Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас қорыту мүшелерінің құрлысы

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрлысы
Сабақтың мақсаты: оқушыларды асқорыту мүшелер жүйесінің құрлысы, зат алмасуда асқорытудың атқаратын рөлі, ауыз қуысында, қарында, ішектерде астың қорытылуымен толық талдау жасау, оқушылардың салыстыра ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: экспедиция сабақ

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру:
Ойын жүрісі.
Сабақ экспедиция түрінде өткізіледі. Экспедиция арқылы білім шыңына жету. Ойын 2 сатыдан тұрады.
1. Экспедицияға дайындық.
2. Шыңға жету.
І. І. Экспедицияға дайындық.

А. «Жолға не алу керек?»
Жол сөмкелерінде биологиялық терминдер жазылған қағаздар бар. Оқушылар терминдерге түсінік беру керек.
Терминдер: сілемейлі эпителий, дәнекер ұлпасы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш қарын аш ішек, тоқ ішек, ерін, ұрт, тіс, қызылиек, аран, таңдай, кеңірдек, тік ішек, ұлтабар, бүрлер, бүйен, соқырішек, аппендикс, сфинктер.
Ә. «Метеоболжам».
Бірнеше бұлттар бейнеленген. Бұлтты бейнелердің артында сұрақтар мен тапсырмалар бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
2. Ауыз қуысының құрлысы қандай?
3. Жұтқыншақ пен өңештің құрлысы қандай?
4. Асқазан құрлысының қандай ерекшеліктері бар?
5. Аш ішек қандай бөлшектерден тұрады?
6. Тоқ ішектің құрлысы қандай?
Бұларға жауап берген оқушы ІІ сатыға өтеді.

ІІ. Шыңға жету.
Алдын ала шынығу. Сынып оқушылары екі командаға бөлінді, өйткені шынға шығу жолы қиын, сондықтан оған тәртіп, сергектік, ақыл - ой керек.
А. «Тәртіп орнату»:
Ә. «Ұйықтамай тыңда!» «Жауабын тап»
1. Адамның асқазан безінің бөлетіні
а) шырын
в) химозин
с) птиалин
д) күкірт қышқылы
е) пепсин
2. Бауыр қақпасынан өтетіндер
а) сілекей безінің өзегі
в) жүйкелер
с) веналар
д) өт жолы
е) артериялар
3. Адамның күрек тістерінің саны
а) 2
в) 4
с) 6
д) 8
е) 10
4, Өзегі ауыз қуысына ашылатын бездер
а) жақ асты
в) жұтқыншақ маңы
с) тіл асты
д) шықшыт
е) қосымша бездер

Б. «Ойлан тап».
Тақтада ( 2 команда қысқа сұрақтар береді) асқорыту мүшелері құрлысының суреті ілінген. Жауаптар «ия» және «жоқ».
1. Мынау ауыз қуысы ма? «Ия!»
2. Мына жұтқыншақтың ұзындығы 11 - 12см бұлшық еті ме? «Ия»
3. Дәм сезу рецепторлары жұмсақ таңдайда орналасқан ба? «Жоқ»
4. Ас қорыту және тыныс жолдары жұтқыншақта қиылысады ма? «Иә»
5. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 3 - 5см ма? «Жоқ»
Шыңға жеткен оқушы – «Нағыз альпинист»

ІІ. І. Қарлы бұрқасын. (14 ұпай)
А. «Бірінші асудан асу».
Сәйкестендіру тесті
1. Ас қорыту жолының ең көлемді бөлімі (Бауыр)
2. Ас қорыту жолының ұзын бөлігі (Ұйқыбез)
3. Ең үлкен асқорыту безі (Жұтқыншақ)
4. Жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлім (Өңеш)
5. Асты сорып, сіңіретін бөлімі (Тоқ ішек)
6. Құрт тәрізді өсіндісі - аппендикс бар ( Асқазан)
7. Төменгі жағына өт қабы жалғасқан мүше (Аш ішек)

Ә. «Екінші асудан асу».
Тіс өрнегін «оқып шық».
3/3---- 2/2 ---1/1 ---2/2 - 2/2 ---1/1 ---2/2 ---3/3

ІІ. Мұздық. (16 ұпай)
Дұрыс жауаптарды белгіле
1. Қоректі заттар организмде энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.
2. Жұтқыншақ асқорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
3. Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар.
4. Аш ішек – асқорыту жолының ең ұзын бөлігі.
5. Ұйқы безі тек сыртқы секреция безіне жатады.

ІІІ. Тасты жартас.
Әр қатарға бір - бір парақ беріледі, сол параққа ас қорыту туралы оқушылар білгендерін тез - тез жазып, артында отырған келесі оқушыға ұсынып отырады. Ал ең соңғы оқушы сол парақтағы хабарламаны толық оқып шықты.
Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланып, үздік жауабымен көзге түсіп, білім шыңына жеткен оқушы «Нағыз альпинист» атанды.
8 765
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Ас қорыту
Ас қорыту
Оқушылардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі, жалпы маңызы жайлы алған білім, білік дағдыларын, биологиялық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қалыптастыру.
Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы және қызметі туралы түсінік беру. Оқушылардың талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
№ 11. М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы
Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Атырау облысы, Истатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Алмажай
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ақтау қаласы №14 орта мектептің биология пәні мұғалімі Р. Д. Досаева
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.