Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Карл Линнейдің эволюциялық ілімі

13 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: К. Линнейдің эволюциялық ілімі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды К. Линнейдің эволюциялық ілім негіздерімен таныстыру.
2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүние танымын арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Лекция.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих. әдебиет.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау,
Көрнекілік: Оқулық, плакаттар, мультимедиялық подиум.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Оқушыларды бағалау
І. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Эволюция қандай ұғым? Анықтамасын беріңдер.
2. Қайта өркендеу дәуірі қай ғасырда дамыды, оған қандай жағдайлар себеп болды?
3. Жаратылыстану зерттеушісі, философ Аристотельді неліктен жануартану ғылымының негізін қалаушы дейміз?
4. Теофраст өсімдіктерді зерттегенде қандай жақтарына мән берді?
5. Аристотельдің жаратылыстану ғылымына сіңірген еңбектерін мысалмен талдап дәлелдеңдер.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
К. Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашқы жүйеленім ғылымының негізін салды. К. Линнейдін жаратылыстанушы болуына өзі оқып жүрген Лунд қаласындағы Университеттің профессоры Стобеустің үйіндегі мұражайы әсер етті. Линнейді мұражайдағы кептірілген өсімдіктер, құстардың тұлыбы, ұлулардың бақалшақтары, минералдардың жинақтамалары қатты қызықтырған.

Бос уақытында өзі де қаланы аралап, өсімдіктерді теріп әкеліп, әрқайсысын талдап, кептірумен айналысқан. Ерінбей жасаған еңбегі организмдердің ең алғашқы жүйесін құруға кеп септігін тигізді. Өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас дараларды, түрді негізге алды.

Өсімдіктердің 8000 - нан астам, жануарлардың 4200 - ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядқа, отрядтарды класқа біріктірді, К. Линнейдің жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ — класс, ең төменгісі — түр деп аталды. Барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозанқап, аталық жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдіктің түрін латын тілінде қосарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түрі) ұсынды.

К. Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді: 1) сүтқоректілер; 2) құстар; 3) амфибиялар; 4) балықтар; 5) бунақденелілер; 6) құрттар.
Карл Линней (1707 — 1778) - организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген швед ғалымы, жаратылыстанушы. Өсімдіктер мен жануарларды класқа, отрядқа, туысқа, түрге бөлуді де бірінші болып ұсынған. Биологияға 1000 - ға жуық терминдерді енгізген. Жүйелеуде өсімдіктер мен жануарларды латын тілінде түрі мен туысын білдіретін қос атпен атауды ұсынды. «Табиғат жүйесі" атты еңбегі өте құнды болғандықтан 12 рет басылып шыққан

Сүтқоректілерді 17 отрядқа бөлді. Сүтқоректілер класын сүт бездеріне қарап жүйелегендіктен жұмыртқа салушы сүтқоректілер (эхидна, уйректұмсық), ескекаяқтылар, киттәрізділер осы класқа жатқызылды. К. Линнейдің жүйесі "жасанды жүйе" болды, себебі өсімдіктердің туыстық жағы ескерілмеді. Тек ұқсастығы, аталығы мен аналығының санына ғана көңіл аударғандықтан бір - біріне ұқсамайтын өсімдіктер бір топқа жатқызылды. Сәбіз бен зығырдың аталықтарының саны бесеу болғандықтан бір тұқымдасқа біріктірді. Шын мәнінде, екеуі екі түрлі туысқа жатады (сәбіз — шатыргүлділерге, зығыр — зығыр тұқымдасына).
Құстарды тұмсықтарының ұқсастығына, пішініне қарай жүйелегендіктен тауық пен түйеқұс бір отрядқа топтастырылды. Ал негізінде тауықтар — қырлы төссүйектілер, түйеқұстар — қырсыз төссүйектілер тобына жатады.
Жіберген кемшіліктеріне қарамастан К. Линней органикалық дүниенің дамуына жаңалықтар қосып, ен алғашқы жүйені құрды. К. Линней өзіне дейінгі ғалымдардың өсімдіктерді қалай жүйелегендеріне талдау жасады. Олардың өсімдік атауларының бас әрпінің ретіне, гүл күлтесінің пішініне, тұқым санына, пайда - зиянына қарай жүйелегенін байқады. Сондықтан ол ғалымдардың бұрынғы жүйесіне ұқсамайтын ерекше жүйе жасады. Туыс пен түрдің қос атауы бүгінгі күнге дейін ғылымда кеңінен қолданылуда. Өзі жүйелеген сүтқоректілердің 17 отрядының ішінен жыртқыштар мен приматтар отрядтарының толық сипаттамасын жазды. Адамды адам тектес маймылдармен қатар приматтар отрядына орналастыруы көрегендігін білдіреді. Сондықтан К. Линней өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің алғаш негізін салған ғалым болып саналады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. К. Линней жүйесінде ең жоғары жүйелік және ең кіші жүйелік топ деп нені алды?
2. Өсімдіктер мен жануарларды қос атпен атау дегенді қалай түсінесіңдер? Талдап көрсетіңдер.
3. К. Линней жануарлар дүниесін қандай белгілеріне қарап топтастырды, неше класқа бөлді?

V. Үйге тапсырма беру. Үйге §6
К. Линней жүйесінің "жасанды" екендігіне көз жеткізіңдер.
Кластар---Жануарң К. Линней жүйесі бой. жіктелуі ---Жануарң қазіргі жүйе бой. жіктелуі
1. Сүткоректілер
2. Кұстар
3, Амфибиялар
4. Балықтар
5. Жәндіктер
6. Құрттар

VI. Оқушыларды бағалау
Сау болыңдар. Сабақ аяқталды.
47 104
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Оқушыларға тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, бейімделушіліктің түрлері, тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіндіру.
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімі
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімі
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық ілімінің негізін түсінеді.
Эволюциялық идеялардың даму тарихы. §6 К. Линнейдің эволюциялық ілімі
Эволюциялық идеялардың даму тарихы. §6 К. Линнейдің эволюциялық ілімі
Эволюциялық идеялардың даму тарихы және К. Линнейдің эволюциялық ілімі туралы танысу.
Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі
Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицей Биология - химия пән мұғалімі: Ақынов Тұрғанбек Накенович
Эволюцияның даму тарихы
Эволюцияның даму тарихы
Астана қаласы, «Медициналық – техникалық колледж» ЖШС Биология пәнінің оқытушысы: Сатпаева М. М
Адамның шығу тегі
Адамның шығу тегі
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» биология пәні оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×