Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат таңғажайыптары

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Тақырыбы: «Табиғат таңғажайыптары»
Мақсаты:
1. Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау. 2. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қызықты сұрақтар салынған конверттер

Сабақтың жүру барысы:
Биология
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін

Ей, замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су мөлдір уа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де, беретіне қарызға.
10 «а» сынып оқушысы Атантай Руслан «Қоршаған ортаны ластамау» баяндамасы
Химия
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Химияның әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға көз ашып,
Танысыңдар табиғаттың ғажабын.
8 «Б»сынып оқушылары: «Табиғат элементтері»
«Ойланайық, ойнайық» оқушыларға арналған сұрақтар жауап берейік

1. Мүктің тамыр қызметін атқаратын мүшесі (Ризоид)

2. Жіп тәрізді көп жасушалы жасыл балдыр (спирогира)
3. Шымтезек мүгінің латынша атауы (сфагнум)
4. Қарағайлы орманда жиі кездесетін споралы өсімдік (плаун)
5. Көбелектің дернәсілі (жұлдызқұрт)
6. Қолға үйретілген бунақдене (балара)
7. «Жер жаңғағы» деп аталған өсімдік (арахис)
8. Дүние жүзінің негізгі наны деп аталатын өсімдік (бидай)
9. Жемісі ең үлкен өсімдік (асқабақ)
10. Ең ірі жылан ( анаконда 6 - 10м)
11. Дәрі алынатын бактерия (пеницилин)
12. Жарықта түзілетін органикалық зат (крахмал)
13. Ең кішкентай құс ( колибри)
14. Көздерімен әр жаққа қарай алатын жануар (хамелеон)
15. Шөлдегі ең ұзақ ұйықтайтын жәндік (тасбақа)
16. Өсімдікті зерттейтін ғылым (ботаника)
17. Жануарларды зерттейтін ғылым (зоология)
18. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )
19. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )
20. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр)

10 сынып оқушылары «Жарнамалы заттарды жарнамалау»
«Мақал - мәтелдер сайысы»
Басталған мақал - мәтелді ойыншы аяқтайды, әрбір дұрыс жауапты тапқан ойыншыға 10 ұпай беріледі.
Жылқыда өт жоқ,……………….....……(Құста сүт жоқ)
Сулы жер - …………………………......….(Нулы жер).
Тау бұлағымен көрікті,……………….(Бұлақ құрағымен көрікті)
Қораңда малың болсын,…………….(Көшеңде талың болсын)
Дәрі шөптен шығады,……………….(Дана көптен шығады)
Дала көркі мал,……………………………(Өзен көркі - тал)
Ағаш ексең аялап,……………………..(Басында болар саябақ)
Ағаш көркі - жапырақ,………………..(Адам көркі - шүберек)
Құты кеткен жердің,…………………….(Құсы кетер)

«Ізденген жетер мұратқа»
Тақтаға 20, 30, 40 деген жазулар бар 9 шаршы ілінеді. Әрбір санның артына сұрақтар жасырылған. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы шаршыда жазылған тиісті ұпайға ие болады.
20(оң). Қызыл, сары түсті пластид түрі. (хромопласт)
20 (орта) Өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік? (эвглена)
20 (сол) Күн гүлі деп аталатын өсімдік? (күнбағыс)
30(оң). Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттекке қан екі рет (тыныс алған кезде, тыныс шығарған кезде) қанығады. Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды? (қосарлы тыныс алу)
30 (орта). Адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым (антропология)
30 (сол). Түнде ұшатын құс. (Үкі)
40(оң). Құстардың қауырсындарын майлайтын қандай безі болады? (құймышақ безі)
40 (орта). Жаңа Зеландияда кездесетін салмағы 2 - 3 килограммдай түйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі. (Қанатсыз түйеқұс немесе Киви)
40 (сол). Екі ағзаның пайдалы селбесуі (Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жіп шумақтарының ағаштардың тамырымен селбесуі)…(симбиоз)

«Шешендік»өнері
Тақтаға 1, 2, 3, 4, 5, деген жазулары бар 5 шаршы ілінеді. Әрбір санның артынада тақырыптар берілген. Оқушы санды таңдайды, қандай тақырып шыққанына байланысты, өз ойын жеткізеді.
1. Гүл - адам өмірінің сәні.
2. Темекі - денсаулық дұшпаны.
3. Қымыз - шипалы сусын.
4. Пияз - ауруға қарсы мың да бір ем.
5. Өсімдік - өмір тірегі.
Келесі шартымыз сұрақ – жауап. «Кім тапқыр?» денсаулыққа байланысты сұрақтар беріледі
Туберкулез ауруынан сақтанудың жолдары:
Одан сақтанудың жолдары – біреудің аузындағы сағызды шайнамау керек. Әр адамның жеке орамалы, сабыны, тіс щеткасы болу керек. Үнемі тазалықты сақтауымыз керек.

Темекі тартудың адамға зияны?
Адамға тілсіз жау – темекі. Ол адамның денсаулығына зиянды. Егер адам 15 - 20 темекі тартса, оның жүрек, бауыр, өкпе мүшесінің қалыпты қызметі өзгереді. 15 жыл темекі тартқан адам өз өмірін 8 жылға қысқартады екен. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз.

Нашақорлықтың адам өміріне қаупі.
Ол адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашанда аулақ болуымыз керек, ол адамның миының қатерлі дертіне ұшыратады.

«Шынықсаң шымыр боласың» дейді, ендеше әрдайым шынығу керек екен. Олай болса, адамның басты байлығы не екен? /Денсаулық/
Ендеше деніміз сау болу үшін спортпен айналысып, жақсы тамақтанып, тазалықты сақтауымыз керек екен.
Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
14 386
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты кеш
Қызықты кеш
Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауға тәрбиелеу.
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Химия, биология, география» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Жаратылыстану ғажайыптары
Жаратылыстану ғажайыптары
Биология пән мұғалімі, химия - биология - география пән бірлестік жетекшісі: Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы білімдерін дамыту.
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Таза болса табиғат, аман болар адамзат (биология, химия және өзін-өзі тану пән бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Таза болса табиғат, аман болар адамзат (биология, химия және өзін-өзі тану пән бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі химия пәнінің мұғалімі Азат Сейылқан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×