Сабақтың тақырыбы: §2. Ішкі мүшелердің топографиясы.
Биология 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Мүшелер жүйесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: бұлышқет және жүйке ұлпаларының құрылысы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Адам туралы қандай ғылымдар бар?
2. Физиология қандай ғылым?
3. Салауатты – өмір салты дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен - бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы - өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы - ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.
Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен - бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жүйесі дейді.
Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне - бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін. түзеді. Мысалы, тірек - қимыл, зәржыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.
Адам ағзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жүйе - арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
2. Жүйке жүйесі - барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
3. Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.
4. Тірек - қимыл жүйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
5. Жүрек - қантамырлар жүйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
6. Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.
7. Асқорыту жүйесі - ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.
8. Зәршығару жүйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
9. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Ағзаның біртұтастығы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтын барлық мүшелер жүйесі бірімен - бірі тығыз байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен - бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке - гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен - бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза - біртұтас тіршілік иесі деп аталады
IV. Қорытынды. Қорыта айтқанда, ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен - бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі.
V. Бекіту сұрақтары:
1. Бұлшықет ұлпасының қандай топтары бар?
2. Миофибрилла деген не?
3. Жүйке ұлпасына тән қасиеттерді ата?
VІ. Бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма. Оқу.
Адам туралы ғылымдарЖасуша және оның құрылысыЖасуша органоидтарыЖасушаның химиялық құрамы: су, минералды тұздарЖасушаның химиялық құрамы. Органикалық заттар, нәруыздар, майлар, көмірсулар, нуклейн қышқылдарыЖасушалардың тіршілік әрекеттеріЖасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттерАдамның негізгі ұлпаларыІшкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйеҚалқанша без, оның гормондарының қызметіҰйқы безінің инсулин гормондарының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі. Қантты диабетЖүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметіЖұлын. Жұлынның маңызы, оның рефлекстік және өткізгіштік қызметіМи. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметіМи бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтарыВегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметіСезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінікКөру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторыЕсту мүшесі және есту анализаторыТепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторыСүйектер, бұлшықет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктеріСүйектің құрамы, құрылысы олардың пішіндері және қызметі. Сүйектің ішкі құрылысыҚаңқаның негізгі бөлімдері. Бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы,қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдеріСіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдемБұлшықет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Бұлшықет қозғалысының реттелуіДене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдарыҚан, ұлпа сұйықтығы және лимфо-организм ішкі ортасының құрам бөліктеріҚанның ұюында тромбоциттердің рөліЭритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы.Гемоглабиннің рөлі. Артериялық және веналық қанЛейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметіИммунитет. Иммундық жүйенің мүшелеріАуру қоздырғыш микробтар мен вирустардың жұқпалы аурулар дамуындағы рөліҚан топтары және қан құюЖүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөліҚанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфоайналымы.
Жүрек және қан тамырлар жүйесінің реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизміГуморальдық реттелуТыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасуТыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталығыТыныс алу мүшелерінің ауруларыТамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттарАсқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесіАстың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі. Сілекейдің маңызыАстың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуыІшек сөлінің асқа әсері. Астың қорытылуы және сіңірілуіАсқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу жолдары. Тағамнан улану, алғашқы көмек көрсету шараларыОрганизм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызыТамақтанудың мөлшері және оның организмнің энергия жұмсау шамасымен байланысы. Қоректік заттардың энергия сыйымдылығыВитаминдер және олардың маңызы. Майда және суда еритін витаминдерЗәр шығарудың маңызы. Зәр шығару мүшелері. Бүйректің құрылысы. НефрондарБүйрек ауруларының алдын алуТерінің тосқауылдық рөлі. Терінің құрылысыТері ауруларыКөбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметіБозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуіҰрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуыТұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияныМінез құлықтың туа біткен және жүре пайда болған формалары. Шартты және шартсыз тежелуАдамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктеріАдамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық факторЕңбек пен мәдениет – адамзаттың негізгі жетістіктеріЖігерлік процестер. Еріктің сапасы. Сезім, сезімталдық реакцияларЗейін, ерікті және еріксіз. Зейіннің ауытқуы