Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлік

17 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Айналамен таныстыру

Сабақ тақырыбы: Төрт түлік
Сабақ мақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыра отырып, төлдерін атау, алынатын өнімдер туралы әңгімелеу.
Малды шақыру\қоралау\. Балаларға төрт түлікті бағып күту туралы түсіндіру. Ойын, тілдік қорын, дүниетанымын кеңейту.
Әдісі: Сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: Ойындар. Суреттер. Интерактвиті тақта. СД дискі («Табиғаттың сиқырлы әуені»), ойыншықтар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері.
Аспанымыз ашық болсын,
Хан туымыз биік болсын.
Әке - шешем аман болсын.
Деніміз сау болсын.

ІІ. Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойныша жұмыстар жүргізу. Малдардың төлдерін атау.
(Боталы түйе, бұзаулы сиыр, қозылы қой, лақты ешкі, құлынды бие, жылқы.
Малдың пірлері: қойдың пірі Шопан ата.
Мал ұрпақ көбейтеді, төлдейді.
Ешкі лақтайды.
Түйе боталайды.
Жылқы құлындайды.
Сиыр бұзаулайды.
Қой қоздайды.

Сурет салу. Қойдың суретін салу.
«Кім тапқыр?» Берілген сөздерге сөйлем құрап айту.
Сиыр бұзаулайды. Қорада қой қоздады.

Сергіту сәті. Біздің үйдің ешкісі
Күнде тәртіп бұзыпты
Балаларды сүзіпті,
Жемістерді үзіпті
Міне, осындай алыпты
Анам көріп қалыпты
Мүйізін қағып алыпты.

Дыбыстық жұмбақ. СД дискіден малдардың даусын айырып, шақыру.
Сиыр - әукем, әукем; Қой – пұшайт, пұшайт; Ешкі – шөре, шөре; Түйе – көс, көс; Жылқы – құрау, құрау.

Жұмбақтар шешу.
Қабат – қабат тоны бар
Кішкентай ғана тоны бар
Айналдырып киген тоны бар. \қой\
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. \сиыр\
Киелі бір жануар
Үстінде екі тауы бар. \түйе\.

«Артығын тап» ойыны.
Сиыр, түйе, жылқы, қоңыз, қой.

Сабақты қорытындылау.
Біз нені үйрендік? Не туралы әңгіме айттық?
10 921
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Төрт түліктің кеңесі
Төрт түліктің кеңесі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қызылту орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гүлім Нақыпқызы
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Халқымыздың төрт түлігі
Халқымыздың төрт түлігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×