Өсімдіктердің тіршілігімен танысу және оларды жіктеу

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілігімен танысу және оларды
жіктеу
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің тыныс тіршілігімен танысып олардың жіктелуін, жүйеленуін оқып үйрену
Білімділігі: Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, өзі іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру.
Дамытушылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке
тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге және қорғауға, туған елін жерін сүюге, адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа, жан - жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ашық тұқымды өсімдіктер және жабық тұқымды өсімдіктер жинақтамасы, кестелер, суреттер ылғал препараттар балдыр, саңырауқұлақтар жинақтамасы.
Сабақтың түрі Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Маңғыстау өсімдіктер дүниесі, Биология 6 - сынып
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, СТО стратегияларының түрлері, деңгейлік тапсырмалар, кестелер, суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Керекті құралдарын реттеу.
б) Үй тапсырма сұрау.
Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың ерекше сабақ болатындығын айтамын. Сонымен сабағымызды екі топқа бөліп өтетіндігімді ескертемін. І - топ. Інжугүл тобы. ІІ - топ Раушангүл тобы деп және үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы бөліп сұраймын. Тапсырманы оқушының деңгейіне қарап қоямын. Сабақтың соңында әр топ өзінің яғни Раушангүл және Інжугүлдің суретін салып сабақ соңында көрсету керек екендігін айтамын.

Үй тапсырмасы: Пысықтау сабағы.
1) Інжугүл тобына қойылатын деңгейлік тапсырмалар
І - деңгей
1) Мақта өсімдігінде ауру туғызатын вирус
2) Бактерия жасушасына енетін вирус
3) Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым
4) Бактерия спораларының атқаратын қызметі
ІІ - деңгей
1) Өлі ағза денесінде тіршілік ететін бактериялар қалай аталады?
2) Тұмау ауруын тудыратындар
3) Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым
4) Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор затының атауы
ІІІ - деңгей
1) Талшығы бар спораның атауы
2) Споралар түзілетін орын
3) Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ
4) Көгілдір зең саңырауқұлағының атауы
5) Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ

2) Раушангүл тобына қойылатын деңгейлік тапсырмалар
І - деңгей
1 ) Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ
2) Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі неден тұрады?
3) Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі
4) Қалпақшасы қызыл түсті улы саңырауқұлақ
ІІ - деңгей
1) Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі
2) Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба?
3) Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ
4) Жүгері сабағында болатын паразит саңырауқұлақ
ІІІ - деңгей
1) Тасқа жабысып өсетін қына қалай аталады?
2) Қандай балдыр қына денесін құрайды?
3) Бұғы қынасы ғылымда қалай аталады?
4) Қына жақсы өсу үшін қандай жағдай қажет?
5) Қалалардың лас ауасында қына өсе ме? Неге?
Байланысы: Оқушылар, бүгін үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келген екенсіңдер. Біздер 1-бөлімде Ағзалық тірлік әлемін неше дүниеге бөліп қарастырған едік (оқушылар жауабы) иә 5 - дүниеге бөліп қарастырдық. Олар қайсылар?(оқушылар жауабы) Иә, Вирустар дүниесі, Бытыранықтар дүниесі, Саңырауқұлақтар дүниесі, Өсімдіктер дүниесі, Жануарлар дүниесі деп 5 - дүниеге бөлінеді. Біздер соның қай дүниелерін өткен едік. (оқушылар жауабы) Иә 1 - бөлімде Вирустар, Бытыранықтар Саңырауқұлақтар дүниесін өттік. Ал енді болса, біздің жаңа тақырыбымыз да 2 - бөлім Өсімдіктер дүниесін қарастырамыз.(тақтаға 4 - дүниенің суреттері шығады) Олай болса тақтаға қарайықшы, біздер өсімдіктер жайлы не білеміз, не білгіміз келеді (тақтаға кесте шығады)

Демек біздің Жаңа тақырыбымыз: Өсімдіктер тіршілігімен танысу және оларды жіктеу.
Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктер деп үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырлар ғана жатады. Бұрын төменгі сатыдағы өсімдіктерге топтастырылған қыналар тіршілік ерекшеліктеріне байланысты саңырауқұлақтар дүниесінің қыналар бөлімі болып жеке қарастырылуда. Ал, балдырлар қарапайым құрылысты біржасушалы және күрделі құрылысты көпжасушалы болып келеді. Алайда олардың сабағы да, жапырағы да, болмайды. Мүктер, қырықбуындар, плауындаржылысқылар), қырықжапырақ тектестер сопра арқылы, жынысты, жыныссыз жолмен көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар. Жыныстық мүшелері - көпжасушалы. Ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. Енді біз төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің дүние тармағын қарастырамыз. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер: Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер зат алмасу, қоректену, тыныс алу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады. Өсімдіктер жасушалардан тұрады. Өсімдіктердің көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тамыры бар. Өсімдіктердің тіршілігінің соңына дейін үздіксіз өсе береді. Өсімдіктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Өсімді көбею дегеніміз - денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы. Жыныссыз көбею - споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралардың талшығы болмайды. Спора түзілетін қалта төменгі сатыдағы дамыған өсімдіктерде (балдырларда)- бір жасушадан, жоғары сатыдағы сабақты – жапырақты өсімдіктерде көп жасушадан түзіледі. Зооспора(грекше зоон - жануар, спорос - сеппе, екпе) қозғалғыш споралар деген мағынаны білдіреді. Олардың ерекше қозғалысқа келтіретін талшықтары болады. Зооспоралар арқылы көбею - суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән қасиет. Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбею кезінде ағзаның қалыптасқан белгілі пішіні бар бөлігінен аналық өсімдік пайда болады. Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар (жыныстық жасушалар) қосылып зигота пайда болады. Гаметалардың қосылуынан ұрықтану үдерісі жүріп, гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады. Пайда болған жас ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігі арта түседі. Осы арқылы жыныстық көбею түрлерінен ерекшеленеді. Өсімдіктерді жіктеу. Адам ерте кезден – ақ өсімдіктердің жемістерін, тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан өсімдік түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды. Қазір жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5600 - дей өсімдік түрі бар. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген. Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, бірін - бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, қатарларды - класқа, кластарды бөлімге біріктіреді. Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бір. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әр түрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен бірігіп өсудің нәтижесінде бірте - бірте пайда болды. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Түр туралы ұғым олардың біріне - бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан. Түрді анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескеріледі.
Олар: 1. Барлық белгілерінің ұқсас болуы;
2. Экологиялық жағдайының ұқсас болуы;
3. Таралу аймағының ортақ болуы.
Өсімдік түрлерін ажырату үшін оларды жүйелейді. Жүйелеудің ең жоғары сатысы — дүние. Жүйелеудің қысқаша мынадай сызба нұсқамен түсінуге болады:
дүние --- бөлім --- класс --- қатар --- тұқымдас --- туыс --- түр.

Сабақты қорытындылау
Семантикалық карта толтыру
---------------- Ашық тұқым ------- Жабық тұқым ------ Дара жарнақ ------ Қос жарнақ
Арша
Алма
Інжугүл
Асқабақ
Қияр
Помидор
Шырша
Картоп
Раушангүл

Венн диаграммасы
Біз не білеміз
Не білгіміз келеді
Не білдік

Сабақты бекіту:
І - деңгей
1) Өсімдіктерге тән ортақ белгілер?
2) Жынысты көбею дегеніміз не?
3) Түр дегеніміз не?
ІІ - деңгей
1) Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?
2) Жыныссыз көбею дегеніміз не?
3) Өсімдіктер қалай жүйеленеді?
ІІІ - деңгей
1) Жынысты көбеюдің басқа көбею түрлерінен айырмашылығы неде?
2) Жіктеу мен жүйелеудің айырмашылығы неде?
3) Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қандай мүшелері бар?

Бағалау: Оқушылардың алған білімін бағалаймын.
5 - бағасын Күз мезгілі болғандықтан сары жапырақшалармен бағалаймын
4 - бағасын Көк жапырақшалармен бағалаймын
3 - бағасын Жеміс – жидек түстес қызыл гүлдермен бағалаймын

Үйге тапсырма: Өсімдіктердің тіршілігімен танысу оларды жіктеу
Өсімдіктерді жіктеу суретін салу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Көңілді 8-наурыз

    Мақсаты: аналарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; Аналар үшін мерекелік көңіл күй тудыру, қуаныш сыйлау;
  • Табиғатым - тағдырым

    Жеңіс негізгі мектебінің бастауыш сынып және өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Базарбаева Айгүл Оразалықызы
  • Туған жер төсінде

    Жеңіс негізгі мектебінің бастауыш сынып және өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Базарбаева Айгүл Оразалықызы
  • Көктем құстары

    Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна
  • Орман жан - жануарларының қысқы тіршілігі

    Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна
  • Алтын балық сыйлықтары

    Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна
  • Жерұйығым - Жер-Ана - Саябағым

    Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата - бабаларымыздан қалған қастерлі де қасиетті мұралардың бірі – табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау, Оны көркейту мәселелері жөнінде ой тастау
  • Қысқы ойын

    Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиеші: Қарымсақова Рабиға
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Жазғы демалысыңызды қайда өткізесіз?
Шетелде
Қазақстанда
Үйде
Құрылыс жасаймын
Демалмаймын
Сайтта кім бар
Барлығы: 150
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 148
Роботтар: 2
Гулзат_Акыл darhan07
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика