Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 саны мен цифры

24 ақпан 2014, Дүйсенбі
Тақырыбы: 3 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Балаларды 3 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. Олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. 0 ден 3 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту
Түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Бағдаршам суреті, таяқшалар, суреттер, ермексаз, геометриялық пішіндер.
Пәнаралық байланыс: Сурет, мүсіндеу, жапсыру.
Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Психологиялық дайындық. Бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіз айтайық, жақсы тілек тілейік

III. Негізгі бөлім.
- Ой қозғау
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз.
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Үш айдан
- Қазір қай ай?
- Караша айы
1. Жұмбақ шешейік.
Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасым
Үш түсті нұр шашады
Бұл не?
- Бағдаршам.
- Балалар бағдаршамды көргендерің бар ма? Бар
- Ол қайда орналасқан?
- Қалада жолдың бойында орналасқан.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар. Міне, мынау бағдаршам ендеше санайық 1, 2, 3.
1 - ші көзінің түсі қызыл
2 - ші көзінің түсі сары
3 - ші көзінің түсі жасыл. Осы үш көздің атқарып тұратын қызметі бар.
Олар қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба.
Бағдаршам жол бойында жүргіншілерге, жүргізушілерге бағыт бағдар беріп тұратын электр құралы. Кәне санайық 1, 2, 3.
Балалар, біз бүгін 3 санымен таныстық, міне мынау 3 санының цифрі. Сандық қатар 1 - ден басталады 0, 1, 2, 3. Бағдаршамның көздері қандай пішіндерге ұқсас.
- Дөңгелекке.
- Қане бәріміз ауада дөңгелек пішінді салайық. Осы бағдаршамның көздерінің артында тапсырмалары бар екен. Орындауға дайынбыз ба.
1. 1 - ші қызыл көздің тапсырмасы.
Сандардың оң және сол жақ көршісін тап. 0, 1, 2.
2. 2 - ші сары көздің тапсырмасы.
Сымда 1 торғай отыр оған 1 торғай келіп қосылды, барлығы қанша болды?
3. 3 жасыл көздің тапсырмасы.
Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Атап айтып шық.

IV. Сергіту сәті 1, 2, 3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламын,
Әдемі сурет саламын.
4."Фигураларда қанша бұрыш бар" ойыны алдарыңдағы фигуралардың бұрышын санап шығындар. Бағдаршамның тағыда тапсырмасын орындайық.
1 - қатар. Бағдаршамның үш көзін ретімен орналастыру.
2 - қатар. Ермексаздан дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
3 - қатар. Дөңгелек пішіндерді түстерін келтіріп бояу.

V. Бекіту:"Қандай сан жоғалды?"
VI. Сабақты қорытындылау: Балалар бүгінгі сабаққа барлығыңда жақсы қатысып, қиындықтан қорықпай жолдан өтерде бағдаршамға бағынатындарыңды, әдепті, тәртіпті екендеріңді көрсеттіңдер. Әрқашанда жол ережесін сақтап, аман - есен жүрейік.
5 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам
Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі: Аманғожина Халима Әлжанқызы
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×