Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи сұрыпталу - эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақ тақырыбы: Табиғи сұрыпталу - эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ мақсаты:
Білімділік: табиғи сұрыпталу түрлерімен таныса отырып, оның ерекшеліктерін мысалдар және өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жұмыстарды орындап алған білімдерін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу;
Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге, шығармашылық ізденімпаздыққа, табиғаттағы процестерді ескеруге тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу;
Дамытушылық: деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы қабілетіне байланысты жеке құзырлылығын дамыту.

І кезең:
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді) Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қолдан сұрыптаудың Ч. Дарвин анықтаған түрлері?
Жауабы: Әдістемелік және санасыз
2. ХІХ ғасырда Англияда кең қолданған қолдан сұрыптау әдісі?
Жауабы: ХІХ ғасырда қолданылған әдістемелік сұрыптау.
3. Оңтүстік Америка, Австрия халықтары қолданатын сұрыптау түрі?
Жауабы: Санасыз сұрыптау.
4. Қолдан сұрыптаудың негізгі ерекшелігі неде?
Жауабы: Жаңа іріктемелер, қолтұқым, штамм алынады.

ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы: «БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Тапсырманы орындаңдар.
1. Тірі организмдерге тән қасиет не?
Жауабы: Барлық организмдерге тән қасиет – тұқым қуалайтын өзгергіштік, сондықтан организмнің кез келген жұбы артына ұрпақ қалдырады.
2. Организмдер арасында өз тіршілігін сақтап қалу үшін қандай процесс жүреді?
Жауабы: Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта үздіксіз тіршілік үшін күрес жүреді.
3. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
Жауабы: Белгілі бір ортада организмдердің тіршілігін сақтап бейімделуі.
4. Ч. Дарвин тіршілік үшін күрестің қанша түрін анықтады?
Жауабы: 1. Түраралық күрес, 2. Түрішілік күрес, 3. Сыртқы орта жағдайларына қарсы күрес.
5. Жыртқыш пен жемтігінің өзара қатынасы нені білдіреді?
Жауабы: Түраралық күресті білдіреді.

Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?) Ойланып жауап бер!
Мысалы, бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді, жыл сайын әрбіреуі 3 - 6 млн уылдырық шашады. Үй шыбыны 5 күнде 20 мың жұмыртқа салады. Осындай қарқынды дамумен көбеймеу себебі неліктен?
Жауабы: Мұндай қарқынды даму, тек қолайлы жағдай болғанда ғана өніп - өсіп тіршілігін сақтап қалады. Түрлер неғұрлым көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды. Бұл табиғи сұрыпталу нәтижесі.

Теориясы: «ТАЛДАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т. б. сөздер тапсырма шартында болу керек ) Салыстыру
Қолдан сұрыптау мен табиғи салыстыруды салыстыр.
Қолдан сұрыптау
Табиғи сұрыпталу

Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т. б. түрінде)
Сызба құрастыр.
Мына сызбаны мысалдармен аяқта.

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
Сәйкесін тап.
Мына бәсекелестік мысалдарын тап.
1. Өрмелегіш лианалар
2. Арамсояу мен қалақай ----------------- ПАРАЗИТТІК
3. Қасқыр мен түлкі
4. Ағаш пен раффлезия
5. Арыстан мен жолбарыс
6. Мәдени өсімдік пен арамшөп ----------- ЖЫРТҚЫШТЫҚ
7. Шаншар мен өсімдік биті

Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) Сен қалай ойлайсың?
Бәсекелестік күрес неден болады, сен қалай ойлайсың?
Жауабы: Тіршілігін сақтап қалу үшін организмдер арасында тіршілік үшін күрес жүреді. Тіршілік үшін күрес – қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым - қатынас жиынтығы.
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Тест
1. Ч. Дарвин тіршілік үшін күрестің қанша түрін анықтады?
А) 1, Ә) 2, Б) 3, В) 4.

2. Дүние жүзіндегі ең үлкен гүл қайда, қай жылы табылды?
А) 1916ж. Азия,
Ә) 1918ж. Еуропа,
Б) 1919ж. Америка,
В) 1917ж. Германия.

3. Ч. Дарвин өсімдік пен жануардың жабайы түрлерінде басым болатын нені көрсетті?
А) айқын емес өзгергіштік
Ә) айқын өзгергіштік
Б) табиғи сұрыпталу
В) түр аралық күрес

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)

Сәйкесін тап.
Тіршілік үшін күрес Бір түр мен екінші түр арасындағы күрес.

Түраралық күрес Белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін сақтап бейімделуі.
Қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым –
қатынастың жиынтығы.
Табиғи сұрыпталу
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?) Себебін тап.
Неғұрлым түрлер көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды. Осының себебі?
Жауабы: Себебі қарқынды даму түрді сақтап қалудың «құралы». Барлық организмдер ұрпақ қалдыруға тырысады, сондықтан қарқынды түрде көбейе бастайды.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз)

Тапсырманы орында.
Түраралық күрестің айырмашылығы неде?
Жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік
Паразиттік жағдайдағы бәсекелестік

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2 - кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
Суреттік тапсырма
Мына суретте тіршілік үшін күрестің қандай түрі берілген?

Жауабы: Түрішілік күрес. Жарық, қорек үшін бәсекелес бейнеленген.

Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба құра.
ІІІ деңгей:(9балл+3балл=12балл)
Тірек - сызба құрастыр.

Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) Өз ойың.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
Бас ұрып қара жерге сұлағанын
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
(В. А. Крылов аудармасынан)
31 368
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Оқушыларға тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, бейімделушіліктің түрлері, тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіндіру.
Тест «Антропология» 9 сынып
Тест «Антропология» 9 сынып
Тест «Антропология» 9 сынып 1. Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды? А) Ж. Б. Ламарк. В) Л. Уоллес. С) Ч. Дарвин. Д) К. Линней. Е) Вавилов.
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Натрий және калий
Натрий және калий
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нияз Улан Комшабайулы
Чарльз Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі
Чарльз Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі
Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×