қыстайтын жерлері Солтүстік Африка, Оңтүстік Азия аймағы.

Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1 - 2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда
бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы. Бүркіттер
қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

Лашын (лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының
төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 – 800 г, ал ұябасарынікі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.[3] Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т. б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).

Бөдене.
Бөдене - Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см - дей, салмағы 80 — 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады.
Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр.
Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады.
Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейде жәндіктермен қоректенеді.
Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай - ақ, үйде де ұсталады.

Қаршығалар.
Қаршығалар — жер шарында кең тараған. 52 түрі бар. Бұлардың қанаттары қысқа, ұшы екіге айырылған, аяғы мықты, онда ұзын, өткір тырнақтары болады. Есту мүшелері жақсы дамыған. Ұясын ағаш басына салады. 2 — 6 бір түсті немесе теңбіл жұмыртқасын ұябасары шайқайды. Балапандарын шәулісі мен ұябасары кезектесіп қоректендіреді. Негізінен ұсақ сүтқоректілермен, құстармен, кейде қосмекенділермен, бауырымен жорғалаушылармен және жәндіктермен қоректенеді. Қазақстанда қаршыға, қырғи, мықи және үлкен мықи түрлері тіршілік етеді.

Қытай қазы, қутұмсық қаз (лат. Anser cygnoides) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын құс. Қолға үйретілген қытай қазысын тұмсығындағы нүктесі мен жуан келген құйрық жағымен тануға болады.
Басқа қаздарданерекшелігі – арқасы мен бүйірі ақшыл көлденең жолақты қоңыр - сұр, бауыры – ақ. Мойны ұзын әрі жіңішке және қауырсындарының түсі әр түрлі.
Тұмсығы қара, басқа қаздарға қарағанда ұзын. Өсімдіктердің жапырағы, сабағы және тұқымдарымен қоректенеді. Жағалауларында қамыс пен құрақ, қоға өскен көлдермен өзендердің биіктеу жағалауына ұя салады. 6 – 7 жұп болып ұшып келіп, бір - бірінен алыс қоныстанады. 3 – 5 (кейде 9) жұмыртқа басып, оны атақаз бен анақаз кезектесіп 30 күндей шайқайды.
Балапандары жұмыртқадан шыққан соң қытай қазы су қоймаларының құмды және батпақты жағалауларын мекендейді. см, салмағы 3, 5 кг - дай.

Сәйкестендіру
Кім кімнен жәбір көрді?
Бозторғай ---------- Бүркіт
Бөдене --------- Қырғи
Үйрек --------- Тұрымтай
Қаз --------- Лашын
Шүрегей --------- Қаршыға
Құстар жүктеу
3 381
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Сабақтың мақсаты: 1. 2. 2. 2 жабайы және үй жануарларын ажырату; 1. 2. 2. 3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру
Құстар
Құстар
Құстардың арасында жыртқыштары бар. Олар - қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі және тағы басқалары. Жыртқыш құстардың қанаты үлкен, көзі қырағы, тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр болады. Олар алуан түрлі жануарларды - тышқан, қоян, құстарды
Бозторғай
Бозторғай
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шаиева Алия Сайфеденқызы
Бозша торғай. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Бозша торғай. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Астана қаласы, № 8 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Баязова Динара Жұмабайқызы
Сәбит Дөнентаев "Бозторғай" өлеңі
Сәбит Дөнентаев "Бозторғай" өлеңі
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі Батырова Бибигуль Рахимовна
Құстарды топқа бөлу
Құстарды топқа бөлу
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәні мұғалімі Төреханова Жанна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×