"Ертегілер елінде" өсімдіктер тарауын қайталау

Сабақтың тақырыбы: "Ертегілер елінде" өсімдіктер тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты
Білімділік:5 а сыныптың ертегілер тарауын, 7 - 6 а сыныптан өсімдіктер тарауын қайталауға ертегілер үлгісінде дәстүрлі емес сабақ ретінде білімін тексеру.

Дамытушылық: Халықтық педагогика әдістерін қолдана отырып, оқушылардың іздемпаздығын ойлауын сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларға адамгершілік эстетикалық, отансүйгіштік тәрбие беріп, елін, тілін, дінін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген дәстүрлі емес сабақ
Сабақ әдісі: СТО, сұрақ – жауап, жарысу, іздену.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: «Жапырақ», «тамыр кеппешөптері», «гүлдің құрылысы», «бидай дәні», «үрмебұршақ», «сабақтың құрылысы», «сабақтың көлденең кесіндісі», «ертегі кейіпкерлері», «ертегі түрлері», буклеттер, суреттер, алтын мүйізді бұғы, айдаһар, самұрық құс.

Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту.
Биология, қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, білімдерін толықтыру барысында өсімдік мүшелерін, ертегі түрлерін еске түсіре, қайталата отырып, ертегі сабағы өтілді. Сабақ барысында оқушылардан қазақ ертегілері, оның кейіпкерлері жайлы сұралады.
Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?
1. Қиял ғажайып ертегілері.
2. Шыншыл ертегілер.
3. Хайуанаттар туралы ертегілер.
Осы ертегілердің кейіпкерлерін атап шығайық.
1. Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ т. б
2. Хан, уәзір, шал мен кемпір, бай мен кедей т. б
3. Ит, түлкі, қасқыр, аю т. б

Мағынаны тану.
Ертегілерді есімізге түсірдік, енді осы ертегілер әлеміне сапар шегейік. Ерте – ерте ерте де Бекболат деген қарияның Ерназар деген батырда, ержүрек ұлы болыпты. Ол өте мейірімді екен. Ауылдастары Ерназарды қадір тұтып жақсы көріпті. Ерназарды күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған анасы Үміт сырқат екен. Бір күні ауылдың көріпкел ақсақалы Ерназарды шақырып ақылын айтыпты:
Алыстағы Ұлытаудың басындағы сандық ішінде құпия зат бар, осы затқа жетсең анаңды емдеп жазасың. Бірақ жолында көптеген қиындықтар кездеседі, соны жеңе білуің керек деп, - жолға шығарып салады.
Ерназар, қолына темір таяқ ұстап, аяғына темір етік киіп, жолға шығып кетіпті. Біраз жер жүрген соң алдынан алып дәу кездесіп, жолын кес-кестеп өткізбей былай деп сұрақ береді:
- Жігітім, сенің далаң гүлге толы екен, сол гүлдердің сырын білгім келеді. Маған гүлдің құрылысы, гүл шоғыры және оның қандай түрлері бар екенін айтып бер?
- Гүл дегеніміз өсімдіктің көбею мүшесі, оның табаны, сағағы, тостағаншасы, күлтесі, аналығы, аталығы болады. Гүлдің барлық мүшесі гүл табанына бекініп тұрады. Гүл шоқтары дегеніміз, бір гүлдегі күлте жапырақтың жиынтығы. Оның себет, собық, шашақ, масақ және т. б түрлері бар.
Сұрағына жауап алған дәу Ерназарға жол беріпті. Қарны ашып шаршап бір жерде демалып отырса, алыстан жылтыраған бір нәрсені көреді. Ерназар оған жақындап барса көл екен, Ерназар көлге жақындаған кезде, көл жоқ болып кетеді. Таң қалып қараған Ерназар көл жағасында отырған бір баланы көреді. Сол бала көлді екі ұртына ұрттап, қайтадан шығарып отырады. Екеуі бір – бірімен жөн сұрасады. Осылайша екеуі тіл табысып жолға шығады. Екеуі келе жатса алдарынан аузынан жалын шашқан айдаһар шығыпты. Айдаһардың жалын шашқан отын Көлтауысар ұртындағы суын шашып өшіріпті.
Амалы құрыған айдаһар бұларға сұрақ қойыпты:
1. Жемістер мен тұқымдар неше түрге бөлінеді?
2. Жидек жемістердің ерекшеліктері қандай?
3. Құрғақ жемістер деп қандай жемістерді айтады?
1. Жемістер құрғақ және шырынды болып екіге бөлінеді, тұқымдар дара және қос жарнақты болып екіге бөлінеді.
2. Жидек жемістердің сырты жұқа іші жұмсақ, тұқымы көп болады. Оған қарақат, қызан, жүзім жатады.
3. Құрғақ жемістер деп сырты құрғақ өзі піскенде шашылатын жемістер.

Даладағы жабайы жемістердің жеуге жарамдысын теріп жеп, Ерназар мен Көлтауысар екеуі жүріп келе жатыпты. Жолында бір сауысқанның құйрығын екінші сауысқанның құйрығына бүлдіртпей ауыстырып отырған жігітті көреді. Жөн сұраса келе ол жігіт қолды епті атақты ұры екен. Таныса келе үшеуі жолға шығыпты, жолда келе жатып, тұяғымен жерді қазып тұрған алтын мүйізді бұғыға кездеседі. Ол да Ерназарларға сұрақ қояды?
1. Тамыр жүйесі нешеге бөлінеді?
2. Жапырақтың қандай түрлері бар?
3. Жапырақ сабақта қалай орналасқан?
Бұғыдан да өтіп Ерназар достарымен бірге жүріп кетіпті. Жер бедері биіктеп, тауға ұласып барады екен. Бірақ биіктеп жүрген соң самұрық құсы кездесіп, сұрақ беріпті. Егер сұрағыма жауап берсеңдер, сендерді таудың басына жеткізіп саламын деп уәде беріпті. Ал егер сұрағыма жауап бере алмасаңдар мен сендерді жұтып жеп қоямын деп шарт қойыпты.

Бидай дәні мен үрмебұршақ тұқымының құрылыстарына сипаттама беріңдер:
Жауапқа қанағаттанған Самұрық құс оларды таудың басына жеткізіпті. Таудың бір шатқалында тұрған сандық көзіне шалыныпты. Ішін ашса «Биология» оқулығы шығыпты. Ерназар достарымен бірге кітаптағы өсімдік ерекшеліктерімен танысыпты. Дәрілік өсімдіктердің қасиеттерін, қандай ауруларға ем болатындығын зердесіне құйыпты. «Кітап білім бұлағы» екеніне әбден көзі жетіпті.
Ерназар өсімдік сырына қанығып, еліне қарай бағыт алыпты. Жолында кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинай жүріпті. Еліне келсе анасы хал үстінде екен. Ерназар теріп әкелген дәрілік өсімдіктерді қайнатып, анасын емдейді. Анасы ауруынан айыққан соң, Ерназар достарымен бірге, елін жиып той жасапты.
Сол тойдың ішінде Тазша бала бар екен
- Біреуін бердім, онын тердім (Тұқым)
- Жасыл болып өнеді, сары болып үзіліп түседі. (Жапырақ)
- Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі. (Жеміс)

Ой толғау.
Тойға ала шапанын киіп Алдар көсе келіпті. Алдар көсе жиналған қауымды таң қалдырып жаңалық көрсетіпті, тойға шашу ретінде сұрақтар әкеліпті:
- Мына жерде қандай ертегі көрдіңдер?
- Ертегі барысында қандай өсімдіктер мен жануарлар көрдіңдер?
Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар бүгінгі ертегілерге саяхат сабағымыз аяқталды. Ал айтыңдаршы біз бүгін қандай ертегілерге саяхат жасадық?
Оқушылар: Осындай жолмен өткізілген ұлттық нақыштағы дәстүрлі емес
Сабақтағы оқушылардың ынтасын, жігерін ояту үшін маңызы зор. Осы сабақтар жиі өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • «Қырық өтірік» ертегісі

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: ертегінің мазмұнын ашып, талдау. Дамытушылық: ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу. Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға ...
  • Өзін-өзі танудан тренингтер

    Өзін-өзі танудан тренингтер
  • Менің тұңғыш президентім

    «Қайранкөл орта мектебі» КММ 4 «а» сынып сағаты Сынып жетекші: Мусина А. Б.
  • Нұрын шашты...

    Нұрын шашты... Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Кезінде қоныс болған Абылайға. Қазақтың шексіз, шетсіз байтақ жерін, Сұлулығын, шұрайлы табиғатын, Таңдаған да, таңдана білген дара.
  • Бүркіт

    Астана қаласы, бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Айгүл Қайроллақызы
  • В. Сухомлинский "Ақ шаш" әңгімесі

    Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділік: Оқушылардың Василий Сухомлинский туралы түсінігін кеңейту; «Ақ шаш» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың таным мүмкіндіктерін ашу.
  • Дыбыс және әріп

    Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп Сабақтың мақсаты: Тиянақты білім беру дағдысын берік орнықтыру; оқушыларға дыбыс туралы, оның түрлері, жіктелуі, жасалу жолдары арқылы олардың ой - өрісін жетілдіре ...
  • Генетиканың қысқаша даму тарихы

    Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ташкеев Ақан
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырғанын қалайсыз?
Үздік ашық сабақ
Үздік презентация
Үздік тәрбие сағаты
Үздік видеосабақ
Үздік ғылыми жұмыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 163
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 162
Роботтар: 3
bibka
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика