Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cелекцияның генетикалық негіздері

19 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: §52 Cелекцияның генетикалық негіздері

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға Селекцияның генетикалық негіздері туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға селекцияның генетикалық негіздері және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша, баяндау, сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта, тірек – сызба.
Сабақтың пән аралық байланысы: География, химия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кесте толтыру.
Табиғи сұрыпталудың формалары Мысалдар Түрдің тұрақталуына әсері Эволюциялық маңызы
Тұрақтандырушы
сұрыптау
Қозғаушы сұрыптау
Венн диаграмма

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 8 аймаққа бөлген, олар: Қытай, Үнді, Үнді - Малая, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы. Орыс ғалымы П. М. Жуковский (1888 – 1975) мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 12 аймаққа бөлді. Олар: Қытай, Жапония, Индонезия, Үндіқытай, Австралия, Үндістан, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі маңы, Африка, Еуропа, Сібір, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Америка. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығының пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай, Жапониядан күріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай, т. б. өсімдік түрлері; Индонезия, Үндіқытайдан нан ағашы, манго, лимон, бананның бірнеше түрі, қант пальмасы, эвкалипт, темекі, мақта; Австралиядан қант қамысы, қияр, кенеп, кокос пальмасы, күріш түрлері, қара бұрыш; Орта Үндістаннан қара бидай түрлері, бұршақтың бірнеше түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, банан жеміс ағашы; Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы, алма, жүзім, анар; Алдыңғы Азиядан зәйтүн, лавр, жеміс ағаштары, т. б. мәдени өсімдіктер таралған. Дүние жүз. мәдени өсімдік тобына Африка орталығынан мақтаның бірнеше түрі, қарбыз, кофе; Америка орт - нан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, жержаңғақ, жер алмұрты қосылды.

Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс - жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктерсіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті емес пе?

Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін цолтщым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).

Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400 - ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200 - ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000 - ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.

Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Н. И. Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. К. Мыңбаевтың армандаған іс - жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай - ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.

Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық - түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте - сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шығарумен шұғылданады.
Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым - селекционер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетті.

Ү. Сабақты бекіту.
Анықтама бюросы.
1. Мәдени өсімдіктердің орталығын анықтаған ғалым?
2. Жүгері, асқабақ, бұршақ отаны қай қала?
3. Селекция дегеніміз не?
4. Мәдени өсімдіктердің неше орталығы бар?
5. Ірі қараның арғы тегі не?
6. Арпаның қанша жуық жабайы түрлерінен бір ғана мәдени түрі шығарылған?
7. И. В. Вавилов қанша елдерге саяхат жүргізді?
8. И. В. Вавилов өсімдіктердің қанша жуық түрлерін зерттеді.
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Осы тақырыпты оқып келу. Картаға орталықтардың аттарын жазыңдар.
21 689
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі: Әбіреш Қалия Қабдолқызы
Пластидтер - мембраналы органиод
Пластидтер - мембраналы органиод
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Мутациялық өзгергіштік
Мутациялық өзгергіштік
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Мембранасыз органоидтер
Мембранасыз органоидтер
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға мембранасыз органоидтер туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Жануарлар селекциясы
Жануарлар селекциясы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәнінің мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×