Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер әлемінің таңғажайып сырлары (тақырыптық жоспар)

01 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Өсімдіктер әлемінің таңғажайып сырлары (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Жазба хат
Табиғатқа тау мен дала, өзендер мен теңіздер, тоғандар мен көлдер, ормандар мен егістіктер, бау - бақшалар жатады.«Табиғат - тіршіліктің өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» (Р. Сәтімбеков).

Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар да табиғаттың бір бөлігі. Сол себептен де, өсімдік - жер сәулеті, ел дәулеті десек қателеспейміз.
Жасыл желек - жердің сәні саялы,
Қамқор болсаң жапырағын жаяды.
Мейіріммен жылуын арна жүректің,
Соған қоса, алақан керек аялы

Өсімдік жайлы ғылымның негізін қалаған гректің көне табиғат зерттеушісі Теофраст. Өсімдіктер әлемі - бізді қоршап тұрған жасыл әлем. Олар барлық жерде кездеседі. Өсімдік - жер бетінің ажарын аша түседі, сәнін келтіреді.
Өсімдікте күн сәулесі, көмірқышқыл газы, судың әсерінен органикалық заттар түзіліп, ауаға бос оттек бөлінеді. Ал біз адамдар және басқа тірі ағзалар ауасыз тіршілік ете алмаймыз.
Сонымен қатар, өсімдіктер денсаулыққа қажетті дәрі - дәрмек қоймасы. Адам ағзасына нәр беретін дәрумендердің көзі де, өсімдік. Өсімдіктерден адам күнделікті тұрмыста керегіне жарататын киіп, жиһаз, отын, бұйымдарды жасайды. Өсімдік - адамдар мен ұшқан құс, жүгірген аңға баспана.

Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін зерттеген Ресей ғалымы Питиррим Сергеевич Масагетов егерде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету керек, өйткені адамның өзі өсімдіктің тумасы деп, тебірене жазыпты.
Тіпті ертеден сақталып келе жатқан өсімдіктер туралы тыйым сөздер де, аз емес. Мысалы, «көкті жұлма», «көкті таптама», «жас құраққа орақ салма», «орманды өртеме», «алғыз ағалғыз ағашты кеспе», «бұтақты сындырма», «бауға балта шаппа», «көшетті қопарма», «ағаш қабығын жонба», «гүлді үзбе» және тағы басқалар.

Ата - бабамыз бізді жақсылық істерге жұмылдыруға келесідей нақыл сөздер арқылы үйреткен. «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды, «бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір», «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын».
Бауыржан Момышұлы атамыз: «Сұлулық дегеннің тамыры табиғаттануда» десе, ақын Мұзафар Әлімбай атамыз: «Жаратылыстан үйренбеген жасампаз болмайды» деп, өмір тіршілігінен алып тұжырымдаған екен. «Өзеннің көркі - тал, даланың көркі мал», деген халық нақылында табиғаттың сұлулығы, ажары мен көркі жасыл әлем туралы айтылады.

Жайқалып, тамырын тереңге тартып, гүл атып тұрған өсімдікті көргенде, әрине жүрегіне жылулық, мейірімділік, махаббат және қуаныш сезімі ұялайды. Осы орайда мектеп оқушыларының табиғат пен таңғажайып өсімдіктердің сан - алуандылығымен таныстырып, оларды танып білу, күту мен қорғау мақсатында 6 - 7 сынып оқушыларына арналып жазылған.
Курс пәні: Биология. Сынып: 6 - 7. Жылына 34 сағат, аптасына 1 рет

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 567
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Өсімдік – өмір өзегі
Өсімдік – өмір өзегі
Шығыс халықтарында имандылықтан келетін үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Жасыл желек - жердің сәні саялы, Қамқор болсаң жапырағын жаяды. Мейіріммен жылуын арна жүректің, Соған қоса алақан керек аялы
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.
Қызыл мияның емдік қасиеті
Қызыл мияның емдік қасиеті
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағат ұлататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Табиғат тамашалары
Табиғат тамашалары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №1 Алға мектеп - бақшасында бастауыш сынып мұғалімі Муханова Айжан Айжарыковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×