Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - бақыт, қыз - гүл

18 наурыз 2014, Сейсенбі
Мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері мен аналар сайысы.

Қатысушылар:
1) Сидалы Назерке анасы Гульбанумен бірге
2) Бағдат Арайлым анасы Нұргүлмен бірге
3) Жиеналина Армангүл анасы Алтынгүлмен бірге
Сайыс мақсаты:
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Тәрбиеші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», - деп, аналарға деген құрметін білдіреді.
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, әдемі би, шырқалатын ән сіздерге арналады.
Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыз балалар, ұстаздар сіздерді Халықаралық әйел – қыз балалар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған «Ана - бақыт, қыз гүл» атты сайысымызды тамашалаңыз.
Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Тәрбиеші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Ана тойын бастайық,
Осы тойға арналған,
«Ана - бақыт, қыз гүл»» сайысын бастайық.
Аналар мен әсем ару бүлдіршіндер ортаға шақырамыз.
Ал енді құрметті сайысқа қатысушылар мен қонақтар сіздерге сайыс ережесімен таныстырып өтейін.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
І кезең: «Өзін - өзі таныстыру»
ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (анасы ою - өрнек салып киып береді, дайын қиылған ою үлгілерден балалары ақ парақ жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.
IІІ кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т. б.) Өз шеберліктерін көрсету.
ІV кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал - мәтел, жұмбақ шешуін табу, сұрақтарға жауап беру)
VI кезең: «Қонақ жайлық – ата дәстүріміз» - деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)
Ал енді алдағы номерлерді алайық реттік номерді біліп алайық.
Әсем бүлдіршіндер сандықшадан номерлер алады.

Тәрбиеші:
Жаны - сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі – асқар, - Күндей сұлу ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр ару,
Көрік болған көгімде жұлдыздар - ай,
Бай болсын қыздарым ізгілікке,
Қол соғып, қошеметпен қарсы аламыз.

І кезең: «Өзін - өзі таныстыру» кезеңіне жол берейік.

ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (анасы ою - өрнек салып қиып береді, дайын қиылған ою үлгілерден балалары ақ парақ жапсыру) Қазақтың қол өнерімен жасалатын ою - өрнек жасап көрсетеді.
«Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп ару қыздарымызға, аналарға тапсырманы орындауға рұқсат береміз. Ал, кәне арулар, аналар іске сәт!
IІІ кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т. б.) Өз шеберліктерін көрсету.
Тәрбиеші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- деп аналар мен әсем бүлдіршіндер өнерін тамашалайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 570
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
Аналар - асыл жандар
Аналар - асыл жандар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту; Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты
Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын
"Жауқазын" аруы
"Жауқазын" аруы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×