Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасуша

12 наурыз 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Жасуша
Мазмұны
• 1 Жасуша теориясының ашылуы
• 2 Жасуша органоидтары
• 3 Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы
• 4 Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері
• 5 Жасушаның химиялық құрамы
• 6 Жасушаның құрылысы
• 7 Пайдаланған әдебиет

Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0, 1 – 0, 25мкм - ден (кейбір бактерияларда) 155мм - ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Клеткасының диаметрі 10 – 100мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Клетка, ал ересек адамның организмінде – 1014 Клетка болса, организмнің кейбір тіндерінде Клетка саны өмір бойына тұрақты болады. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген био полимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды. Рибосома Клеткадағы белоктың түзілуін қамтамасыз етеді, белок синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай - ақ барлық тірі организмдердің Клеткасында кездеседі. Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Клетка бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (белоктар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның ұзындығы 10мкм - дей, диаметрі 0, 2 – 1мкм, саны 1 - ден 100 мыңға дейін болады. Клеткадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк - жасыл балдырлар, т. б. тыныс алу процесін Клетка мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды. Ядро – организмдегі белоктық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін клетканың негізгі бөлігі. Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әр түрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. Гольджи кешені – бір - бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады. Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0, 2 – 0, 8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20 - дан астам) көмегімен Клетка ішіндегі ас қорытуға және Клетка құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады. Клеткалық мембрана – Клетка цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Клетка қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Клетка органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Клетка мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай - ақ, Клетканың қозғалуы мен бір - біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Клетканың жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Клеткасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Клеткасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Клеткасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Клетка қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Клетканың целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Клетка қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид - пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.

БҚО, Теректі ауданы,
Приречный ЖОББМ 11 сынып оқушысы
Ибраева Мейрамгуль Махатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 525
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
Прокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
Прокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
Прокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері туралы толық білім беру.
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Оқушылардың білім, білік дағдысын дамыта отырып, жасушаның химиялық құрамы туралы түсіндіру. Нәруыздардың ферменттердің қасиеттері амин қышқылдардың мөлшері және реттілігіне, молекулалардың және заттардың құрылымдарына байланысты екендігін түсіндіру.
Биология пәнінен күнделікті сабақ жоспаралары 9 сынып
Биология пәнінен күнделікті сабақ жоспаралары 9 сынып
Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары (биология 9 сынып)
Эукариоттық жасушаның құрылымдық – функциялық құрылыс ерекшеліктері
Эукариоттық жасушаның құрылымдық – функциялық құрылыс ерекшеліктері
1. Биология нені зерттейді? (тіршілік туралы ғылым) 2. Өсімдік жасушасының құрылысы? (ядро, цитоплазма. жасуша қабықшасы, пластидтер, вакуоль)
Жасуша мембранасы және плазмалемманың құрылысы
Жасуша мембранасы және плазмалемманың құрылысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Абатова Мирамгүл Абубакировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×