Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бунақденелілердің дамуы

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы. (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты: Бунақденелілердің көбею және даму ерекшеліктерін оқып үйрену.
Білімділігі: Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс – әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру.
Дамытушылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге және қорғауға, туған елін, жерін сүюге, адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа, жан - жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Үлестірмелер, плакат, жәндіктер жинақтамасы, кубик.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ..
Пән аралық байланысы. Маңғыстау жануарлар дүниесі. Биология 7 - сынып оқулығы.
Валеология. География, Биология, Экология орта мектепте журналы. Геометрия.
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ жауап, биологиялық диктант, кесте, кубизм стратегиясы, СТО стратегияларының түрлері
тест сұрақтары.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезең.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Керекті құралдарын реттеу
б) Үй тапсырма сұрау.
Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың ерекше сабақ болатындығын айтамын. Сонымен бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткізбекшімін. Оқушыларды екі топқа бөлемін. «Инелік»және «Көбелек» тобы деп.
Әр топтан екі оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын. Әр сұрақтың жай және күрделілігіне байланысты ұпай сандарын қоямын. Әр топ өзінің яғни инеліктің және көбелектің суретін салып сабақтың соңында көрсету керек екенін айтамын.
Қосымша, сабақ соңында әр топ өзіне байланысты бір - бір шумақ тақпақ айту керек екенін де ескертемін. Әділ қазы алқасы Биология пәні мұғалімі Аманбева Нағима оқушылардың алған ұпай сандарын белгілеп отырады.

1-бөлім Үй тапсырма ( 2 - ші және 3 - ші тапсырмаға шыққан оқушыларға, қосымша бір - бір сұрақтан қойылады. Егер білсе 5 ұпай, білмесе 4 ұпай қойылады. Үй тапсырмасын бөлімдерге бөліп сұраймын)
1. Көбеюдің биологиялық мәні және көбеюдің түрлері.(5)
2. Жыныссыз көбею(4)
3. Жынысты көбею (4)
4. Көпжасушалы жануарлардың көбеюі (5)

2-бөлім Өткен сабақты қорыту «Менен сұрақ - Сізден жылдам жауап»
1. Көбею дегеніміз не?(5)
2. Көбеюдің қандай түрлері бар? (4)
3. Зигота дегеніміз не?(5)
4. Дара жыныс қалай белгіленеді?(4)
5. Гамета дегеніміз не?(4)
6. Қос жынысты қалай белгіленеді?(4)

Байланысы. Оқушылар, бүгін үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келген екенсіңдер. Біздер табиғаттағы көпжасушалы жануарлардың көбеюі жөнінде таныстық..(суреттер шығады.) Ал олай болса, мына өсімдіктердің арасындағы қандай жәндіктер екен
(тақтаға суреттер шығады көбелек, инелік дәуіт, қоңыз. т. б.) оқушылар олардың қандай жәндіктер екенін айтады. Оқушылар біздер «Өсімдіктердің тозаңдануы»деген тақырыпты өткенімізде бұл жәндіктерді, қандай жәндіктер деп атаған едік. (оқушылар бунақденелілер дейді.) Олай болса бүгін бунақденелілердің көбеюі жөнінде танысайық. (бунақденелілердің суреттері тақтаға шығады) Демек, бүгінгі жаңа сабағымыз «Бунақденелілердің дамуы».

Жаңа сабақ
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму,(қанатсыз бунақденелілер) шала түрленіп даму,(инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала) және толық түрленіп даму (қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)

Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды.
Толық түрленіп даму деп - дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз.
Шала түрленіп даму деп - дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.
Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа — имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа – дернәсіл -
-имаго; толық түрленіп даму: жұмыртқа — дернәсіл — қуыршақ -- имаго. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго(латынша имаго - ересек жәндік)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Өсімдіктердің тіршілігімен танысу және оларды жіктеу
Өсімдіктердің тіршілігімен танысу және оларды жіктеу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушыларды бунақденелілер әлемімен таныстыра отырып, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктер туралы мағлұматтар беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×