Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7-ге дейінгі сандарды санауды пысықтау

29 қазан 2012, Дүйсенбі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы
«Мектеп алды даярлық» тобы тәрбиешісі
Шынар Мүберекова

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық», «Қатынас»
Оқу іс - әрекет тақырыбы:7 - ге дейінгі сандарды санауды пысықтау
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қазалы ауылы
№9 «Балауса» балабақшасы
«Мектеп алды даярлық» тобы тәрбиешісі Шынар Мүберекова

Мақсаты
1. 7 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауды үйрету. Қисынды есептерді бере отырып, логикалық қабілеттерін арттыру.
2. Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін ойын әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, өз күшіне сенімділігін арттыру.
3. Бір - біріне деген достық қарым - қатынасқа досының еңбегін қуанышын сезіне білуге тәрбиелеу
Әдіс - тәсілдері
Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, көңіл - күй психологиялық тренинг
Көрнекілігі
Таудың суреті, қыран, қарлығаш, айдаһар бейнесі, сандар жазылған алқалар. Аю, түлкі, тиын суреті.

Мотивациялық кезең
Қайырлы таң балалар, Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Дәл осындай көңіл - күйде болу үшін бір - біріміздің қолымыздан ұстап тұрайық. Енді бір - бірімізге күлімсіреп мейірім төге қарайық. Қандай әдемісіңдер балалар, бүгінгі күндерің қуанышты өтуіне тілектеспін.
(Жылы лебіздерін арнайды)
― Балалар біз өткен математика сабағымызда қандай санмен таныстық.
― 7 санымен.
― Бүгінгі сабағымыздың түрі жарыс сабақ болмақ. Қане 2 топқа бөлініп орнымызға жайғасайық.
ҚЫРАН ТОБЫ
ҚАРЛЫҒАШ ТОБЫ

- Балалар сабағымызды бастамас бұрын әр топтың басшысы өз тобының атын қорғап, бізге өлең айтып берсін
ҚЫРАН ТОБЫ Ғарифолла:
Білімнің биік шыңына,
Қанат қағар қыранбыз.
Жауап табар сауалға,
Біз білімпаз баламыз
ҚАРЛЫҒАШ ТОБЫ Перизат:
Біз балдырған баламыз,
Білімді біз боламыз.
Биікте ұшып самғайтын,
Қарлығаш тобы боламыз

Ізденушілік, ұйымдастырушылық
Тәрбиеші:
- Балалар, сендердің естеріңде ма “Ханшаның сақинасы” деген ертегі.
Ол ертегіде хан қызына сыйлаған ханзаданың сақинасын айдаһар алып кетіп шың басына жасырған еді ғой, ханзада көп қиыншылықпен сақинаны алып келген еді ғой. Сол, ханшаның сақинасын айдаһар тағы алып кетіпті. ханзада біздерден көмек сұрап хат жолдапты. Көмектесеміз бе балалар? (балалар жауабы)
( Осы кезде айдаһар келеді)
Айдаһар:
- А, балалар, амансыңдар ма? Естуімше сендер ханзадаға көмектеспексіңдер ғой. Жоқ, мен сендерге шың басындағы сақинаны алдырмаймын, сендер ол жаққа жете алмайсыңдар.
- Біз “Қарлығаш” тобы мен “Қыран” тобы қайтсек те шыңға шығамыз досымызға көмектесеміз. (балалар жауабы)
Айдаһар:
- Жарайды онда сендердің білімдеріңді байқайын.
Менің достарым сендерге тапсырма беріп жіберді орындап көріңдер.
Естіп қалып сыбдырды,
Ой - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Тапсырма кімнен екен балалар?
- Қояннан (балалар жауабы)
ҚОЯННЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:
Біз жеті ағайындымыз, түріміз бірдей бойымыз бірдей күніміз бірдей, атымыз бөлек.
- Аптаның жеті күні (балалар жауабы)
Айдаһар:
Дұрыс келесі жұмбақты шешсеңдер жұмбақтың иесін табасыңдар.
Балды жақсы көреді,
Орманда өмір сүреді.
Тапсырма кімнен екен балалар?
- Аюдан (балалар жауабы)
АЮДЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
Мама бердім 3 жаңғақ,
Папама бердім 3 жаңғақ,
Қолымда қалды 1 жаңғақ.
Барлығы нешеу?
- Жеті жаңғақ(балалар жауабы)
Айдаһар:
Өзі қу, жүрген жері шу
Тапсырма кімнен екен балалар?
- Түлкіден (балалар жауабы)
ТҮЛКІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ
ОСЫ САНДАРДЫҢ КӨРШІСІН ТАП
... 3...
... 5...
... 4...
СЕРГІТУ СӘТІ
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі
Тәрбиеші:
Балалар, біз айдаһардың барлық сұрағына жауап бердік. Енді сақинаны алуымызға болады.
Рефлекциялық
(жеңіп шыққан топ сақинаны алады)
Айдаһар:
- Балалар, достыққа берік екенсіңдер. Әр қашан бірліктерің болсын. Қош болыңдар!(Айдаһар қоштасып шығып кетеді)
Көршіңді тап ойынын ойнату.
2 топтың балаларына сан жазылған алқа тағу. Музыка әуені тоқтағанда әр сан өз көршісін тауып ретімен тұрады.
Күтілетін нәтиже:
Қисынды есептер арқылы, логикалық ойлау, жылдам жауап беру қабілеттері артады.
7 106
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
Мақсаты: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын дамыту. 11, 12, 13 – сандарының ондықтармен бірліктерден тұратынын түсіндіру. Өткенді қайталап, білімдерін тия нақтылау, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау. 1 - 20 көлемінде реттік санауға үйрету. Тура және кері санау.
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
Атырау қаласы, М. Әуезов атындағы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Алима Бекболқызы
"Сандар сыры"
"Сандар сыры"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балалар бақшасының тәрбиешісі: Серікбаева Клара Тоғамысқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×