Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Д дыбысы мен әрпі

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Мақсаты:
1) «Дд» дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
2) Сөйлем ойлап табуына назар аударып, сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3) Ертегі - саяхаты арқылы балалардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе әріптер, касса, карточка, суреттер, текшелер.

Іс – әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
- Балалар шаттық шеңберіне тұрайық.
Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн!
Жан досым,
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым!

Бір – бірімізді қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сабаққа жақсы қатысайық.
АКТ.
- Балалар, бүгінгі сабақта «Білім еліне» саяхатқа шығамыз. «Білім еліне» барар жолда әр түрлі кедергілер кездеседі. Кедергілерден өту үшін, тапсырмаларға жауап береміз.
1 - кедергі. Өзеннен өту.
-«Әріп дыбыстан» өткен әріптерді атау.
-«Әріп - тастамақ» ойыны.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қай үйге апарамыз? Неліктен?
- Ал дауыссыз дыбыстарды қай үйге апарамыз? Неліктен?
Сұрақ – жауап: - Дыбыс деген не?
- Оны не істей аламыз?
2 - кедергі: Орманнан өту.
Қане, бірге оқиық.
3 - кедергі: Таудан өту. Ребус шешу. Сөз құра, ойла!
- Сергіту сәті
- Өте жақсы, балалар. Кедергілерден өтіп «Білім еліне» жеттік.
- Мақсатымыз жаңа білім алып, білімімізді шыңдау.
Ол үшін білімдеріңді, жақсы істеріңді көрсете білу керек.

Ұйымдастыру - іздестіру Жаңа білім.
Жұмбақ
- Сол аяқ пен оң аяқ, Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді.
- Доп қай әріптен басталады?
- Ендеше бүгін «Дд» дыбысымен танысамыз.
- Баспа, жазба түрін көреміз.
- Дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
- Қандай текшемен белгіленеді?
- Доп сөзін текшемен жазыңдар. Буынға бөл, неше буын?
- Дыбыстық талдау жасаймыз.
Доп суретін үлестіремін.
- Доппен қандай ойын ойналады?
- Домбыра, велосипед, Айдана. «Д» дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді.
- Балалар, ал қазір үлгі бойынша «Д» дыбысының бас әрпін және кіші әрпін бастырып жазайық.
Ауада жазу. Дәптер көзіне жазу.
- Жаңылтпаш.
Топ бала топтана, Қуып жүр, допты ала.
- Көз жаттығуы.
- Қане, бірге оқиық.
- Сөйлем құра, ойла.
- Сөз құра, ойла.

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін
орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Абишева Зада Нуркановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 237
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең, жаңылтпаш айту).
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Балаларды в дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Ә дыбысы және әрпі
Ә дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кенжина Айгул Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×