Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар әлеміне саяхат

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Құстар — омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құс – дене тұрқы әртүрi, мамықты, қанатты, ұшып жүрiп тiршiлiк ететiн, етi, жүні пайдалы жәндік. Сулы жерлерді, орман-тоғайды, далалықты, тау бөктерін мекендейтін жабайы және қолда ұстайтын асыранды түрлерi бар. Жыл құстары көктем туа келiп ұя салады, жұмыртқалап балапан басады, қанаттанған соң қоңыр күзде, қыс түсе жылы жаққа қоныс аударады. Құстар генетикалық жағынан рептилияларға жақын, оның прогрессивті бұтағы. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.

Ұя салу – құстардың көбею кезіндегі өзіндік ерекшелігі.Көктемде құстардың көпшілігі ұя салумен айналысады.Ұялардың құрылысы сан алуан,олардың пішіні де біріне-бірі ұқсамайды.Кейбір құстардың ұясы өте күрделі құрылысты, ал кейбіреулерінікі табақшаға ұқсайды, ал енді біреулері індерді ұяға пайдаланса, жерді шұқырлап, тікелей жұмыртқа салатын да құстар бар.

Құстардың белгілі түрі ұя салып, қорегін тауып, балапандарын өрбітетін аймақ ұялау үлестігі деп аталады, оның негізгі орталығы – ұя, ұяға аналық құс ұя салады. Ұя – салынған жұмыртқаларды, басып отырған құсты және жұмыртқадан жарып шыққан балапандарды жауынан, сондай-ақ сыртқы жағдайлардан, қорғайтын баспана.

Құрқылтай, қарлығаш тәрізді құстардың шебер жасалған ұялары бұған толық дәлел бола алады.Құстардың барлығына дерлігі ұяға салған жұмыртқаларын басып, денесімен қыздырады, тек Австралияда және Малайя архипелагында мекендейтін қоқыстауық қана жұмыртқасын баспайды, ал көкек балапандарды өсіру тауқыметін басқа құстарға жүктейді.

Балапан шығару үшін жұмыртқа шайқайтын аналық құс ұябасар деп аталады.Ұябасардың жұмыртқа басу мерзімі барлық құстарда бірдей емес.Мысалы торғай тәрізділер 11 – 14 тәулік, қарғалар ― 19 – 21, тауықтар ― 21, үйректер ― 26, аққулар ― 35 – 40 тәулік шайқайды.Ұяда болатын жұмыртқалар саны да тұрақты болмайды, мысалы жыртқыш құс ― жыланжегінің ұясында ― 1, қоқиқазда ― 2, ал шүрегей,үйректе 16 жұмыртқа болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Құстар әлемі. 1 сәуір - Құстар күні
Құстар әлемі. 1 сәуір - Құстар күні
1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 9 мыңдай түрі тіршілік етеді.
Құстар
Құстар
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді? Құстардың түрі өте көп.
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Тұжырымдау: барлық құстардың ортақ қасиеті - олар ұшады, қонады, қанатты, мамықты, тұмсықты, жұмыртқалайды, балапан басады. Ал айырмашылығына келсек құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектеп Абдуллаева Маржан Алдонгарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×