Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана-ән, бала оның қайырмасы

25 қараша 2012, Жексенбі
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы

Ана-ән, бала оның қайырмасы
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар!
№9 «балауса» балабақшасындағы «Балдырған» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Ана-ән, бала оның қайырмасы»- атты отбасы сайысына қош келдіңіздер!
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бақытты балдәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі.
Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да заман талабына сай ақылды да, парасатты, тәрбиелі болып өскенін қалаймыз.
Бүгінгі мерекелік сайысымызды ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ.Аширбековаға береміз.
Жұргізуші:
Уа, халайық, халайық
Бәріміз назар салайық
8-ші науырыздың
Сайысын біз бастайық - деп сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырсақ
1.Тахмина анасы Данамен
2.Ақнұр анасы Айгүлмен
3.Мерей әжесі Қалаш апамен
4.Еңлік тәтесі Мирашпен
5.Расул анасы Айгүлмен
6.Назым анасы Мәуегүлмен

Бүгінгі сайысқа баға берер әділ қазы алқаларын сайлап алсақ.
1.
2
3

Сайысты бастамас бұрын , сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

1.Өзін-өзі таныстыру
2.Өз өнерін көрсету(ән, би, көркем сөз)
3.Қазақтың салт дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап беру
4.Қонақ күтуге дайындық (салат, тамақ, ат қою түсіндіру)
5.Үй тапсырмасы(қол өнер бұйымдары)

Жүргізуші:
Білім, ғылым, өнерге
Қанат қағар кездерің
Ата салтын ертеңге
Жеткізетін өздерің, -деп
Сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз (өзін-өзі таныстыру)

Жүргізуші:
Өнерпаздар ортамызда
Өнерлерін көрсетер
әділ қазы таразылап
баға берер кемеңгер

Сайысымыздың екінші бөлімі (Өз өнерін көрсету)

Жүргізуші:
Салт-дәстүрім мұрасы халқымыздың
Ата-салтын ұстанар ұрпақ біздің
Олай болса халайық құлақ салсақ
Сауалына сайыста бүгін біздің

Сайыстың үшінші бөліміне кезек берсек(Қазақтың салт дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап беру)

Жүргізуші:
Анасына қолғанат
Барлық істе балақан
Қонақ күтіп, ас қамдау
Үйренеді анадан

Сайыстың төртінші бөлімі (Қонақ күтуге дайындық (салат, тамақ, ат қою түсіндіру)

Жүргізуші:
Қол өнерде шеберміз
Барлық істе өнерміз
Тапсырманы орындап
Алқаларға береміз - деп бесінші бөлім бойынша үй тапсырмасын әділ қазы алқаларына берсек.
Әділ қазылар бағасын таразылап бергенше «Балдырған» тобы бүлдіршіндерінің мерекелік өлеңдерін қарсы алсақ
Динара:
Жыл басы наурыз мереке
Ақнұрға әлем боянды
Аналар тойы береке
Тіршілік жаңа оянды

Нұрдаулет:
Мейірімді сымбатты
Қадірменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім десеңдер
Ол-ана

Перизат:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Анамыздан тараайды
Біздің ана тіліміз

Дамир:
Ең қымбатты өмірде
Ана екенін біліңіз
Ана жанын түсініп
Ойнаңыз да күліңіз

Мерей:
Құтты болсын ақ әжем
8-ші наурызың
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың

Ернұр:
Еркелесе күнім дейді
Ұрысқаны білінбейді
Маңдайымнан иіскеп мені
Құлыншағым күнім дейді

Аяжан:
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар

Мағауия:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
әжені де ардақтап
әдеппен бас иеміз

Дильназ:
Ақ анашым аппағым
өзің жайлы тақпағым
өзің жайлы әнімде
арнадым саған бәрін де
Хор «Туған күніңмен»

Жүргізуші:
Жүзден-жүйрік,
Мыңнан-тұлпар демекші енді сайысымыздың әділ бағасын таразылайтын әділ қазыларына берсек (марапаттаулар)
8 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз  ханшайымы - 2013
Күз ханшайымы - 2013
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №5 "Балғын" балабақшасының тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Ана біздің гүліміз
Ана біздің гүліміз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы «Ана біздің гүліміз» Тәрбиеші: Құрметті аналар, апайлар, балабақша бүлдіршіндері!
Ата Заңым-айбарым
Ата Заңым-айбарым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Ата Заңым - айбарым Жүргізуші: Құрметті бүгінгі «Ата Заңым - айбарым» атты мерекелік ертеңгілігіміздің
Қош  келдіңіз, әз - Наурызым
Қош келдіңіз, әз - Наурызым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Қош келдіңіз,әз – Наурызым!
Егеменді елім менің
Егеменді елім менің
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Егеменді елім менің Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан
Әрқашан күн сөнбесін!
Әрқашан күн сөнбесін!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы: Әрқашан күн сөнбесін Құрметті ата-аналар, апайлар және біздің ересектер тобының бүлдіршіндері!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×