Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әріпі

04 мам 2014, Жексенбі
Бөлімі: Сауат ашу
Тобы: Даярлық топ
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
а/ ә дыбысымен оның әріп таңбасымен таныстыру
ә/ Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту. Есте сақтау, сөйлеу қаблеттерін арттыру
б/ Сауатты оқып жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: әріптің баспа және таспа түрі, әтеш, әткеншек, әліппелердің суреттері
Іс - әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Ұйымдастырушылық - оятушылық Кәне балалар біз бір - бірімізбен амандасып алайық.
Нұр құшып алыпты
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң достар
Балалар бізге бүгін қонаққа әже келіп отыр.
Кәне бәріміз әжеге амандасайық. Тәрбиеленушілер бір – бірімен амандасып алады.

Есенсіз бе әже?
Іздену ұйымдастырушы Әжеміз бізге құр қол келмепті, бізге жұмбағын ала келіпті. Кәне біріміз жұмбақты мұқият тыңдап шешуін тауып ала қояйық
Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айдары бар
Ауық - ауық азан салып
Өңеш керген айқайы бар. бұл не?
Біз бірінші қай дыбысты естіп тұрмыз?
Бүгін қай әріппен танысады екенбіз?
Балалар ә дыбысынан келетін тағы қандай сөздерді білеміз. Суретке қарайық.
Сонымен балалар, ә дыбысы дауысты дыбыс болып келеді. Ол сөздің басында, ортасында кездеседі. мысалы: Әже сөзінде басында кездесе, пәтер сөзінде ортасында тұр.
Енді балалар ә дыбысын бәріміз бірге ауада жазып көрелік.

Сергіту сәті

Отырамыз, тұрамыз,
Мойнымызды оңға, солға бұрамыз
Қолымызды жаямыз
Құстар болып ұшамыз
Аяқты бір басамыз
Тез - тез қадам жасаймыз
Қол соғамыз жабыла
Кәне тағы, тағы да
Енді балалар ә әріпін дәптерімізге таза, әдемі етіп жазамыз.
Сөз ойла, көп ойла ойынын ойнату.
Ә
Суретке қарап әңгіме құрастыру.
Әліппе дәптердегі сөздерді оқыту.

Әтеш
Ә дыбысы
Ә әріпі

Әтеш, әткеншек, әліппе
Ауада жазып үйренеді
Орындарынан тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.
2 топқа бөлініп ә дыбысынан келетін сөздерді айтысып жарысады.
Әже, әке, әтеш, әпке
Берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивтік түзету
Балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?
Ә дыбысы қандай дыбыс екен?
Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен?
Ә дыбысы
Дауысты дыбыс.
Ә дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.
7 070
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
А дыбысы және әрпі
А дыбысы және әрпі
Баларға өткен сабақты еске түсіре отыра, «А» дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Қостанай қаласы №9 мектепте бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Элия Жакыпкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×