Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер әлемінде

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Ертегілер әлемінде
Технологиялық карта
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: тіл дамыту
Мақсаты: Суреттер арқылы әр түрлі ертегілерге сипаттама бере отырып, сөйлеу, ойлау, тыңдау қабілеттерін, тіл байлығын дамытып, сөз қорын жетілдіру. Фланелеграфта пайдалану арқылы әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, жаман мен жақсыны ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, ертегі кейіпкерлері, суреттер, ертегіні құрастыру бейнелері, атрибуттар.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.
Билингвалдық компоненті: арыстан - лев, жолбарыс - тигр, қасқыр - волк, түлкі - лиса.
Жаңа сөз: саятшы - аң аулайтын адам.

Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегеміз - мына біз.
Шаңырақ болып иіліп,
Киіз үйді құрамыз.

Бір - бірімізді қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті қорғаймыз.

Кім біледі? ойыны.
- Балалар, өткен сабақта қандай ертегілер оқып білдік?

Интерактивті тақтада көрсетілген кейіпкерлер арқылы ертегілер тақырыбын айтады.
- Балаларға екі топқа екі ертегі суреті үлестіріледі, құрастыру қажет.
- Құрастырылған ертегіні әр топтан бір бала шығып әңгімелейді.
1 - топ. "Түлкі мен жолбарыс"
2 - топ. "Арыстан мен түлкі"
- Ертегілердегі кейіпкерлерді ата.
- Бұл ертегіде нені білдік?
- Арыстан қандай аң?
- Екі ертегіні салыстырайық.
- Ертегідегі арыстан, жолбарыс, түлкі қандай аңдар?
- Аңдар туралы кім өлең, тақпақ айтады?

Жұмбақ құрау.
(балалар триз әдісін пайдаланып жұмбақ құрайды).
- Түлкі қандай аң?
- Түлкі не істейді?
- Түлкінің белгілеріне қарай жұмбақ құрау.

Сергіту сәті.
Екі қанат қазда бар,
Қаз іздесен суға бар.
Екі қанат құста бар,
Мықты болсаң ұстап ал.

Ұйымдастыру - іздестіру
Жаңа білім.
-"Қызыл телпек" ертегісімен танысамыз.
Интерактивті тақта арқылы берілген суреттер бойынша ертегіні әңгімелеп айтып беру.
- Ертегідегі кейіпкерлер кімдер?
- Әжесін жұтып қойып, орнында жатқан қасқыр көрпені тұмсығына дейін жауып алып, жасырынып жатты. Қызыл телпек әжесін таныды ма?
- Әжесіне не айтты?
- Қасқыр не деп жауап берді?
- Әжесі мен қызыл телпекті кім құтқарды?
- Аңшы деген кімдер?
- Саятшы - деп атайды.

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін
орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Абишева Зада Нуркановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қой
Қой
Өзі момын Шопан ата баласы Жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар. Аппақ қана сүті бар, шағаладай құрты бар, Бұл қай жануар баласы?
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ертегілерге саяхат
Ертегілерге саяхат
Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ - жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу.
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
«Бауырсақ» ертегісі желісі арқылы баланың оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарын оятып, сахналау шеберлігін арттыру. Қиялын, тіл байлығын ойлау қабілетін дамыту. Саусақ моторикасын дамыту.
Ұр, тоқпақ ертегісі
Ұр, тоқпақ ертегісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Айман Хамитовна
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×