Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі

10 мам 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Cабақтытың тақырыбы: Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімдерімен таныстыру.
2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүние танымын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Лекция.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, әдебиет.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Көрнектілігі: оқулық, тақта, интерактивті тақта, плакат.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма беру.
VІ. Оқушыларды бағалау.

І. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Гүл бөлімдеріне қандай атауларды енгізді? Талдап көрсетіңдер.
2. К. Линнейдің жүйесін неге "жасанды жүйе" деп атайды? Дәлелдеп мысал келтіріңдер.
3. Жүйелерде К. Линнейдің жіберген кемшіліктері қандай?
4. К. Линнейдің ғылымға қосқан жаңалықтарын талдап, қысқаша хабарлама жазыңдар.
5. Популяцияның өзгеруіне әсер ететін жағдайларды атаңдар.
6. Өзгергіштік дегеніміз не, ол нешеге бөлінеді? Айқын емес өзгергіштікке мысал келтіріңдер.
7. Популяцияның бір - бірінен айырмашылығы неге байланысты?
8. Айқын өзгергіштіктің айқын емес өзгергіштіктен қандай айырмашылығы бар?
10. Айқын өзгергіштіктің тұқым қуаламайтынын мысалмен дәлелдеңдер. Микроэволюция қандай ұғым, бұл термин биологияға қай жылы енген?
11. Жазда табиғаттағы бір өсімдіктің бойында кездесетін жапырақ пішіндеріне, мөлшеріне, гүлдерінің түсіне, күлтелерінің санына назар аударыңдар, айқын өзгергіштік болатынына көз жеткізіңдер.

IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
XVII ғасырда микроскоптың ашылуы, оның түрлі биологиялық зерттеулерге қолданыла бастауы, көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, ой - өрісін дамытты. Эмбриология мен палеонтология өз алдына ғылым болып қалыптасты. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салды. Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы: нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде. "Зоология философиясы" (1809 ж.) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді, Ж. Б. Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты. Ұқсастық белгілеріне қарап, омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, 6 сатыға, 14 класқа топтастырды.
I саты — кірпікшелі кебісшелер мен полиптер.
II саты — сәулелілер мен құрттар.
III саты — жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер.
IV саты — шаянтектестер мен ұлулар (былқылдақденелілер).
V саты — балықтар мен бауырымен жорғалаушылар.
VI саты — құстар мен сүтқоректілер.
Жан Батист Ламарк (1744 — 1829) — алғашқы эволюциялық теориянын негізін қалаушы француз жаратылыстанушысы. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстыра зерттеді. Бұл эволюциялык. теориянын дамуына қосқан зор үлесі болып есептеледі. Ғылымға "биология" терминін алғаш енгізген ғалым. "Француз флорасы", "Зоология философиясы" және т. б. ірі еңбектер жазған Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді.
1. Кірпікшелі кебісшелер. 6. Өрмекшітектестер.
2. Полиптер. 7. Шаянтектестер.
3. Сәулелілер. 8. Қылтандылар.
4. Құрттар. 9. Мұртаяқтылар.
5. Буынаяқтылар. 10. Ұлулар(былқылдақденелілер). Шаянтектестер мен өрмекшітектестер қазіргі кезге дейін сақталып,
класс ретінде оқытылуда. Ұлулар (былқылдақденелілер) мен қылтанды кұрттар типке біріктірілді. Осылайша Ламарк жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады. Ламарк: "Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болады. Қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай дамиды және бұл кұбылыс өте баяу жүреді", — деп көрсетті. Ламарктің эволюциялық идеялары көптеген деректермен дәлелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюциянын негізгі факторы — сыртқы орта жағдайы мен уақыт екендігін ұсынды. Сыртқы орта жағдайы, әсіресе жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен климаттың өзгеруіне байланысты болатындығын атап көрсетті. Дегенмен организмдердің өзгеру себептерін, эволюцияның қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады.

Ламарк эволюциянын негізгі факторы — сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелердің өзгеретіндігі, ал жаттықпаған мүшелердің өзгермейтіндігі деп есептеді. Өзгермеген мүшелер қалады немесе кішірейіп, жойылып кетеді деп оған бірнеше мысалдар келтірген.
Мысалы, а) жираф мойнының ұзын болуы: оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп, ағаш жапырағымен коректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты;
ә) жыланның жорғалап қозғалуы: денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған.

Ламарк — көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, ондай мүше жақсы өседі және тұқым қуалайды деп түсіндірді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ж. Б. Ламарктің іліміне берілген баға мен жіберген кемшіліктері
Ж. Б. Ламарктің іліміне берілген баға Ж. Б. Ламарктің кемшіліктері

V. Үйге тапсырма: § 7
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Сау болыңдар. Сабақ аяқталды.
26 432
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы
Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы
Адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімі
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімі
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімінің негізін түсінеді.
Эволюциялық идеялардың даму тарихы. §6 К. Линнейдің эволюциялық ілімі
Эволюциялық идеялардың даму тарихы. §6 К. Линнейдің эволюциялық ілімі
Эволюциялық идеялардың даму тарихы және К. Линнейдің эволюциялық ілімі туралы танысу.
Антропогендік факторлар.Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғатты ластанудан қорғау.
Антропогендік факторлар.Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғатты ластанудан қорғау.
Оқушыларға биология заңдылықтары, оның түрлерін толық ұғындырып, эволюциялық даму түрлері, соның ішінде ғаламда қай заманда алғаш тіршіліктің пайда болуы, заманның дамуы туралы толық мәлімет беру.
Карл Линнейдің эволюциялық ілімі
Карл Линнейдің эволюциялық ілімі
Сабақтың тақырыбы: К. Линнейдің эволюциялық ілімі Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды К. Линнейдің эволюциялық ілім негіздерімен таныстыру.
Эволюцияның даму тарихы
Эволюцияның даму тарихы
Астана қаласы, «Медициналық – техникалық колледж» ЖШС Биология пәнінің оқытушысы: Сатпаева М. М
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×