Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріншіге барамыз!

28 мам 2014, Сәрсенбі
Тақырыбы: «Биыл күзде мектепке, біріншіге барамыз!»
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу
Көрнекілігі: Суретті плакат, қанатты сөздер, шарлар, дидактикалық материалдар.

Жүрісі:
Тәрбиеші: - Қымбатты ата - аналар, ұстаздар! Біздер бүгін жыл бойы тәрбиелеп келген бүлдіршіндерімізді бірінші сыныпқа аттатқалы отырмыз, бір жасқа үлкейген олар енді күзде бірінші сыныпқа барады. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке. Ендеше «Биыл күзде мектепке, біріншіге барамыз!» тақырыбындағы ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын. Балалар жыл бойы алған білімдерін ортаға салып, өздерінің қаншалықты дәрежеде білімді, ақылды, өнерлі екендерін көрсетеді. Бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
(Балалар «Ботақан» және «Құлыншақ» топтарына бөлініп отырады)

«Ботақан» тобы:
«Құлыншақ» тобы:
Алима: Армысыздар, мұғалімдер қымбатты.
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Дильназ: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырмалар беремін. Соны мұқият орындауға тырысайық, жарай ма?
Балалар: - Жарайды!

І – тапсырма орыс тілі пәні бойынша тақпақ айту:
Ақтоты: Мой веселый звонкий мяч,
Ты куда пустился вскач?
Желтый, красный, голубой
Не угнаться за тобой.

Нұрислам: Идет коза рогатая,
Идет коза бодатая.
Ножками топ - топ,
Глазками хлоп - хлоп.

Тәрбиеші: Қызықтырып өнерге
Жетелеймін баланы
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы,
Әнші, биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулысам
Өнер отын жағады - дей отырып, сахнаға жас өнерпаздарды шақырамын.
«Көңілді мереке» биі. Орындаушылар: Айбек - Ақтоты, Ерқанат - Гүлназ, Арнұр - Алима

ІІ – тапсырма математика пәні бойынша: а) Санамақтар айту.
Жасұлан (киім - кешек туралы), Сағадат (үй жануарлары туралы)
ә) Ойын: «Күн шуағы»
- Балалар мынау қандай пішін?
- Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата - анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.
1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? (4)
2. Бір аптада неше күн бар? (7)
3. Машинаның дөңгелектері нешеу? (4)
4. Қазір қай мезгіл? (көктем)
5. Бағдаршамда неше көз бар? (3)
6. 8 наурыз кімдердің мерекесі? (аналарымыздың)

Вальс. Орындайтындар бір топ тәрбиеленушілер.

ІІІ – тапсырма құрастыру пәні бойынша: бірнеше бөлікке бөлінген суретті құрастыру арқылы табу, атын айтып, сипаттама беру.
«Қызыл Телпек» ертегісінен көрініс. Рөлдерде: Қызыл Телпек – Қуанғали Мәдина,
қасқыр – Атажанов Ерқанат,
әже – Жолжанова Дильназ,
анасы – Абат Сағыныш,
аңшы – Мүбарак Дәулет

ІV – тапсырма тақпақтар айту:
Жангелді: Биыл күзде мектепке, Айбек: Өзіңді үлгі ұстаймын,
Біріншіге барамын Айтқаныңнан шықпаймын
Мақтанбаймын мен текке Мен балапан құстаймын
Дайын дәптер қаламым. Баулыдың сен мұғалім
Мынау есеп кітабым,
Мынау әйбат әліппем,
Бәрін жинап сақтадым
Білімге жол аттадым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 183
0
  • 100
16 дауыс


Жаңалықтар
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Мектепалды даярлық тобының оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Біріншіге барамыз!
Біріншіге барамыз!
1 – жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар! 2 – жүргізуші: Бармысыздар, ұстаздар мен ата – аналар! 1 – жүргізуші: Біздің сүйікті даярлықпен қимастықпен қоштасқалы отырған кішкене бүлдіршіндерімізді құрметпен қарсы алайық.
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қонарбаева Жеміс Абдошовна
Қош бол балабақшам!
Қош бол балабақшам!
Қуан шаттық, алақай Қуанатын күн бүгін Балабақшамен балақай Қоштасатын күн бүгін
Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын
Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын
Жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×