Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық сайыс

28 наурыз 2015, Сенбі
Тақырыбы: Математикалық сайыс
Мақсаты: Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындай отырып, 10 көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттардың көлемін, орналасу кеңістігін анықтауға және уақытты бағдарлауға жаттықтыру. Геометриялық пішіндерден бейне құрастыру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Математикалық ойындарға деген танымдық қызығушылығын тәрбиелеу.
Керекті құралдар: цифрлар, цифрлар кестесі, цифрлармен сәйкестендірілген әріптер тізбесі; әр қабатта жануарлар мен заттар орналастырылған үйшік; бала санына қарай қатты қағаздан жасалған саңырауқұлақтар, шыршалар; жылдың төрт мезгілі бейнеленген мазмұнды суреттер; геометриялық пішіндер, сандар мен әріптерден құралған ребус.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдер: кестемен жұмыс, дидактикалық ойын, құрастыру

Жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті қонақтар, мектепалды дайындық тобында өткізілетін математикалық сайысқа қош келдіңіздер!
Сайыс бағдарламасы балаларымыздың игерген білім қорын нақтылай түсетін ойын - тапсырмалардан құралған.
Олай болса, ортада «Көңілді пішіндер» тобы және «Сиқырлы сандар» тобы. Сайыскерлер, өздеріңнің үйренген білімдеріңді бүгін ортаға салатын сәт туды. Егер өте жақсы жауап берсеңдер - қызыл жалаушамен, жартылай жауап берсеңдер – көк түсті жалаушамен, ал жауап бере алмасаңдар - жасыл түсті жалаушамен бағалайтын боламын.

Сайыс барысы:
Сайысымызды бастайық,
Асықпайық, саспайық.
Білгенімізді ортаға
Мүдірмей ашық тастайық.

1 тапсырма. 1 - ден 10 дейін санау (кестемен жұмыс)
Балалар, барлығымыз 1 - ден 10 - ға дейін санап білеміз ғой, солай ма? Онда менің тапсырмамды мұқият тыңдаңдар. Алдарыңдағы сандар кестесіне мұқият қараңдар да, қандай сан жоқ және не артық екенін анықтап айтыңдар.
1 кесте. 9 саны жоқ; А әрпі артық.
2 кесте. 5 саны жоқ; үшбұрыш а
2 тапсырма. Оқы және шешуін тап. Екі топқа төрт әріптен құралған сөз құрастыруға – 4 мысал беріледі.
Топ мүшелері үстелге жақындап бір конверттен алыңдар. Топтарыңмен бірігіп конверттің ішінде берілген есептерді шығара отырып, шыққан санды мына кестеде көрсетілген әріппен белгілеулерің қажет.
2+1=О
3+2=Т
5 - 1=А
4+3=Н
О Т А Н
3 5 4 7

1+3=А
2+4=У
5 - 4=Ы
4 - 2=Л
А У Ы Л
4 6 1 2

Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Біздің ауылымыз - Ақтоғай.

3 тапсырма. Кім, не қайда орналасқан?
Балалар алдарыңдағы үйшікте кім қай қатарда, қай терезеде тұрғанын сурет бойынша айтыңдар.

4 тапсырма. Көлемді анықта.
А) Саңырауқұлақтарды өсу ретімен қойыңдар.
Ә) Шыршаны кему ретімен қойыңдар.

5 тапсырма. Келесі тапсырма - жылдың төрт мезгілі берілген. Сендер осы төрт суреттің бірін таңдаңдар да, жылдың қай мезгілі екенін дәлелдеңдер.

6 тапсырма. Балалар, сендер апта күндерін білесіңдер, солай ма?
Олай болса тұрған қатарымызбен апта күндерін атап шығайық. Бүгін аптаның қай күні? Демалыс күндерді қалай атаймыз?

7 тапсырма. Ендігі тапсырмамыз «Сиқырлы пішіндер» деп аталады. Екі топқа сиқырлы геометриялық пішіндерден зымыран мен пойыз құрастыру керек. «Көңілді пішіндер» тобы пойызды, ал «Сиқырлы сандар» тобы зымыранды құрастырсын. Ендеше, іске кірісіңдер!
5 143
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір - бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Қызықты математикалық тапсырмалар
Қызықты математикалық тапсырмалар
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×