Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бунақденелілер

25 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Бунақденелілер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыра отырып, бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру. Пәнге деген қызығушылығын оятып, өзін - өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: Экология, әдебиет
Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.

Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау. Сабақты бастамас бұрын сыныпты 3 топқа бөлу.
Өткен сабақты еске түсіру
«Кубизм» әдісі бойынша сұралады
1 Зертте
1. Ұлу бақалшағын зертеу
1. Алдыңғы жағы дөңес және иірімдері бар, олар ұлудың өсуінің жылдық шеңберін құрайды
2 Қолдан
1. Шаянды тұрмыста қолдану
1. егер ас шаян болса тағамға қолдануға болады
3 Талда
1. Шаянның аяқтарын талда

1. 1антеннулла, 2 антенне, 3мандибула, 4Імаксимилла, 5ІІмаксимилла, 6 - 8жақаяқтары, 9 - 13жүретін аяқтары, 14 - 15купулятивті аппарат, 16 - 18екі тармақты құрсақ аяқтары, 19құйрық жүзбе қанаты
4 Салыстыр
1. Өзен шаяны мен шаршылы өрмекшінің тыныс алуын салыстыр 1. Өзен шаяны желбезек арқылы тыныс алса, шаршылы өрмекші демтүтік арқылы тыныс алады
5 Дәлелде
1. Шаяндар мен өрмекшілердің буынаяқтылар типіне жататынын дәлелде
1. Шаяндар мен өрмекшілер буынаяқтылар типіне жату себебі денесі буындарға бөлінген
6 Суретте
1. Өрмекшінің дене құрылысын суретте
Суреттерін салу

Ой қозғау кезеңі
3 топқа сурет көрсіп, сол бойынша әңгімелету

Мағынаны тану
Энтомология деп бунақденелілерді зерттейтін ғылымды атайды. (гректің « ентома» - бунақдене + « логос» - ғылым деген сөзінен шыққан).

Буынаяқтылар типі

Бунақденелілер класы

Класс тармағы
туақанатсыздар ------------------- қанаттылар

Бунақденелілердің дене құрылысы
Бас
Көкірек
Құрсақ

1 - топтың жұмысы: Бас мүшесінде орналасқан мүшелер
Екі мұртша ------------ Жай және күрделі ---------- Ауызы

құрылысты көздері
Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің сан алуандылығы.

2 - топтың жұмысы: Бунақденелілердің көкірегіндегі мүшелер

Аяқтары Қанаттары

6 - сыныпта өткенді еске түсіру арқылы бунақденелілердің аяқ құрылысын ажырату

3 - топтың жұмысы: Бунақденелілердің көбеюі:
а) Толық түрленіп даму дегеніміз не?
жұмыртқа→дернәсіл→қуыршақ→имаго
б) Тура даму:
жұмыртқа→имаго
в) Шала түрленіп даму:
жұмыртқа→дернәсіл→имаго

Тура даму --------------------- Қанатсыз бунақденелілер
Шала түрленіп даму --------- Ақпа, инелік, дәуіт, бит, қандала, шегіртке, бұзаубас
Толық түрленіп даму -------- Қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.

Толық түрленіп дамудың видиокөрінісін көрсету.
Имаго дегеніміз не?
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталынады.
Имаго ( латынша имаго - ересек құрт дегенді білдіреді ).
Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.
1. Өсімдіктерді тозаңдандырады
2. Топырақты қопсытады, табиғатты тазартады
3. Ауыл шарушылығына зиян келтіретін зиянкестерді жояды
4. Бал арасы медицинада
5. Тұт жібек көбелегі - жібек алу үшін
6. Тағам ретінде
Бунақденелілердің зияндылығы:
1. Ауру таратады
2. Ауыл шаруашылығына
3. Жеміс - жидектерге, көкөніс дақылдарына
4. Үй жиһаздарына, азық - түлікке зиян келтіреді
Бунақденелілер туралы ғажайып фактілер
- Қазіргі уақытта бунақденелілердің кем дегенде
бір миллион түрі белгілі, ал кейбір ғалымдардың
пікірінше, олардың саны он миллионға жетуі
де мүмкін.
- Құмырсқалар секілді басқа да бунақденелілер
өз салмағынан бірнеше есе ауыр заттарды
таси алады.
- Бүрге өз бойынан 130 есе биіктікке секіре
алса, жұлдызқұрттардың бұлшықеттері
адамдікінен алты есе көп.
- Мүйізтұмсық қоңыз өз салмағынан 850 есе
артық салмақты көтере алады.
Ең, ең, ең...

Рефлексия. РАФТ әдісі
Р - роль, мұғалім тақырып айтады. Тақырып «Құмырсқа мен шегіртке»
А - аудитория, 1 - топ құмырсқа мен шегірткеге сипаттама береді
Ф - форма, 2 - топ осы тақырып бойынша кейіпкерлерге жақтау және даттау жайында хат жазады
Т - тақырып, 3 - топ осы тақырып бойынша әңгімелейді

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған,
Көгалды қуып гөлайттап
Қызықтап жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй
Жапырақ кетті, жаз кетті.
Күз болған соң кетті күй
Өкінгеннен не пайда.
Суыққа тоңған қарны ашқан
Ойын қайда ән қайда
Оныменен тұрмады
Қар көрінді қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді.
Тымақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп
Қабағын қайғы жабады
Саламда жатып, дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады. Сілкілеп келіп жығылды
Аяғына бас ұра
Қарағым жылыт тамақ бер.
Жаз шыққанша асыра
Мұның жаным сөз емес.
Жаз етерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап пе ең?
Мен өзіңдей шаруашыл
Жұмсақ илеу үйлі ме
Көгалды қуып, ән салып
өлеңнен қолым тимепті
өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң
Селкілде де билей бер!

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
1. Бунақденелілер тақырыбын оқып келу.
2. Бунақденелілердің суреттерін салу
3. Ізденіс жұмысы
1 - топ: «Зиянды бунақденелілермен күресу жолдары»
2 - топ: «Қазақстанның Қызыл кітабына енген бунақденелілер»
3топ: «Бунақденелілердің маңызы»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 557
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің сан алуандығын, олардың тіршілік ету ортасы және дауы туралы түсінік беру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін - өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (cost = a, sint = a)
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (cost = a, sint = a)
Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешуде формуланы дұрыс пайдалану, білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, БжС технологиясының тиімділігін көрсету, білім сапасын көтеру.
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушыларды бунақденелілер әлемімен таныстыра отырып, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктер туралы мағлұматтар беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×