Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гендердің өзара әрекеттесуі

24 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың мақсаты: Әр түрлі белгілердің айқын көрінуіне әсер ететін гендердің өзара байланысуы мен әрекеттесуі туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары және гендердің өзара әрекеттесуінің нәтижелерін түсіндіру, есептер шығаруды үйрету.
Тәрбиелік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, отансүйгіштікке адамгершілік қарым - қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу. Кәсіби бағдар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта – қиялы мен қабылдау сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.
Сабақ типі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: СТО элементтері, ойын технологиясының элементтері.
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, география, медицина.
Көрнекілігі: слайдтар, жетондар, бағалау парағы
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру - 1
2. Үй тапсырмасын тексеру - 12
3. Жаңа сабақ - 7
4. Сергіту сәті - 2
5. Бекіту - 17
6. Қорытындылау - 5.
7. Үйге тапсырма - 1

Сабақ барысы:[/i]
1. Ұйымдастыру сәті. Психологиялық дайындық.
Оқушылар хормен:
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім - тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық! [/i]
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Топпен жұмыс: Семантикалық карта, “Символдарды тани біл”,”Биологиялық шынжыр”;
Нашар үлгеретін оқушыларға жеке жұмыс: кеспе қағазбен жұмыс;
Кеспе қағаздағы тапсырмалар:
№1. Қызыл түсті раушан гүлін, ақ түсті раушан гүлімен шағылыстырған. Қызыл түсті раушан гүл ақ түстіге қарағанда доминантты. Осы гүлдердің F1 F2 ұрпағын тап.
№2. Ешкі жүнінің қара түсінің гені қоңыр түсіне қарағанда доминантты. Қара аналық бірнеше рет қоңыр түсті аталықпен будандастырылады Осыдан 12 қара жүнді лақ, 10 қоңыр жүнді лақ алынады. Ата - анасының генотиптерін анықтаңдар
“Символдарды тани біл” - генетикалық символдардың мәнін анықтау.

“Биологиялық шынжыр” – жылдар бойынша биологиялық жаңалықтарды талдау
188319021903190519101915825141510041541583858517234650000

Шарты: “шынжырды ағытқанда” тақырып бойынша маңызды сандық мәліметтер алынады. “Ағыту” шынжырдың басынан басталады.

Айталық, 1883 ж - бельгиялық эмбриолог Э. Бенеден редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.

”Биологиялық шынжыр” ойынының жауабы

1883 ж - бельгиялық Э. Бенеден редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.

1902 - 1903жж. - В. Сэттон редукциялық бөліну, ұрықтану кезіндегі хромосомалардың орналасуы және белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады.

1905ж - Э. Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады.

1910 - 1915жж. Т. Морган тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын жасады.

8 - дрозофиланың хромосомаларының диплоидты жиынтығы

+250С, 14 - 15 күн сайын дрозофиланың бір жұбы 100 - ге жуық ұрпақ береді.

41, 5%- жетілген қанат сұр шыбындар;

41, 5%- шала қанат қара шыбындар;

83%- ата - енелеріне ұқсас даралар үлесі;

8, 5%- шала қанат сұр шыбындар;

8, 5%- жетілген қанат қара шыбындар;

17%- ата - енелеріне мүлдем ұқсамайтын шыбындар үлесі;

23 - адам хромосомаларының гаплоидты жиынтығы;

46 - адам хромосомаларының диплоидты жиынтығы;

50000 - адамның 46 хромосомасындағы гендердің саны

3. Жаңа сабақ.
Электрондық слайдтардың көмегімен түсіндіріледі.
Гендердің өзара әрекеттесуінің 4 түрі ажыратылады:
1. Комплементарлық әдіс - бір немесе бірнеше аллельді емес гендердің әсерінен жаңа белгілердің жарыққа келуі. [/i]
3. Полимерия - Эпистазға қарама қарсы, яғни бір белгі бірнеше белгінің жарыққа шығуына әсер етеді.
ПОЛИМЕРИЯ

Еркек Әйел[/i]
A 1 A 1 A 2 A 2 хa 1 a 1 a 2 a 2
A 1 a 1 A 2 a 2
Мулат
4. Көп аллелділік - аллельді емес гендердің бірнеше белгіні сақтай алуы, оларды индекс түрінде белгілейді. Мысалы қан топтарын анықтайтын гендер.
4. Сергіту сәті.
5. Бекіту.
1. Гендердің өзара әрекеттесуі дегенді қалай түсінесің?
2. Комплементарлық әдіс деген не?
3. Эпистазға сипаттама бер?
4. Полимерия деген не?
5. Көп аллельділікке мысал келтір.
Есептер шығару
Қан топтарының тұқым қуалауы
(А. Сартаев «Жалпы биология есептері мен тапсырмалары» 10 - сынып ЖМБ 44 - бет)
1. Қан тобы I қыз, кан тобы III жігітке тұрмысқа шығады. Олардың балаларының қан тобы қандай болады?
2. Әкесінің қан тобы IV, шешесі II қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.
3. II қан тобы бойынша әйел де, еркек те гетерозигота болса, олардың балаларының қан тобы IV, III, II және I болуының ықтималдығы қандай?
4. Әкесінің қаны II топқа, шешесінікі III топқа жатады. Балаларының қан топтары қандай болуы мүмкін?
5. Сот процесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны I топ. Ал баласының қаны II топқа жатады. Баланың әкесі ретінде қаны III топқа жататын еркек болуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтаңдар.

Есептің жауабы:
1. Ітоп және ІІІ топ болады.
2. ІІ, ІІІ, ІV топтың қаны болады.
3. ІІ, ІV, ІІІ топ болады, І топ болуы мүмкін емес.
4. ІІ, ІІІ топ болады.
5. ІІІ топтың қанымен Баланың қаны сәйкес келмейді, яғни әкесі емес. Баланың әкесінде ІІ, ІV топтың қаны болады.

6. Қорытынды. Төмендегі суретке қарап өз ойларыңды айтыңдар
27 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Генетика негіздері тарауы бойынша
Генетика негіздері тарауы бойынша
Оқушыларға тереңірек білім беріп, ойлау қабілетін дамыту мақсатында генетика негіздері тарауы бойынша құрастырылған тест сұрақтары ұсынылып отыр.
Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады.
Жыныс генетикасы
Жыныс генетикасы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42"Ақ ниет"гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна
Өзгеріштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік
Өзгеріштік заңдылықтары. Модификациялық өзгергіштік
Ақтау қаласы, Маңғыстау политехникалық колледжі Жұмасатова Гүлжамал Ықсанқызы
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы
Тұқым қуалаудың хромасомалық теориясы. Тіркес тұқым қуалау және кроссинговер
Тұқым қуалаудың хромасомалық теориясы. Тіркес тұқым қуалау және кроссинговер
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Шырайымбекова Фатима Ермекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×