Биология 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Биология ғылымы. Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны және маңызы. Биологияның басқа ғылымдармен байланысы. Жаратылыстану ғылыми пәндер жүйесіндегі «Жалпы биология» курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – оқушыларға биология ғылымы, ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны және маңызы, биологияның басқа ғылымдармен байланысы, Жаратылыстану ғылыми пәндер жүйесіндегі «Жалпы биология» курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері жайлы жалпы білім беру.
2. Дамытушылық – оқушыларға жалпы білім бере отырып олардың ойлау, есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік – оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, оқу процесіндегі ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс - тәсілі: ауызша, сұрақ – жауап арқылы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Пән аралық байланыс: экологиямен, әдебиетпен
І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгелдеу
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Биология (грекше bios - "өмір"; және logos, "ғылым") - жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп - жетілуін, шығу - тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір - бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік - шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1 ғасырларда дами бастағанымен, тіршілік құбылыстарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және римфилософтары мен дәрігерлері болды. Соның ішінде Гиппократ ( 460 — 370) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен. Аристотель ( 384 — 322) өз еңбектерінде жануарларды құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне қарай 4 топқа бөлді. Сонымен қатар адамның анатомиялық - морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой - өрісінің дамуын да зерттеді.
Анатомиялық зерттеулер жүргізу арқылы адамның ішкі мүшелерін, көздің тор қабығын сипаттап жазған александриялық ғалымдар: Герофил (300 ж. ш. т.) алғаш рет артерия және вена қан тамырларының арасындағы айырмашылықты ажыратса, ал Эрасистрат ( 300 — 240) мидың құрылысына сипаттама берген. Римдік Гай Плиний ( 24 — 79) құрастырған “Табиғи тарих” атты 37 томдық энциклопедия орта ғасырға дейін табиғат жайлы білімдердің негізгі қайнар көзі болып келді. Көне заманның тағы бір ұлы зерттеушісі К. Гален сүтқоректілерге көптеген тәжірибелер жүргізіп, олардың орталық және шеткі жүйке жүйесі жайлы құнды мәліметтер қалдырып, анатомия мен физиологияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Қазірде биологияның барлық тармақтарын біріктіретін бес принцип бар.
Жасуша теориясы. Жасушаға қатысы бар нәрсенің бәрін зерттейтін ілім. Барша тірі организмдер ең кемінде бір жасушадан, күллі жандылардағы функциялаудың бірлігінен, тұрады. Сонымен қатар барлық тірі организмдерде жасушаның маңызды механизмдері мен химиясы ұқсас келеді және жаңа жасушалар тек бұрынғы жасушалардың бөлінуінен пайда болады. Жасуша теориясы жасушалардың қалай пайда болатынын, қалай көбейетінін, қоршаған ортасымен қалай араласатынын, олардың қандай заттардан құралатынын, жасушаның құрамдас бөліктерінің қалай жұмыс атқаратынын және жасушаның басқа бөлімдерімен қалай қатынаста болатыны сияқты мәселелерді қамтиды.
Эволюция. Популяциялардың тұқым қуалайтын қасиеттері ұрпақтан - ұрпаққа табиғи сұрыпталу мен генетикалық дрифт нәтижесінде өзгеріске ұшырайды.
Ген теориясы. Тірі организмнің сипаттары мен белгілері геннің түпкі компонентінде - оның ДНҚ - сында генетикалық код түрінде жазылған. Және белгілі бір организмгетән сипаттар осы гендер арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа өтіп отырады. Барлық мәлімет генотиптен организмнің көзге байқалатын, яғни көрінетін физикалық немесе химиялық ерекшеліктері - фенотипте көрініс табады. Ген экспрессиясы арқылы пайда болған фенотип организмнің қоршаған ортасына қарай бейімделуі мүмкін. Алайда мұндай жағдайда жаңа мәлімет гендерге қарай кері бармайды. Гендер қоршаған ортаға жауап ретінде тек эволюция процессі арқылы өзгереді.
Гомеостаз. Организмнің қоршаған ортаға қарамастан өзінің ішкі ортасын қалыпты жағдайын ұстап тұруға бағытталған физиологиялық процесс.
Организмнің өзін - өзі ұстауы. Барлық жанды нәрселер стимул - жауап қасиетіне ие.
Көптеген биологиялық ғылымдар өздеріне тән ерекшеліктері бар арнайы ілімдер. Әдеттегідей олар зерттелетін тірі организмдерге байланысты ботаника - өсімдіктер ғылымы, зоология - жануарлар ғылымы және микробиология - микроорганизмдер ғылымы болып жіктеледі.
Биология салалары одан әрі қарай организмдердің зерттелу ауқымдылығы мен зерттеу әдістеріне қарай бөлінеді.
Биохимия - тіршіліктің химиялық негізі ілімі;
Молекуляр биология - биологиялық молекулалар жүйелерінің бір - бірімен күрделі арақатынастарын зерттейді;
Жасуша биологиясы - барлық жанды нәрселердің құрушы бөлігі - жасушаны зерттейді;
Физиология - организмнің ұлпалары мен мүшелерінің химиялық және физикалық функциясын қарастырады;
Экология - әртүрлі организмдердің қоршаған орталарымен байланысын саралайтын ілім.
Зоология - Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым.
Орнитология - зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы.
ІІІ Бекіту
1. Биология қандай ғылым саласы?
2. Биология терминін алғаш ғылымға енгізген?
3. Биология өзіне қандай ілімдерді біріктіреді?
IV Бағалау
V Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу
Биология ғылымы жүктеуЗаманауи цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері. Цитологиялық зерттеулердің басқа биологиялық ғылымдар, медицина және ауыл шаруашылығы үшін маңызы.
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Биологияның дамуы үшін жасушалық теорияның маңызыЖасуша дамудың бірлігі екендігі, тірі организмнің құрылымы мен қызметінің бірлігіЖасушаның химиялық құрамы. Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасуша тіршілігінің әрекетіндегі рөліОрганикалық заттар: көмірсулар, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметтері Органикалық заттар: нәруыздар, олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметіОрганикалық заттар: липидтер олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметтеріНуклеин қышқылдары: ДНҚ, оның құрылысы, жасушадағы атқаратын рөліНуклеин қышқылдары: а-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ және АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөліФерменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөліПрокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктеріБактериялар тіршілік әрекеттерінің алуантүрлілігіЖасушаның негізгі құрам бөліктері: Түрлі жасушалық құрылымдар мембранасының құрылысы мен функциялық ерекшеліктеріЦитоплазма органоидтары: эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, лизасомаларЦитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметіЦитоплазма органоидтері: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметіЦитоқаңқа. Қозғалыс органоидтері, жасушалық қосындылар, олардың құрылысы, жасушадағы атқаратын қызметіЯдроның құрылысы мен қызметі. Хромасомалардың химиялық құрамы және құрылысы, жасушадағы атқаратын қызметіЭукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық құрылыс ерекшеліктері тақырыбы бойынша қорытындылау және жүйелеуВирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктеріВирустық аурулардың алдын алуЖасушадағы зат және энергия алмасу. Зат алмасу реакцияларының катализдік сипатыПластикалық алмасуЭнергиялық алмасудың негізгі кезеңдеріЖасушалық тыныс алу процесінің айрықша ерекшеліктеріОрганикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтарФотосинтез, оның сатылары, биосферадағы ғарыштық рөлі, Хемосинтез оның биосферадағы маңызыНәруыздың биосинтезі. Генетикалық ақпараттың негізі – ген туралы түсінік. Генетикалық код. Нәруыз биосинтезінің матрицалық принципіДНҚ матрицасына сәйкес аРНҚ-ның түзілуі. Биосинтездің реттелуіГомеостаз туралы түсінік, жасушадағы зат және энергия алмасу процестерінің реттелуіӨзін-өзі ұдайы өндіру – тіріге тән жалпылама қасиет. Митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және биологиялық маңызыОрганизмдердің жыныссыз көбею формалары: жасушалардың митоздық бөлінуі, споратүзу, бүршіктену, вегетативтік көбею. Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызыЖынысты көбею. Мейоз, оның биологиялық маңызы. Спрематогенез. ОвогенезҰрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктеріҰрықтанудың биологиялық маңызыОрганизмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуіЭ. Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы. Өсімдіктердің онтогенезі. Жануарлардың онтогенезіОрганизмнің эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі. Токсиндік заттардың эмбриондық жəне постэмбриондық даму барысына əсері (туа біткен кемтарлықтар)Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Гибридологиялық әдіс. Моногибридті шағылыстыру. Доминантылық және ажырау заңдары. Гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесіКөптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. Тәуелсіз үйлесімділік заңы. Фенотип және генотип. Тұқым қуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздеріЖыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромасомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес белгілердің тұқым қуалауыТұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Гендердің тіркесу топтары. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы. Морган заңыГендердің толық және толық емес тіркесулері. Хромасомалардың генетикалық картасыГенотип – біртұтас жүйе. Хромасомалық және Цитоплазмалық тұқымқуалаушылықБелгілердің аллельді (доминанттылық, толық емес доминанттылық) және аллельді емес гендердің өзара әрекетесулері (комплементарлық, эпистаз, полимерия)Өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік. Мутациялар. Гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар. Сомалық және генеративтік мутацияларЖартылай летальды және летальды мутациялар. Мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік факторлар. Мутацияның эволюциялық рөліҮйлесімдік өзгергіштік, оның түрдің шегінде генетикалық алуантүрлілікті қалыптастырудағы рөлі, және эволюциялық маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңыФенотиптік және модификациялық өзгергіштік. Белгілер мен қасиеттердің дамуы және олардың жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөліМодификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары. Доминанттылықты басқаруАдамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігіАдамның шығу тегі және адамның нәсілдері туралы генетикалық мәліметтерАдамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздеріАдамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генетикалық аурулар. Генотип және адамның денсаулығы. Популяция генофондыСелекцияның міндеттері және әдістеріГенетика – организмдер селекциясының ғылымыи негізі екендігі. Селекция үшін бастапқы материалН.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы іліміӨсімдіктер және жануарлар селекциясыСелекциядағы қолдан сұрыптау. Будандастыру – селекциялық әдіс ретіндеШағылыстыру типтері. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия. Заманауи селекцияның жетістіктеріМикроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологиялық нысандар. Микроорганизмдер селекциясы және оның микробиологиялық өнеркәсіп үшін маңызыТамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру. Биотехнологияның проблемалары мен балашағыГендік инженерия, оның жетістіктері және болашағы