Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мутациялық өзгергіштік

19 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: §49 Мутациялық өзгергіштік

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік білімдерін ұғындыру туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша, баяндау, сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта, тірек – сызба.
Сабақтың пән аралық байланысы: География, химия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Білім баспалдағы
І топ «Генотип»
1. Өзгергіштік дегеніміз не?
2. Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері қандай?
3. Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?
4. Модификациялық өзгергіштікке тәжірибе жасаған ғалым?

ІІ топ «Фенотип»
1. Өзгергіштік нешеге бөлінеді?
2. Модификациялық өзгергіштіктің ерекшеліктері қандай?
3. Ұзақ модификациялау дегеніміз не?
4. Модификацияның жіктелуі қандай?
2. Сандар сөйлейді.
І топ «Генотип»
ІІ топ «Фенотип»

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Мутация дегеніміз организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп (Энотера ) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқады. Осы зерттеулердің негізінде 1901 жылы өзінің «Мутациялық теориясы» деп аталатын еңбегін жариялады.
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды.

Мутациялар организмнің қандай жасушаларында пайда болатындығына байланысты генеративтік (жыныс жасушаларындағы ) және сомалық (дене жасушаларындағы) болып екіге бөлінеді. Жыныс жасушаларында болатын мутация келесі ұрпаққа тікелей беріледі.

Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар мынадай бөлінеді.
Геномдық мутация хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп немесе еселенбей өзгеруіне байланысты. Егер еселеніп көбейсе, оны полиплоидия, ал еселенбей көбейсе не азайса, анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды. Полиплоидия жануарларда өте сирек кездесетін құбылыс. Бұл көбінесе жыныстық көбеюі партеногенез жолымен жүретін жәндіктерде кездеседі.

Ү. Сабақты бекіту.
1. Кесте толтыру.
Өзгергіштік Мутацияның типтері Мутацияның пайда болу себептері
Мутация

2. Саңырауқұлақ жинау.
І топ «Генотип»
1. Мутация дегеніміз не?
2. Мутагендердің неше түрі бар?
3. физикалық мутагендерді ата?
4. Сомалық дегеніміз не?
5. хромосомалық мутация дегеніміз не?
6. Геномдық мутация түрлерін ата?
7. Дефишенсия дегеніміз не?
8. В. С. Федоров жүргізген тәжірибе қандай?

ІІ топ «Фенотип»
1. Мутагендер дегеніміз не?
2. Биологиялық мутагендерді ата?
3. Генеративтік дегеніміз не?
4. Гендік мутация дегеніміз не?
5. Транслокация дегеніміз не?
6. Геномдық мутация дегеніміз не?
7. Инверсия дегеніміз не?
8. Дупликация дегеніміз не?

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырмасын беру. Осы тақырыпты оқып келу, астындағы сұрақтарға жауап беру.
24 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Генетика және селекция негіздері
Генетика және селекция негіздері
«Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша 9 - сынып оқушыларының білімін тексеріп, бағалауға арналған тест тапсырмалары
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Гендер мен хромосомадағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан өзгерісті айтады. Мутация» терминін алғаш Г. Де Фриз өзінің «Мутациялық теория» атты классикалық еңбегінде пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген.
Өзгеріштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік
Өзгеріштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік
Ақтау қаласы, Маңғыстау политехникалық колледжі Жұмасатова Гүлжамал Ықсанқызы
Мутациялық  өзгергіштік
Мутациялық өзгергіштік
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің биология пәнінің мұғалімі Байназарова Мәншүк
Пластидтер - мембраналы органиод
Пластидтер - мембраналы органиод
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Мембранасыз органоидтер
Мембранасыз органоидтер
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға мембранасыз органоидтер туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×