Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама.
Б/м: Оқушыларға сүйекті балықтардың өзіне тән – ерекшеліктері туралы білім беру.
Д/м: Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой - өрісін, іздену қабілетін дамыту.
Т/м: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға жан – жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың Жаңа сабақты оқыту, білім - біліктілігін,
түрі: ізденуін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Кесте, балықтар суреттері, тірек – сызба т. б.

Жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі
Үйге тапсырмасын сұрау бекіту.
Жаңа сабақ
Үйге тапсырма
Бағалау.

Үй тапсырмасының сұрақтары:
1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы?
2. Омыртқалыларға қандай жануарлар жатады?
3. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?.
4. Балықтардың денесінде қандай жүзбеқанаттар болады?.
5. Шеміршекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді.

Үйге тапсырмасын бекіту.

Жаңа сабақ: Сүйекті балықтарға сипаттама
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000 - нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасын да сүйектер өте көп. Сүйекті балықтарда ерекше мүше торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйікті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады. Сондықтан өте көп мөлшерде уылдырық шашады.
Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырып, шабақтар өсіріледі.

Сүйекті балықтың класс тармағы

Сәуле қанатты ---------------- қалаққанатты
Бекіре тәріздестер, --------------- қосжынысты және
майшабақ тәріздестер, ---------------- саусаққанаты балықтар
албырт тәріздестер,
сетінектер, көзауықтар
тұқым тәріздестер

Дәптермен жұмыс:
Термин сөздердің мағынасын түсініп алыңдар.
Өрістегіш балықтар – уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп
өрістейтін балықтар
Торсылдақ - іші ауаға толы ұрықтың дамуы кезеңінде ішектен бөлінетін ерекше
мүше.
Уылдырық - Аналық безде жетілген майда жұмыртқа жасушалар.
Шоғал - Аталық безден бөлінген сұйықтың.
Сергіту. ( Жұмбақтар)
1. Еркек балық ұя етіп қояды,
Ұрғашысы шабағын жеп тояды. (шаншар балық)
2. Аузы дөңгелек, пішіні жұмыр, жыланша иреңдеген судағы сұм бір.
Қорегін олжалап тою үшін, бұрғылап ішіне еніп ішегімен жеп жүр.
(Миксина)
3. Тұмсығымен кемені теседі, суда сүңгуір қайықша еседі. (Семсер - балық)
4. Еті семіз, тіл үйіреді, Балқаш пен іле тұрағы.
Бұл балықты кім біледі?
Қай органы уландырады? ( Шармай)

Қорытынды: Чайнворд - «балықтар»
1. Маса личинкасымен қоректенетін аквариум балығы. (Лялиус)
2. Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде мекендейтін, топтасып тіршілік ететін балық. (Сайра)
3. Балқаш көлінің негізгі балығы, жыртқыш ( Алабұға)
4. Төрткөз балық (Анаблепс)
5. Арқа қанатының тікенегі бар. Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарында тіршілік етіп, балық шаруашылығында маңызы бар балық (Ставрида)
6. Личинкалары цементті безінің көмегімен өсімдік сабағына жабысатын шабақ балық. (Аққайран)
7. Треска тұқымдас балықтың теңіз суынан тұщы суға таралған бір түрі. (Нәлім)

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра.
Хабхат.............................
Батан.............................
Кеңөм...............................
Азанс.............................
Іебрек..............................
Нартош............................

Үйге тапсырма 1. Сүйекті балықтар класы.
2. Балықтардың аттарына сәйкестендіріп сурет жұмбақ құрастыр.
Оқушылар білімін бағалау.
14 275
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
Cүйекті балықтар класы
Cүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Барлық балықтардың 99% (20 мың түр) осы сүйекті балықтар Құйрық қанаты
Сүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар класы
Атырау қаласы, Балықшы поселкесі, Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Ахмедьярова Курмангул
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н.С. Манаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №131 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Балықтар жоғары класы
Балықтар жоғары класы
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің география, биология пәндерінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×