Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол балабақшам!

01 қараша 2012, Бейсенбі
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам қыстағы
№4 «Күн - нұры» балабақшасының ересектер тобының тәрбиешісі
Жиенбаева Гүнәр Қунтайқызы

Тақырыбы: Қош бол балабақшам!
Зал іші ертеңгілікке сай безендірілген.
Тәрбиеші: Қымбатты ата - аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Қуан шаттық, алақай
Қуанатын күн бүгін
Балабақшамен балақай
Қоштасатын күн бүгін
Жасымызға жас толып біріншіге барамыз.
- келе сүйікті балабақшамен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды ортаға қошеметпен шақырамыз.
Айналайын балалар,
Алда мектеп ана бар
Өздеріңмен өседі
Өнерпаздар даналар
Жеті жасқа жеттіңдер
Алуға терең білімді
Мектепке бағыт алыңдар
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
Хормен Құтты болсын тойларың.
Тәрбиеші: Еліміздің рәміздерін құрметтеуде мемлекеттік әнұран орындалады.

Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барсыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Ертеңгілігімізді ашу үшін балабақшамыздың меңгерушісі Перуза апайға сөз кезегін береміз.

Дулат: Қадірменді апайлар,
Нұрай: Қымбатты апайлар
Сымбат; балабақша қызметкерлері
Рита: Аяулы ата - ана
Хормен «Көгершін» тобының «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Сымбат: Құтты болсын қадамдарың қонақтар
Біздің тойдың көрермені болыңдар
Тамашалап балалардың өнерін
Марқайып, алақанды соғыңдар
Дулат: Ақтілекті ағылтып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңде көркем шаттық арайы

Нұрай: Өтсін осылай әр күнің әр арайың
Шашу шашты аналар
Сыңғырлады қоңырау
Тойымыздың шашуын сәт сапарға теңеңіз

Рита: Сөзіме құлақ салыңдар
Бір серпіліп қалыңыз
Қоштасуға арналады
Бүгінгі жыр әніміз
Біз оқушы боламыз
Оқу білім аламыз
Хор «Сәлем саған мектебім»
Сымбат пен Нұрайдың орындауында «Біріншіге барамыз» әнін қабыл алыңыздар.

Гүлсезім: Алтыға толып биыл мен
Әдепті бала боламын
Қуантып ата - анамды
Мектепке кетіп барамын

Рита: Қызық күндер өткіздік
Балабақша баяғыда
Көп ойнадық, көп күлдік
Ел мен Отан жайында

Әділет: Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер білім үйреніп,
Білімді ұрпақ боламыз

Бекзат: Алтыға толдым биыл мен
Оқушы болып киінем
Арқама сөмке асынып,
Мектепке барам асыға
Арайлымның орындауында аналар әні.

Тәрбиеші: Бірге болсын тойымыз
Құтты болсын тойымыз
Қыздарымыз шаттана
Би билейді тамсана

Перизат: Оқушы ертең боламыз
Оқимыз сауық құрамыз
Жақсы оқып сабақта
Кілең бестік аламыз

Ерасыл: Міне менде үлкен болдым
Жасым толды жетіге
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен
Ардақ: Биыл күзде мектепке
Біріншіге бармын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын кітап дәптерім
Аудандық әнші балапан байқауынан жеңімпазы Ақниеттің орындауында «Бипыл» әнін қабыл алыңыздар Биші қыздар: Гүлсезім, Рита, Азиза, Сымбат

Нұржас: Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып жазып үйрендік

Мансур: Балабақша қош енді
Әркез аман бол дейміз
Әкем менен анамды
Енді ертіп келмеймін

Ән: «Асыл әжем» Сымбаттың орындауында
Азиза: Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Балалықты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Жанель: Үйретіп сөйлесуге
Сізден ойым өседі
Мен мектепке барамын
Балабақша қош енді

Айжан: Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бақшамен
Мектепке біз барамыз
Ендігі кезекті әнге береміз.
Ән, би

Нұрай: Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтанда біз оған
Құрметті Перуза апай рахмет деп айтамыз

Сымбат: Тәрбиеші апайларға
Ақыл кеңес береді
Бар адамның жүзіне
тек жақсылық көреді

Әдіскер Анар апайға мың алғыс.
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психолог апаймен
Біріншіге барамыз

Жанель: Есеп - қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс кіргізетін
Апайымыз Забидаға
Біз айтамыз мың алғыс.

Гүсезім: Дәрумен жеп қолынан
Өскен сәби боламыз
Дәрігер Ләззат апайға
Алғыс айтып барамыз
Айдын: Бізде мұнда әрдайым
Бәрі, бәрі дап - дайын
Қамымызды ойлаған
Қоймашы Алтынкүл апайға мың ағыс!

Рахат: Томпиған тәтті бауырсақ
Аппақ жуған сүлгісі
Шебер қолды аспазшы
Апайлар есте қалады
Бал татырған Жұмагүл, Айгүл, Гүлайым апайларға рахмет айтамыз.

Ермұрат: Ақ төсекке жатқызған
Тәтті тамақ ұсынған
Бала болып ойнаған
Тәрбиеші көмекші апайларға алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Тәрбиеші балаларға алқасын, жұмыстар жинағын, портфолиосын тапсырып, винеткаларын береді
Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік алыңдар
Көк жүзінде самғаңдар
Тауды бұзып, тас жарып мұхиттарды жалғаңдар
Күллі әлемді шарлаңдар,
Ғарышқа да самғаңдар
Хор: «Қош бол балабақшамыз»
Қош сау болыңыздар.
21 941
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×