Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
«Көшбасшы - биолог» (интеллектуалды ойын)
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
Түрі: интеллектуалды ойын
8 - 9 сыныптардан 4 - топ қатысады. Әр топта 4 оқушыдан болады.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! « Көшбасшы - биолог» атты 8 – 9 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарды таныстырып өтейін:
І - топ – «Білгірлер» тобы
ІІ - топ – «Тапқырлар» тобы
ІІІ - топ – «Алғырлар» тобы
ІV - топ – «Ойшылдар» тобы

Сайыскерлер таныстырылады.
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
Әділ қазылар алқасы таныстырылады.

Жүргізуші:
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

Әр топқа ортақ 15 сұрақтан беріледі. Жылдам жауап берілген әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
І - топ – «Білгірлер» тобына берілетін сұрақтар:
1. Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қайсысы?
2. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі?
3. Тек қайың, қарағай, шырша маңында өсетін саңырауқұлақтар?
4. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?
5. Пенициллин антибиотигі алынатын саңырауқұлақ?
6. Жасушаны алғаш көрген кім?
7. Амебаның қозғалуы?
8. Негізгі өсімдік жүйесінің ең жоғарғы сатысы?
9. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?
10. Төменгі сатыдағы өсімдік?
11. Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын арнайы тұтас табиғи аймақ?
12. Тек өсімдік жасушасында болатын денешік?
13. 20 - 30 метр тереңдікте өсетін балдыр?
14. Тостағанша гүлдің қай бөлігінде орналасқан?
15. Фотосинтез барысында өсімдіктерде қандай зат түзіледі?

ІІ - топ – «Тапқырлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Мүктерді зерттейтін ғылым?
2. Гүл дегеніміз не?
3. Туберкулез қоздырғышы?
4. Бір жасушалы саңырауқұлақ?
5. Қай балдырлар бір жасушалы?
6. Қағаз өндірісінде пайдаланылады?
7. Қарағайлы орманда өсетін қына?
8. Күлте ішінде орналасады?
9. Туберкулез қоздырғышы?
10. Бір гүлде аталық пен аналық болса, ол:
11. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы?
12. Топырақты азотты заттармен байытатын бактериялар?
13. Қыналар пішіндеріне қарай неше топқа бөлінеді?
14. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс?
15. Микроскоптың препаратқа жарық түсіретін бөлімі?

ІІІ - топ – «Алғырлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қоңыр балдырды ата?
2. Қай балдырлар көп жасушалы?
3. Грекше «Брион» қандай мағынаны білдіреді?
4. Тік сабақты өсімдікті тап?
5. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек?
6. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы?
7. Гүлдің ең негізің бөлімдері?
8. Тыныс алу мүшелерінің ауруына жатады?
9. Микроскоптың үлкейтетін екі шынысы бар бөлімі?
10. Өсімдікте жемістің түзілетін жері?
11. Қыналарға ең қажетті жағдай?
12. Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар?
13. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?
14. Ботаника зерттейді?
15. Хлорофилл орналасқан?

ІV - топ – «Ойшылдар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қызыл балдырды тап?
2. Порфира балдырын қай өндірісте пайдаланады?
3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
4. Жеуге жарамды саңырауқұлақты тап?
5. Грекше «Микос» қандай мағынаны білдіреді?
6. Аспергилл қандай саңырауқұлаққа жатады?
7. Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым?
8. Грекше « бактерион» қандай мағынаны білдіреді?
9. Паразит саңырауқұлақтарды көрсет?
10. Антарктидада қынаның қанша түрі табылған?
11. Жүйенің ең кіші бірлігі?
12. Көкек зығыры деп қай мүкті атайды?
13. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын өсімдік?
14. Тамырдың өзгерген түріне не жатады?
15. Қай өсімдікте тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кетеді?
Жүргізуші: Сонымен сайыстың қорытындысын айту үшін әділ – қазыларға сөз кезегін берсек.
Жүргізуші: Заман қанша қиын - қыстау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Үздік биолог танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола ма?
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Көшбасшы - биолог» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!
14 041
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын, Білім – кен, қанша болса азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 10 - сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Жас биолог - 2013
Жас биолог - 2013
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы «Бегалы» орта мектебінің биология пәні мұғалімі Биханова Нұржауған Ғаділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×