Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи ортаның сапасы және ластануы

27 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: Биология
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғи ортаның сапасы және ластануы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайымен сапасы туралы білім беру. Олардың адамның табиғат ресурстарын игерудегі жіберген қателіктері, ластағыш заттардың пайда болу процестері, табиғи және жасанды ластану көздері мен олардың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік: Табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайы мен сапасы туралы білім беруде, ауа, су, топырақтың ластануы, табиғи және ластану көздері. Ластағыш заттарды жіктеу.
Дамытушылық: Қоршаған ортаның химиялық ластануы. Химиялық улы заттар, зиянды газдар, улы заттардың химиялық құрамы туралы алғашқы түсініктер. Табиғи ортаның радиоактивті заттармен ластануы. Радиациялық туралы алғашқы түсінік.
Тәрбиелік: Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Туған табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты:
Қоршаған ортаның сапасын және ластануының салдарын меңгеріп, оларды қорғау шараларын үйренеді.

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Оқушылар өз пікірлерін сезімнен шыққан өлеңдер, еркін жазу стратегиялары
арқылы жеткізеді.

3. Топтық жұмыс:
Зерттейді, анықтайды, талдайды, түсіндіреді, қорытындылайды.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, түрлі түсті суреттер, схемалар.

Түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдіс: Сұрақ - жауап, баяндау, жеке, топтық жұмыс, жаңа технологиялық әдістер,
тест жұмысы.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі - 1 мин.
2. Оқушылардың қызығушылығын ояту сатысы. Оқушылардың экологиялық білімдерін жинақтау мен жаңа сабаққа дайындау - 6 мин.
3. Мағынаны тану. Жаңа материалды ұғыну - 15 мин.
4. Мұғалімнің бақылауымен оқушылардың өздігімен тапсырмаларды орындауы және
шығармашылық ізденісін дамыту - 15мин.
5. Орындалған тапсырмалардың нәтижелерін жүйелеу және жалпылау - 3мин.
6. Сабақтың қорытындысы және үй тапсырмасының қойылуы - 5 мин.

Сабақтың жүру барысы.
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Сабаққа қойылатын талаптар:
1. Шығармашылық жұмысқа ұшқырлықтары.
2. Сұраққа дәл және нақты жауап беру.
3. Сөйлеу шеберлігін арттыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі

Экран: «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінаратсыз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады»
(Н. Назарбаев. Қазақстан - 2030)

2. Оқушылардың қызығушылығын ояту
(оқу іс - әрекетінің мотивизациясы)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барың сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні қарызға
- деп бабамыз жырлағандай бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырған экология мәселесі. Сонымен оқушылар
1. Экология дегеніміз не? Экология ұғымын енгізген кім?
2. Экологиялық минимум заңы деген не?
3. Төзімділік заңы деген не?
4. Популяция деген не?
5. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз ұғымдарын түсіндір.
(Өткен материал бойынша оқушылардың білімін тексеру. Ой қозғау)
Мұғалім: Жер ғаламшары – кеме, ал адамзат – оның шолушысы. Кеме апатқа ұшыраса, адамзатта апатқа ұшырайды. Сондықтан адамзатты аман сақтау үшін бірінші Жер ғаламшарын, сондағы табиғатты сақтауымыз керек. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адам табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес.

- Оқушылар қазір мен мына 3 түрлі түсті ұсынғалы отырмын. Осы үш түрлі
түсті қоршаған ортаға байланыстырып отырып сөйлетіңдер.
(қызыл, сары, жасыл түстер)

- Оқушылар үш түске талдау жасай отырып, түйінін тақтаға жазады.

3. Мағынаны тану. Жаңа материалды баяндау.
Мұғалім: Міне біз бүгін не жөнінде әңгімелесетінімізді анықтадық. Сөйтіп, бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы:

Табиғи ортаның сапасы және ластануы

Сабақтың жоспары:
1. Табиғи ортасының сапасы.
2. Радиациялық ластану
3. Химиялық ластану
4. Биологиялық ластану
5. Ауру түрлері, Атырау экологиясы

(жаңа материал экран арқылы кестелер, түрлі түсті суреттермен баяндалады)

4. Мұғалімнің бақылауымен оқушылардың өздігімен тапсырмаларды орындауы және шығармашылық ізденісін дамыту

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі айтылған нәрселерді түйіндеу үшін төмендегідей тест
тапсырмаларына жауап берулерің керек:
(экраннан тапсырмалар көрінеді)

1. Экология қандай ғылым?
А) Өлі және тірі табиғаттың арасындағы байланысты зерттейтін ғылым.
Ә) Қоршаған орта жағдайы туралы ғылым
Б) Тірі ағзалардың өзара байланысын зерттейтін ғылым
В) Биосферадағы өзгерісті зерттейтін ғылым

2.«Экология» терминін ұсынған ғалым.
А) Тэнсли
Ә) Мюллер
Б) Геккель
В) Северцов

3. Қоршаған орта сапасы немен бағаланады?
А) Адамның іс - әрекетімен
Ә) Адамның табиғатты сүйетіндігімен
Б) Адам денсаулығымен
В) Табиғат тазалығымен

4. Ортаны ластаушы заттар
А) Радиоактивтік, биологиялық, электромагниттік сәулелер
Ә) Химиялық, биологиялық
Б) Биологиялық, химиялық, радиоактивтік
В) Биологиялық

5. Қазіргі кезде ауаны ғана ластайтын улы заттардың неше түрі белгілі?
А) 150 түрі
Ә) 150 - ден астам түрі
Б) 200 түрі
В) 140 - тан астам түрі

6. Радиоациялық ластануға себеп болатын заттар
А) Химиялық элементтерден бөлінетін зиянды сәулелер
Ә) Химиялық заттар
Б) Шаң - тозаңдар
В) Бактериялар

7. Радиоактивтік заттардың әсерінен болатын аурулар
А) Сәулелік ауру, аққан ауруы
Ә) Сәулелік ауру, аққан ауруы, қатерлі ісік ауруы
Б) Тұмау, өкпе ауруы
В) Қатерлі ісік ауруы

8. Химиялық ластағыштарға жататын заттар
А) Аэрозольдер, химиялық заттар, ауыр металдар, пестицидтер
Ә) Радиоактивті нуклидтер
Б) Радиоактивті қалдықтар
В) Бактериялар, микробтар, құрттар

9. Биологиялық ластағыштар
А) Бактериялар, микробтар, паразиттер, құрттар
Ә) Электромагниттік сәулелер
Б) Пестицидтер
В) Шірінді қалдықтар

10. Су, ауа, топырақ сапасын төмендетеді
А) Қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйіндегі заттар
Ә) Флораның азаюы
Б) Табиғат факторлары
В) Фаунаның азаюы

11. Организмдердің күн мен түннің ұзақтығына жауап қайтарып анықтай білу қабілеті
А) Фотопериодизм
Ә) Биологиялық сағат
Б) Биологиялық ырғақ
В) Маусымдық өзгерістерге бейімделу
12. Биосфераны өзгертетін қуатты фактор
А) Адам
Ә) Ғылыми - техникалық прогресс
Б) Жануарлар
В) Микроорганизмдер

Мұғалім: Келесі тапсырмамыз деңгейлік тапсырмалар түрінде өтпекші
(экраннан тапсырмалар көрінеді)

Бағалау критерийі:

І Деңгей
1. Өндірістік қалдықтармен тұрмыстық қалдықтардың бір - бірінен айырмашылығы бар ма?
2. 1 гектар орман алқабы 1 жылда 18 млн м3 ауаны көмірқышқыл газы мен шаңнан тазартады, ал 40 гектар орман алқабы 5 жылда қанша ауаны тазартады?
Жауап: Жауабы: 3600 млн м3 ( 18∙5)∙40=90∙40=3600млн.
3. Қоршаған ортаның жағдайларымен таныса отырып, абиотикалық факторларды бір, ал биотикалық факторлардың астын екі сызықпен сыз.

А. Қыстағы қардың қалыңдығы
Ә. Көктемгі жарықтың ұзақтығы
Б. Ылғалы аз жаздың күндері
В. Қасқырдың сирек кездесуі
Г. Қалың орман
Д. Паразитті бунақ денелер
Е. Жыртқыш құс
Ж. Түлкінің көп болуы
З. Орманда спорттық кешен болуы
К. Химиялық өндіріс әсерінен ауаның ластануы

ІІ Деңгей
1. Қоршаған ортаның сапасы қандай болуы керек? Табиғи орта не себептен
ластанады?
2. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштардың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға (га) егілмек?
3. 1 м3 қала ауасының құрамында 5000 микроб болса, бұдан 9 есе аз 1м3 орман ауасында қанша микроб болады?

ІІІ Деңгей
1. Біздің республикамызда өндірістік өңдеу жолдары бар ма?
2. Ауаның радиоактивті ластану дегеніміз не? Радиоактивті ластану неден болады?
3. Атырау экологиясы

«Ой толғау стратегиясы» ой толғаныс.
Мұғалім: Оқушылар «Жер - Ананың жан айқайын естіп отырып, оған көмекке қол созбау – перзенттік парызымызға сын, қане, көмекке кім ұмытылады?»- деп оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі:

І тапсырма « Каспий несімен қымбат» сезімнен шыққан өлең.
ІІ тапсырма « Сурет бойынша сөйлеу»
ІІІ тапсырма « Құдіретті Жер – Ана» адам саған табынған.

Мұғалім: Ал енді ой сергіту сәтін «Экологиялық марафон» түрінде өткізейік

1. Абай Құнанбаевты эколог деп айтуға бола ма? Егер болса дәлелдеңдер
2. Қазақ халқы қандай аңдар мен құстарды киелі деп санаған?
3. Қазақстандағы ең алғашқы экологиялық қозғалыс қалай аталды? Оның ұйымдастырушысы кім?

Мұғалім: Оқушылар келесі тапсырмамыз шығармашылық ізденіс түрінде өтпекші, алдын ала берілген тапсырмалар бойынша « Еркін жазу» стратегиясы бойынша жүрмекші. (Оқушының шығармашылық жұмысы, эссе жазу )

1 тапсырма Каспий жағалауын қорғау.
2 тапсырма Аралым - арым.
3 тапсырма Адамзаттың ғаламдық проблемасы.

5. Орындалған тапсырмалардың нәтижелерін жүйелеу және жалпылау.
Мұғалім: Оқушылар, бүгін осы әр түрлі берілген тапсырмаларды орындау
арқылы сіздердің табиғи ортаның сапасы және ластануы туралы
білімдеріңізді тереңдеттіңіздер.

6. Сабақтың қорытындысы және үй тапсырмасының қойылуы.
Мұғалім: Оқушылар, тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар дегендей бүгінгі сабағымызды осы суретті кестемен қорытындылайық
(топтастыру жұмысымен қорытындыланады)

Ал енді үй тапсырмасын жазып алыңыздар,§ 59. Табиғи ортаның ластануы және сапасы тақырыбымен танысу. Сонымен қатар қоршаған ортаның химиялық, биологиялық, радиациялық ластануының себебі және олардың қорғау шаралары туралы реферат жазып, конференция өткізуге дайындалу.
Үй тапсырмасын орындауға байланысты сұрақтар болса, анықтап алуларыңызды сұраймын.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ағамыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолымен аяқтағым келіп тұр:
Әй табиғат, шеберсің - ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің берерсің.
Ұлан-ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің.
Айың – анау, күнің - анау, жер - мынау
Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Асырайды ол сені, мені, елді де!
Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Сабаққа белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет.
19 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюі жан – жақты ластануға әкеп соқтырды. ҚР - да қоршаған ортаның ластануы болмаған бірде – бір аймақ қалған жоқ.
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы білімдерін дамыту.
Адамның әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы
Адамның әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы
Қызылорда қаласы, №197 орта мектептің 7 класс оқушысы Орынбаева Раушан Ғылыми жетекшісі география пәнінің мұғалімі Абдиев Ербол Сейсенбекұлы
Химия және Экология
Химия және Экология
Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріске енгізу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×