Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім кілті танымдылықта

08 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
“Тіршілік - нәруызды денелердің өмір сүруі” (биология апталық)
“Білім кілті танымдылықта” деп аталатын білім сайысы 8а, б, в сыныптар арасында
Мақсаты: Білімді жүйелеп, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, танымдық қызығуын дамыту мақсатында оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауы, белсенділіктері артуы, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдылануы.

Сайыстың барысы:
1. Ойлы болсаң, озып көр.
2. Танымдық тапсырма.
3. Ғалымдарды танимыз ба?
4. Мықты болсаң, тауып көр.
5. Қорытынды.

І. Ойлы болсаң, озып көр. (Шапшаңдыққа сұрақ)
8“а” “Фагоцитоз” тобына.
1. Көне Грецияда медицина саласын жан жақты зерттеген ғалым. (Гиппократ)
2. Барлық органоидтерді біріктіретін жасуша заты. (Цитоплазма)
3. Онда ДНҚ түріндегі тұқым қуалаушылық ақпарат орналасқан. (Ядро)
4. Биологиялық белсенді заттарды өндіріп шығаратын арнайы мүшелер. (Ішкі секреция бездері)
5. Бұл жұлынның жалғасы. (Сопақша ми)
6. Онымен ойлау байланысты. (Үлкен ми сыңарларының маңдай бөлімі)
7. Лейкоциттер фагоцитоз құбылысында микробтарды өлтіріп неге айналады. (Іріңге)
8. Жүйке ұштары. (Рецептор)
9. Микробтардың өсуін тежеп, оларды жоятын заттар. (Антибиотик)
10. Организмдегі маңызды тіршілік қасиетін реттейтін биологиялық белсенді заттар. (Гормондар)

8 “б” “Гемоглобин” тобына
1. Ұйқыбезден бөлінетін қандағы кант мөлшерін реттейтін гормон. (Инсулин)
2. Адам ағзасында қан сүзгісі қызметін атқаратын мүше. (Бүйрек)
3. Адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым. (Антропология)
4. Латын тілінде “адамгершілік” деген ұғымды білдіретін сөз. (Гуманизм)
5. Көңіл күй гормоны. (Адреналин)
6. Аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінетін без. (Гипофиз)
7. Сүйек қандай ұлпа? (Дәнекер)
8. Сұйық дәнекер ұлпа.(Қан)
9. Ата - бабаларынан ұрпақтарына берілетін тұқым қуалау белгілері жазылады. (Ген)
10. Жасушаның энергетикалық станциясы. (Митохондрия)

8 “в” “Лейкоцит” тобына
1. Адамның дене жасушасындағы хромосома саны. (46)
2. Жоғары жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның тітіркендіруге жауап қайтаруы. (Рефлекс)
4. Орталық жүйке жүйесінің маңызды бөлігі, бес бөлімнен тұрады. (Ми)
5. Адамда сирек кездесетін қан ұйымайтын ауру. (Гемофилия)
6. Қанның қызыл түсті пигменті. (Гемоглобин)
7. Амеба тәрізді қан жасушасы. (Лейкоцит)
8. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі. (Аксон)
9. Жүйке қозу толқындарының Рефлексті жүзеге асыру үшін жүріп өтетін жолы. (Рефлекторлық доға)
10. Тұқым қуалау белгісін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. (Хромосома)

ІІ. Танымдық тапсырма.
“Фагоцитоз” тобына:
Сұрақ: Скрипкашының мишығында ісік пайда болды. Ол бұрынғыша ойнай ала ма?
Жауап: Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ - қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе - теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қол - аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе - теңдігі, сөзі бұзылады.

“Гемоглобин” тобына:
Сұрақ: Егер ғарышта адам құлағының дәл түбінен зеңбірек атса, ол оның даусын естімейді. Неліктен?
Жауап: Себебі ғарышта ауа қабаты атмосфера жоқ. Ал дыбыс тербелістері ауа арқылы келеді.

“Лейкоцит ” тобына
Сұрақ: 1492 жылы Рим Папасы Иннокетий VII - ні жасарту мақсатында оған он жасар үш ұл баланың қанын ішкізгенін білесің бе? Бұл оған қан құюдың орнын алмастыра алар ма еді?
Жауап: Жоқ, себебі ішкен қан ас қорыту жолына түсіп қорытылып кетеді. Қан құю бұл тікелей тамырға жіберіледі.

ІІІ. Ғалымдарды танимыз ба?
(Сұрақтар үш топқа ортақ қойылады. Слайдта ғалымдардың суреттері көрсетіледі)
1. Бұл ғалым анатомия, физиология, гигиенаға бірдей көңіл бөлген. Әр мүшенің тазалығын сақтау үшін айтқан өсиеттері бір төбе.“Адамның тән тірлігі” еңбегін жазған. (Халел Досмұхамедов)
2. Көне Грецияда медицина саласын жан - жақты зерттеген ғалым. Анатомия ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.(Гиппократ)
3. Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Оны сол кезде“ емдеу шеберлігі ғалымы”деп атаған.(Әбу Насыр әл - Фараби)

IV. Мықта болсаң тауып көр.
“Фагоцитоз” тобына
Мына кітаптарда мүшелердің қандай жүйелері туралы жазылған
1) Гематология
2) Нейрология
3) Гастроэнтерология
4) Урология
5) Кардиология негіздері
6) Эндокринология
7) Офтальмология

“Гемоглобин” тобына
Сұрақ: Мешел ауруы қандай витаминнің жетіспеушілігінен өршиді? Осындай науқасты бұл витаминді ішке қабылдамастан емдеп жазуға бола ма?
Жауап: Мешел ауруы жас сәбиде Д витамині жетіспегеннен болады, адам терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Адам ағзасы Д витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды.

“Лейкоцит” тобына
Сұрақ: Неліктен скрипкашылардың сол құлағы естімейді?
Жауап: Скрипкашы скрипканы сол жақ иығы мен сол жақ құлағының арасына қыстырып тартады. Скрипканың үнемі сол жақ құлақ түбінен келген қатты дыбысы дабыл жарғағына зиянын тигізеді. Нәтижесі скрипкашының сол жақ құлағының естімеуіне алып келеді.

V. Қорытынды: Пән мұғалімі әділқазылар алқасымен бірігіп, сайысты қорытындылады. Биологиялық апталық кезінде өткізілген білім сайысы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын күшейтеді, ойлау және есте сақтау қабілеттері артады, ұжымдасып жұмыс жасай отырып, танымдық қызығушылығы дамиды. Білім сайысы өз мақсатына жетті.
І орын - Фагоцитоз
ІІ орын - Лейкоцит
ІІІ орын - Гемоглобин
Әр топ білімдеріне сәйкес марапатталды.
10 520
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Білімді биологтар
Білімді биологтар
Білімді жүйелеп қорытындылай отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру, танымдық қызығуын дамыту, оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдыландыру.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 10 - сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Сөзмерген (Тіл  сайысы)
Сөзмерген (Тіл сайысы)
Атырау облысы, Индер ауданы, Боран Нысанбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нигметова Самал
Білгенге маржан
Білгенге маржан
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×