Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Пән: Молекулалы биология, медициналық генетика
Мамандық: Емдеу ісі
Тақырыбы: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері, даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге молекулалық биология, медициналық генетика пәнінің міндеті, негізгі даму кезеңдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Студенттердің танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теория
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жаңа сабақ түсіндіру, тест.
Сабақтың уақыты: 90 мин
Сабақты өткізу орны: оқу кабинеті
Пәнішілік байланыс: Медициналық биологияның негізгі бағыттары, медико -
биологиялық пәндермен өзара байланысы.
Пәнаралық байланыс: Биология, анатомия, физиология.
Сабақтың жабдықталуы: проектор, ноутбук, презентация, кеспе қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі: Қуандықов Е. Ө «Медициналық биология және генетика»
Қосымша: С. А. Әбілаев «Молекулалық биология және генетика»
В. Н. Ярыгин «Биология»
Студент білуі тиіс: - молекулалық биология, медициналық генетиканың негізгі бағыттарын
және оның биологияның басқа салаларымен өзара байланысын;
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық - логикалық сызбасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 35 мин
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин
V. Қорытындылау – 5 мин
VІ. Үйге тапсырма – 3 мин
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқу кабинетінің тазалығына көңіл бөлу.
2. Студенттердің сыртқы киімдеріне (калпак, халат) көңіл аудару.
3. Сабақта жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.
4. Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.
5. Тақырыптың маңыздылығының мәнін атап өту
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Тақырыбы: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және
міндеттері, даму тарихы
(Үй тапсырмасын сұрауда сематикалық карта толтыру, тест тапсырмаларын орындау)
Сематикалық карта толтыру:
Тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Адам қауымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы?
А. Жалпы биология В. Қолданбалы биология С. Медициналық биология Д. Қалыпты биология Е. Генетика
2. Жараны таңуға арналған заттарды стерилдеу әдісі?
А. Микросептика В. Стерилдеу С. Антисептика Д. Асептика Е. Препараттау
3. Англияда алғаш рет қандай тәсілмен «Долли» атты қозыны алды?
А. Ұрықтандыру В. Клондау С. Жасанды ұрық арқылы Д. Препараттау арқылы Е. Сомалық әдіс
4. Зоология ғылымының атасы?
А. Г. Мендель В. Гален С. Гиппократ Д. Теофраст Е. Аристотель
5. Левегуктың еңбегі?
А. Микроағзалар дүниесін ашты В. Жасушаны ашты С. Эволюциялық теорияны ашты Д. Жасуша теориясын ашты Е. Тұқым қуалаушылық заңын ашты
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тақырыбы: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері, даму тарихы.
Жоспары:
1. Биология. Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері.
2. молекулалық биолгия
3. Медициналық генетика
4. ХХ ғасырдың аяғында молекулалық биологияның жетістіктері. Қазақстанда молекулалық биологияның дамуы
Биология - тіршілікті зерттейтін ғылым (биос - тіршілік, логос - білім). Биология ғылымы тіршіліктің барлық нысандарын жан - жақты, кең ауқымды зерттейді, яғни ол тірі ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарын құрылысы, функциясын таралуын, шығу тегін, дамуын, олардың бір - бірімен және тірі ағзалармен өлі дүние арасындағы күрделі байланыс - тарды зерттейді. Биология терминін 1802 жылы Ж. Ламарк және Г. Тревиранус бір мезгілде, бір - бірінен тәуелсіз енгізген болатын.
Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері:
1. Сипаттап жазу әдісі - өте ерте заманда пайда болған ежелгі әдіс. Кез келген құбылысты зерттеу үшін оны толық сипаттау қажет, ал ол үшін нақтылы деректер жинақтау керек. Бұл әдісті қазіргі кездегі зерттеулерде де ғалымдар кеңінен қолданады.
2. Салыстыру әдісі - ХVІІІ ғасырда кең өріс алып дамыды. Бұл әдістің мәні ағза - ларда не олардың ұқсастығын не айырмашылықтарын анықтау болып саналады. Осы әдіс көмегімен өсімдіктер мен жануарлардың систематикасы құрастырылды.
3. Тарихи әдіс - ертеде өмір сүретін, жойылып кеткен ағзаларды зерттей оты - ра, қазіргі кезде тіршілік ететін ағзалардың құрылысын, шығу тегін және даму заң - дылықтарын анықтауда қолданылады. Бұл әдіс Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі пайда болғаннан кейін қалыптасқан.
4. Тәжірибе жасау әдісі – табиғат құбылыстарын тәжірибе жасау арқылы зерттеу болып табылады. Бұл әдіс химия, физика, табиғаттану ғылымдарының жетістіктерін кеңінен қамтиды.
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері, даму тарихы. жүктеуБелок құрылысы және қызметі. жүктеуНуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі. жүктеуГенетикалық ақпараттың берілуінің негізгі жолдары. ДНҚ биосинтезі. жүктеуБелок биосинтезінің этаптары (транскрипция, трансляция) Генетикалық код. жүктеуЖасушаның генетикалық аппараты. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі. жүктеуАдамның кариотипі туралы түсінік. Хромосомалардың жіктелуі. Адамның хромосома картасы. жүктеуМутация түрлері. Гендік, геномдық, хромосомалық мутациялар. жүктеуЖасушаның генетикалық аппараты. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі. жүктеуМолекулалық - генетикалық зерттеу әдістері. жүктеуЖасушаның негізгі компоненттерінің құрылысы мен қызметі. жүктеуЖасуша тіршілігіндегі жарғақшаның маңызы, жасушаға қажетті заттардың жарғақша арқылы тасымалдануы. Жасушаға арнайы сигнал берілуінің негізгі кезеңдері. жүктеуЖасушалық цикл туралы түсінік. Митоз. Митозды белсендіретін фактор туралы түсінік. Циклиндердің және циклинге тәуелді киназдың ролі. р 53 ақуызының рөлі. жүктеуГенетикалық материалдың рекомбинациясы. Мейоз. жүктеуАпоптоз туралы түсінік. Жалпы сипаттама. жүктеуҚартаю теориясы. Канцерогенез. жүктеуОнтогенездің генетикалық механизмдері. жүктеуТератогенез.Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмі. Стволды жасушалар. жүктеуГенетика негіздері. Белгілердің тұқым қуалау типтері. жүктеуЖалпы медициналық патологиядағы тұқымқуалайтын аурулардың орны. жүктеуТұқымқуалаудың ерекшеліктері. Хромосомалық аурулар. жүктеуТұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Тұқымқуалайтын ауруларды зертханалық зерттеу әдістері. жүктеуПопуляциялық генетика негіздері. Адам популяциясының генетикалық құрылымы. Популяциялық генетикалық зерттеу. жүктеуЭкогенетикамен фармакогенетиканың негіздері. жүктеу