Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік, үш әріптен үлбірейді тіршілік

28 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеппен Ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы: Музыка жай ойналып тұрады

1. Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бала тәрбиесі күрделі құбылыс. Баланы жан-жақты жетілген, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Отдасы баланың бесігін тербеткен ұясы болса, бала «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан Ата-ана баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды. Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы адам. «Бала әр ата-ананың болашағы.. ОЛ – оның өмірінің жалғасы «деген елбасы Н. Ә. Назарбаев. "Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз ендеше құрметті ата – аналар бүгінгі дөңгелек үстелге хош келдіңіздер!. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым - қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
«Іске сәт» деп
«Жанұя» ойынымен бастаймыз. Ойынның мақсаты ата – ана баласын қаншалықты білетінін байқау. (доп беру арқылы Ата-ана жауап береді).

Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың парталас көршісі кім?
6. Бүгін сабақта қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек
- дегендей, баланың ыстық - суығына күймейтін жақсылығына сүйінбейтін Ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана. Ұстаз - оқушысын жақсы білсе, Ата-ана баласын одан екі есе жақсы білуге міндетті.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артқысы келеді.
Әрине, әр Ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, Баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда Ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Енді ата-аналар сіздерге мынандай жағдаяттар беремін
Жағдаяттар беру.
1 - топқа берілетін жағдаят: Баланың бастан кешкен сезімі
Сіздің іс-әрекетіңіз?
Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлыңыз мектептен келе сала: «Құрысын мектеп!» деп күйіп піседі. Бармаймын мектепке.

2 - топқа берілетін жағдаят:

Жағдаят Баланың бастан кешкен сезімі
Сіздің іс-әрекетіңіз?
5 - сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» - дейді.

Екі топқа берілген жағдаяттар бойынша ата-аналар жұмыс жасайды.
1 - жағдайда баланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.
2 - жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың!» немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.
Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, Ата-ана мектеппен байланыс жасамайды, қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Сондықтан да ата-аналар мектеппен байланысты болу керек.
Мектепке жаны ашып, балаларының жағдайын біліп, іс-шараларға белсенді қатысатын ата-аналар да баршылық Сондай ата-аналардың бірі Халдаровтар отбасы. Бұл отбасы қалалық деңгейде өткен отбасылар сайысында ІІІ орын алған жанұя. Енді осы жанұяның өнерлерін тамашалайық.
ӘН: «Ана»
Тапсырма 2. Екі топқа ата-аналардың баламен қарым - қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.
1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
2. Неге сен басқа балалардай емессің?
3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір - кір.
4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
6. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:
1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.
2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.
3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».
5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
6. Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.
Шар (тренинг)
Ата-аналар, жанұя шағын мемлекет. Осы мемлекеттің тұғыры мықты болу үшін, жақсылыққа жақын, адамгершілігі мол, намысшыл ұрпақты тәрбиелеуміз керек.
Енді ата-аналар өтінемін атты ойын ойнасақ.

Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, оқасы жоқ, мінекейіңіз т, б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- секіріңдер
- оң аяқтарын көтеріңдер
- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- өтінемін, бір - біріңді құшақтаңдар.
Отырңыздар! Рахмет!
Сонымен ата-аналар бала тәрбиесі ең маңызды - мәселе. Ең басты – ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс - шарамыздың соңында сіздерге мандарин ұсынғым келеді. Барлығыңыздың мандариндеріңіз деді ашыңыздар. Ашып ауыз тиюлеріңізге болады. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нәрлі шырынында дәрумені көп жемістердің ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса, бізде балаларымызға жұмсақ мінез танытып, жан-жақты тәрбие берейік.
Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.
Үш - ақ әріп дүниені танытқан,
Үш - ақ әріп қойған жыршы ғып - дей келе дөңгелек үстелді аяқтаймыз.
14 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз
Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы ұйымдастырушы педагогы Қоханова Алия Елеубергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×