Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақ ертегісі желісімен

28 ақпан 2016, Жексенбі
Алматы қаласы
МКҚК №162 бөбекжай - балабақшасы
Куспанова Жанат Рымғалиқызы – жоғары санатты тәрбиеші

II кіші топ
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
(Қатынас, таным, шығармашылық білім беру салалары бойынша)
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі желісімен...
Мақсаты:
1. Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындай отырып, өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, достық туралы балалар білімін кеңейту. Заттарды салыстырып, «қанша?» «тең» сөздерін қолдана отырып жауап беруге үйретуді жалғастыру.
2. Олардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту. Балалардың ынтасын арттыру. Шығармашылық дағдыларын жетілдіре отырып қиялын ояту.
3. Жануарларға, табиғатқа деген аяушылық сезіміне, бір - бірімен дос болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: достық, қауіпті.
Билингвальды компонент: дос - друг, ертегі - сказка
Көрнекілігі: қуыршақ театры, атрибуттар, слайд көрсету, таратпа материалдар.

Мотивациялық - қозғаушылық
Балалар музыка әуенімен кіріп, жартылай шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырап тұр даламыз
Жарқырап тұр қаламыз
Қайырлы таң балалар!

Есік қағылып қонжық келеді. Балалармен амандасып, қыс бойы ұйықтап жатқанын, анасынан адасып қалғанын, қазір жылдың қай мезгілі екенін сұрап білуге келгенін айтады.
Балалар қонжыққа көмектесеміз бе?
Қонжық балаларға көктем мезгілі туралы енді түсінгенін, орманға анасын іздеуге кететінін айтып, балалармен қоштасады.

Ұйымдастыру - іздестіру
Бауырсақ келеді. Балалар бізге адасып кім келді?
- Бауырсақ сен қайдан келдің?
- Ертегілер әлемінен келдім. Ата мен әжеден қашып кеттім.
Балалар Бауырсақ дұрыс істеді ме?
Неге?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Кішкентай балаларға жалғыз жүруге болмайды. Өйткені ол - қауіпті.
- Бауырсақ, сені орманда аңдар жеп қойса не істейсің?
- Жоқ, олар мені жемейді. Өйткені мен оларға өлең айтып беремін.
- Қандай өлең айтасың?
- Әжей қойма қырнаған, Екі уыс ұн жинаған Балқаймаққа шылаған, Пісіріп маймен сылаған Атайдан да құтылдым, Әжейден де құтылдым Қоян сенен құтылу Қиын емес бұл маған!
Интерактивті тақтадан слайд көрсету.
Міне бауырсақ ата мен әжеден қашып, орманға кетіп барады. Алдынан не кездеседі?
Қоян тапсырмасы бар екен, орындаймыз ба балалар?
Теңестіру, салыстыру.
Орманда ұшып жүрген көбелектерді гүлдерге қондырайық. Балалар біздің көбелектер жерге қонып алыпты, енді әр көбелектің төменгі жағына гүл қоямыз.
Гүлді күтеміз, аялаймыз. Ол адамға қуаныш әкеледі.

Толық нұсқасын жүктеу
3 478
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай - ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең.
Мақтаншақ қоян ертегісі
Мақтаншақ қоян ертегісі
Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Бауырсақ ертегісін сахналау
Бауырсақ ертегісін сахналау
Балалардың сөздік қорын жетілдіру негізінде тілдік құзіреттілігін қалыптастыру. Түрлі рольдерді қабылдай білуге және сөздерді түсінуге жаттықтыру. Ертегінің қойылымына қызғушылықтарын арттыру.
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Қысқы баспана
Қысқы баспана
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×