Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің Наурыз!

27 қазан 2014, Дүйсенбі
Кіріспе сөз
Қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленеді, яғни күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан ертедегі адамдар наурыз күнін жаңа жыл басы - ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуаныш пен қарсы алған, жұрт ел аралап, наурыз көже ішіп, палуан күресіп, ойын саулықпен өткізген. Сол себепті біз бүгін ертеңгілігіміз “Қош келдің Наурыз!”- деп атап отырмыз.
Наурыз келсе, құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
(шашу шашылады)

Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар!
Босқа қарап қалмаңыздар!
Наурыз тойы басталды
Көргендерде арманда,
Көрмегендер де арманда,
Наурыз тойы басталды.
1 - ші оқушы:
Келді Наурыз жар салып,
Би билейік ән салып,
Жылда үлкен Ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып.

Сәлем ана, алтын күн
Сәлем қарты халқымның
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз дей отырып ортаға “Наурыз” хорын шақырайық.

Наурыз
Кел, балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Қайырмасы:
Наурыз, наурыз, наурыз жыл басы
Наурыз, наурыз - бақыт жалғасы
Наурыз, наурыз, наурыз жыл басы
Наурыз, наурыз - бақыт жалғасы
2. Алпыс жылдай жоғалып,
Қайта оралған наузызым.
Талаптарды тас бұзып,
Сайраңдауда ұл - қызың.

Қайырмасы:
Наурыз, наурыз, наурыз жыл басы
Наурыз, наурыз - бақыт жалғасы
Наурыз, наурыз, наурыз жыл басы
Наурыз, наурыз - бақыт жалғасы.
Мұғалім: Жыл басы - Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
2 - ші оқушы:
Ата - бабам тойлаған
Наурызым армысың!
Қызығыңа тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.
Сұлу қазақ қыздарын ортаға шығыс биіне шақырамыз. Ортада шығыс биі тамашалаңыздар.
(шығыс биі)
Мұғалім: Көктем күйін бастады
Өз өнерін асыра
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына
Ортаға әнші қыздарымызды шақырайық. Ортада “Қошақан ”әні қабыл алыңыздар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 879
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×