Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.

11 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Биология
Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен ізденісін қалыптастыру, ойлау қабілет дамыту.
Тәрбиелік: Тез ойлауға алған білімдерін өмірде асыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырмалар, оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру
VI. Бағалау

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Көбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Жыныс хромосомалары. Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқа жасушасының дамуы. Аталық жыныс жүйесі. Сперматогенез.
1. Аналық жыныс жүйесі?
2. Аталық жыныс жүйесі?
3. Жыныс хромосомалары?
Жыныс — организмнің еркек не ұрғашы дарабасқа (особьқа) жататындығын білдіретін белгілер жиынтығы. Жыныс белгілері бойынша ажырату тек жыныстық жолмен көбейетіндерге ғана тән. Ж - тық айырмашылықтар жануарларға, өсімдіктерге және микроорганизмдерге де тән, олар болар - болмас не айқын да білінуі мүмкін. Еркек пен ұрғашы Ж - ы арасындағы негізгі айырмашылық – еркек пен ұрғашы дарабастары әр түрлі жыныс жасушаларын – гаметаларды түзетіндігінде (қ. Жыныссыз көбею. Жыныстық көбею). Адамдар мен жануарларда гаметалар арнайы жыныс органдарында – жыныс бездерінде (гонадаларда) түзіледі. Еркек дарабастарда бұл – ен (аталық без), ол аталық жыныс жасушаларын (енуыз) түзеді, ал ұрғашыларында – аналық без, бұлар аналық жасушасын түзеді. Әдетте, аналық жасуша қозғалыссыз болады (аталық жасушадай қозғалғыш емес) және аталық жасушадан көлемдірек келеді, өйткені онда ұрықтың бастапқы даму сатысына қажетті қоректік заттар қоры болады. Әр жынысқа тән және жыныстық зат түзетін бездерді жыныс бездері деп атайды. Бұлар ішкі және сыртқы секреция бөледі. Аталық Жыныс безінің сыртқы секрециясына аталық Жыныс жасушасы – сперматозоид жатады. Бұл адамда 15 жас шамасында түзіле бастап, 55 – 60 жаста тоқталады. Аналық Жыныс безінің сыртқы секрециясына аналық Жыныс жасушасы жатады. Бұл 12 – 15 жастан бастап, 45 – 50 жасқа дейін түзіледі. Организмнің алғашқы және соңғы жыныс белгілерінің қалыптасуына, жыныстық әрекеттердің орындалуына әсер ететін және зат алмасу процесіне қатысатын жыныс бездерінен бөлінетін биол. активті заттар жыныс гормондары деп аталады. Жыныс гормондары хим. құрамы жағынан – стероидтар және полипептидтер деп бөлінеді.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
«Отбасын жоспарлау орталығына келгенде, ең бірінші, болашақ ата - ананың ана мінезі қаралады, яғни, олардың туған - туыстары туберкулезбен, басқа да тұқым қуалайтын, психикалық аурулармен ауырған - ауырмағаны тексеріледі. Ол үшін отбасын жоспарлау орталығына баланың ата - анасы қоса келгендері дұрыс, себебі баланың бойындағы генетикалық ақпарат екеуінен бірдей дариды. Екіншіден, болашақ ата - ана қазіргі кезде ауырып жүрген аурулар туралы анамнез алынады. Одан кейін олардың жұмысындағы жағдайлары ескеріледі, себебі денсаулыққа зиян келтіретін жұмыстар да бар. Егер ата - ананың бірі сондай өндірісте қызмет істесе, бала жоспарламас бұрын демалыс алып, денсаулығын түзету үшін шипажай немесе курортқа баруға кеңес беріледі.
Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау. жүктеу
102
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Мейоз және оның биологиялық мәні
Мейоз және оның биологиялық мәні
Мейоз – жыныс жасушаларының көбеюі жайлы түсінік беру. Мейоздың биологиялық мәні мен маңызын түсіндіру.
Организмдердің жеке дамуы
Организмдердің жеке дамуы
Тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы.
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Ибраева Фарида Музапбаровна
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін тексеру Аналық пен аталықтың қызметі мен құрылысымен таныстыру

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.