Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
«Биология әлеміне саяхат» (интеллектуалды ойын)
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
Түрі: интеллектуалды ойын
9 - 10 - 11 сыныптардан 4 - топ қатысады. Әр топта 4 оқушыдан болады.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Биология әлеміне саяхат» атты 9 – 10 - 11 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарды таныстырып өтейін:
І - топ – «Білгірлер» тобы
ІІ - топ – «Тапқырлар» тобы
ІІІ - топ – «Алғырлар» тобы
ІV - топ – «Ойшылдар» тобы
Сайыскерлер таныстырылады.
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
Әділ қазылар алқасы таныстырылады.
Жүргізуші:
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам, сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 – кезең - «Бәйге»
2 – кезең - «Сиқырлы шаршы»
3 – кезең - «Дода»
4 – кезең - «Жорға»

Жүргізуші:
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Бәйге» турда сайыскерлер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.
1 – кезең - «Бәйге» кезеңінде ортақ 15 сұрақ беріледі. Жылдам жауап берілген әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

І – кезең - « БӘЙГЕ» (10 ұпай)
1. Тұқым қуалау және өзгергіштік жайлы ғылым қалай аталады?
2. Сүтқоректілердің миы неше бөлімді?
3. Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары жайлы ғылым қалай аталады?
4. Өсімдіктердің жаң сорттарын шығарумен айналысатын ғалымдар?
5. Туыс емес дараларды будандастыру
6. Бактерия ішінде дамитын вирус
7. Жасушада жүретін ажырау реакциясы
8. Нәруыз синтезделетін цитоплазмалық құрылым
9. Фотосинтез құбылысы жүретін көк - жасыл, қызыл түсті бактериялар
10. Хромосомалардың өзіндік жақындасуы
11. Қанда және басқа денелерде антидене түзетін организм үшін бөгде заттар
12. Жануарлар мен өсімдіктердің гаплоидты жыныс жасушасы
13. Эволюция процесі кезіндегі белгілердің ажырауы
14. Белгілі бір түрге тән организмдегі барлық хромосомалар саны
15. Бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы
Жүргізуші: 1 - кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 562
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Жас биолог - 2018 интеллектуалды сайыс
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын, Білім – кен, қанша болса азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танымдық сайыс
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 10 - сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Жас биолог - 2013
Жас биолог - 2013
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы «Бегалы» орта мектебінің биология пәні мұғалімі Биханова Нұржауған Ғаділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×