Білімділер поралы

Көктемгі гүлдер

Сабақ тақырыбы: Көктемгі гүлдер
Мақсаты:
1. Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашалығымен таныстыру, жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту.
2. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, субояқты дұрыс пайдалануға, алақанмен жұмыс жасауға үйрету.
3. Табиғаттағы гүлдерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сөздік жұмыс: көктемгі гүлдер.
Педагогикалық технология: ойын технологиясы
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндірмелі - иллюстративты
Көрнекіліктер: гүлдердің суреті, субояқ, слайд, бейне - ролик, өлең.
Әрекет кезеңдері: тәрбиешінің іс - әрекеті, балалардың іс - әрекеті, мотивациялық қозғаушы.
Күтілетін нәтиже: баланың білуі керек көктем мезгілінің ерекшеліктерін
Болуы керек: көктемгі гүлдер жайлы түсініктері
Қолынан келуі: саусақпен ұқыпты бояуы

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Сабағымыздың әр кезі,
Сәттілікке толсын!

Балалар, бүгін ерекше күн! Біздерге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық:
Үлкенге сіз, кішіге сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Енді балалар, шаттық шеңбер жасап бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
- Мейірімді болайық!
- Әрқашан әдемі болайық!
- Аналарымыз аман болсын!
- Күніміз жарық болсын!

Іздену кезеңі (кіріспе әңгіме):
Жақсы, енді балалар орнымызға жайғасып отырайық.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем неше ағайынды?
- Өте жақсы. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер. Көктем мезгілінде далада, қырда әдемі көктем гүлдері шыға бастайды.

Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек, содан кейін қызғалдақ, сарғалдақ ақ гүлдер шыға бастайды.

Көктемде, көктемде
Күн нұрын төккенде,
Көк шыбық былтырғы
Көктеді, гүлдеді
(бейнефильм, бәйшешек, сарғалдақ, қызғалдақ, ақ гүл өсіп шығуы)
- Мен көктемде өсіп шығатын гүлдердің суретін салған едім, салайын десем бояуым таусылып қалыпты. Сендерде бояу бар ма, балалар?
- Иә, бар.
- Маған көктем гүлдерін салуға көмектесесіңдер ме?
- Иә, көмектесеміз.
- Балалар, бүгін өтетін тақырыбымыз «Көктемгі гүлдер»
- Балалар, біз сурет бояғанда қылқалам пайдаланатын едік, бірақ бүгін алақанмен бояп жұмыс жасаймыз. Ақ қағазда құмыраның суретің саламыз. Құмыраны көктем гүлдерімен толтырамыз. Алақанмен қалай бояйтыңдарымызды көрсетейін. Алақанымызды субояққа батырып, ақ қағазға алақанымызды басамыз. Саусағымызды ылғалды сүрткішпен сүртеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 33
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 33
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика