Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
Қарағанды облысы ,Қарқаралы қаласы,
Академик О. А. Жаутыков атындағы
№1 қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі:
Бакирова Гүлмайра Малгаждаровна

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тірі ағзаларға тән қасиет - тыныс алудың маңызын, тыныс алу мүшелерінің құрылысы туралы білімді меңгерту, ғылыми дүние танымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуін қалыптастыр. Сабаққа белсенділіктер мен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Салауатты, саналы тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, муляж, тірек сызба нұсқалары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
І V. Жаңа сабақты бекіту
V. Оқушылардың білімін бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын тексеру тест арқылы жүреді.
1. Қан қысымының көтерілуінен пайда болатын ауру
А) гипотония Б) жүрек талмасы г) гемофилия
Ә) гипертония В) қан аздық
2. Қан айналымының екі шеңберінен қан неше секундта айналып өтеді?
А) 20 - 23сек
Ә) 19 - 20сек
Б) 18 - 17сек
В) 24 - 25сек
Г) 16 - 20сек
3. Лимфа қандай қасиетімен плазмадан ерекшеленеді
А) нәруызы аз
Ә) эритроциттері болады
Б) глюкозасы көп
В) нәруызы көп
Г) глюкозасы аз
4. Ең ірі лимфа тамыры?
А) лимфа түйіні
Ә) лимфа өзегі
Б) қақпақшалары
В) лимфа қылтамыры
Г) лимфа вена
5. Қандай гемоглобиннің кемуінен болатын ауру
А) қаназдық
Ә) лейкемия
Б) гипертония
В) гемофилия
Г) гипотония

Сәйкестік тесті:
1. Салатамыр
2. Көктамыр
3. Қылтамыр
а) терең орналасады
ә) жүрекке қан апарады
б) қанды жүректен денеге
в) қан қысымы жоғары болады
г) қанның түсі қошқыл
д) өте жіңішке болады
е) тері астында орналасады

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:
1. Тыныс алу процесі
2. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
Тыныс алу - тірі ағзаларға тән қасиет. Бұл сабақты гректің ұлы ақыны Овидийдің «Тынысым барда, үміттенемін» сөзімен бастасақ, тыныс алудың маңызын түсінеміз. Адам аштыққа, шөлге, ұйқысыздыққа шыдай алуы мүмкін бірақ, адам ауасыз бір минутта өмір сүре алмайды. Биологиялық тұрғыда тыныс алу дегеніміз мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы(бұлшық еттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсауға тікелей байланысты.

Энергия ағзалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттегі жұмсалады. Ағзада оттегінің қоры болмайды. Ағза таныс алғанда оттегін қабылдайды, ыдырау өнімдері ағзадан сыртқа шығарылады. Тыныс алу мүшелері, қан айналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Ағзалық заттардан энергия босау үшін оттегі қажет.
Мұрын қуысының құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті - шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар сілекейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Сілемейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып, одан әрі өтеді. Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.

Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тыныс алу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Көмекей - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3сыңар, 3жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. көмекейдің артқы жағында 3жұп майда шеміршектер болады.

Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.
Адам дем шығарғанда дыбыс саңлауы таралып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры деп аталады. Ер адамдарда көмекейдің орташа ұзындығы 44мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектері қатысады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12см, ал диаметрі 15-18мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен - бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.
Кеңірдек 5-ші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлары өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауа тамырлық тармақшалар деп аталады. Альвеоланың диаметрі 0, 2 - 0, 3мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады.

Жаңа сабақты пысықтау:
1. Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?
2. Көмекей қандай қызмет атқарады?
3. Кеңірдек қайда орналасқан?
4. Альвеолла қандай мағына білдіреді?

Үйге тапсырма:
Тыныс алу мүшелерінің құрылысын оқу, әңгімелеу.
24 466
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Оқушыларға адам ағзасының тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі, тыныс алудың маңызы туралы терең білім беру
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысына, тыныс алу және шығару қозғалыстарына, өкпеде болатын газ алмасу, ұлпа алмасу процесстеріне топтық жұмыс барысында сипаттама беру.
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×