Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақтың түрөзгерістері

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрөзгерістері.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға сабақтың түрөзгерістері, олардың түрлері туралы толық түсіндіру.
ә) тәрбиелік: оқушыларға сабақтың түрөзгерістері, олардың түрлері туралы толық түсіндіре отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушылардың пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер және сызбалар
Сабақтың өзге пәндермен байланысы: география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі.
1. Су мен минералды тұздар сабақтың қай қабатымен қозғалады?
2. Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы қанша?
3. Органикалық заттар қабықтағы қай қабат арқылы қозғалады?
4. Крахмал неге крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды?
5. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды. Неге?

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың түрөзгерістері.
Түрін өзгерткен жер үсті сабақтар: сояу, шырынды сабақтар, қаудан

Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы
Тамырсабақ ---------------------------------------------------------- Тамыр
1. Тамырсабақтың ұшында бүршік болады. ---------------1. Тамыр ұшындай оймақшасы бар.
2. Буын және буынаралығынан тұрады. --------------------2. Буын және буынаралықтары болмайды.
3. Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті. ---------------3. Жапырақ болмайды.
4. Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады. ------4. Бүршіктері жоқ
5. Бүршіктен дамиды. ---------------------------------------------5. Ұрық тамыршасынан дамиды.
6. Тек көпжылдық өсімдіктерде болады. 6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады.

ІV. Жаңа сабақты қорытындылау. Сонымен, біз бүгінгі сабақта сабақтың түрөзгерістері тақырыбын өттік. Біз сабақтың түрөзгерістері жер үсті және жер асты болып бөлінетіндігін. Олардың сояу, шырынды сабақ, тамырсабақ, түйнек және пиязшық сияқты түрлерден тұратынын білдік.

V. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтар:
1. Түрі өзгерген жер үсті сабақ сояу қандай өсімдіктерде кездеседі?
2. Сабақтың сояуға айналып түрін өзгертуінің себебі неде?
3. Шырынды сабақ қандай өсімдіктерде кездеседі?
4. Түрін өзгерген жер асты өркендерді атаңдар?
5. Жапырақ шығармайтын жер асты өркен?

VІ. Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақта берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сабаққа белсенді ат салысып отырған оқушыларды бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма. Оқушыларға үйге тапсырмаға түрі өзгерген жер үсті сабақтар сояу, шырынды сабақ туралы сипаттап жазып келу.
13 960
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі
Өсімдіктер сабағының құрылысы мен қызметі, ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы өсімдіктердің вегетативті мүшелері жөніндегі білімдерін тереңдету
Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы. Сабақтың түрөзгерістері
Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы. Сабақтың түрөзгерістері
Су мен минералды тұздардың қозғалуы. Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды заттар сабақтың қай қабаты арқылы қозғалатынымен танысалық.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ермек Достанов
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×