Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүк машинасы. Гараж

21 сәуір 2016, Бейсенбі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«№21 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі:
Сыздыкова Жансулу Сериковна

Құрастыру
Тақырыбы: Жүк машинасы.
Мақсаты: Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыру, құрылыс материалдарын пайдалануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту арқылы сүт таситын машина құрастыра білуге үйрету.
Керекті құралдар: әр балаға жеткілікті мөлшерде құрылыс материалдары, суреттер, әліппе - дәптері.
Әдіс тәсілдері: үлгіні талдау, көрсету, түсіндіру, машиналарды салыстыру.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: ойыншық машиналармен ойын ұйымдастыру. Қала (ауыл) көшелеріне саяхат жасатып, көлік түрлерін бақылату.
Сабақтың барысы: тәрбиеші бірнеше көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп, қандай машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді (жеңіл машина, автобус, сүт таситын машина, т. б.) Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау жасайды. Қандай бөліктері бар? Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай? Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып, әліппе - дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады. Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі. Құрылыс материалдарын пішініне, көлеміне қарай таңдап алып, жүк машинасының бөліктеріне сәйкес орналастыруға ұсыныс жа - сайды. Әліппе - дәптердегі суреттерге талдау жасалады.
— алдымен екі дөңгелек қойылады; (цилиндр пішінді бөренелер);
— дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады (жұқа тақтайша);
— кабинасы төрт бірдей қысқа кірпіштерден жасалып, үшеуі қатар қойылады да, біреуі ортадағы кірпіштің үстіне орналастырылады;
— ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;
— жүк таситын қорабы екі ұзын кірпіш, бір қысқа кірпіштен құралады;
— балалар іс - әрекетіне басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетіледі;
— балалардың өздігінен дербес шығармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі;
— 93 ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбектер мадақталып, ерекше аталып өтеді.
Отырамын рөлде, Сенімен тасимын,
Моторым, гүрілде. Көмір мен тасыңды.
Ойыншығым — машинам, Таудай ғып артамын,
Тарт алға асыға. Бидай мен арпаны.
Балаларға көлік түрлерінің пайдасы, ерекшелігі, не үшін қолданылатынын әңгімелетіп, өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтарын айтқызып, сабақты қорытындылайды.
Ескерту: Жүк машинасын сүт таситын машинаға өзгерту үшін құрылыс материалының бөліктерін ауыстыру арқылы жасалу жолдарын түсіндіреді.
Мысалы: жүк машинасының қорабын жасаған үш кірпіштің орнына дөңгелек цилиндр пішінді құрылыс материалы қолданылады.


Құрастыру.
Тақырыбы: Гараж.
Мақсаты: Құрылыс материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыра білуге жаттықтыру. Ойыншық машиналар көлеміне қарай гараж құрастыру. Құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Құрылыс материалдары. Сызба үлгі суреттер. Әліппе - дәптер. Үлкен және кіші ойыншық машиналар.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, суреттер мен сызба үлгілерді талдау, құрастыру жолдарын түсіндіру, ойын іс - әрекеті.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: жақын жердегі гаражға мақсатты серуен ұйымдастыру.
Сабақтың барысы: тәрбиеші балалардан көлік түрлерін айтуды сұрайды (автобус, троллейбус, жеңіл машина, поезд, ұшақ т. б.) "Жеңіл машиналарды кешке жұмыстан кейін қайда қояды? — деген сауал қояды. (Жауабы: гаражға). Тағы да қойылатын сұрақтар: Автобустарды ше? Троллейбустар қайда тұрады?" (автобус, троллейбус парктерінде). "Кімнің үйінде жеңіл машина бар? Әкелеріңмен гаражға барып көрдіңдер ме?" т. б.
Балаларға жұмбақтар шешкізіп, ойлау қабілетін арттырады.

Сымға асылып,
Жүр асығып. (Троллейбус).

Күні - түні көше кезіп зырлайды,
Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (Такси).

Табанында жолы бар Төбесінде қолы бар. (Трамвай).

Тәрбиеші: Балалар, осы жол көліктерінің бәрінің де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады. Оны гараж деп атайды. Гараж деп — бір машина тұратын жерді, ал "автотұрақ" деп әр түрлі және бірнеше транспорттың тұратын жерін айтады екен. Келесі сабақтарда автотұрақты да құрастырамыз деп, балалар әңгімесін тәрбиеші толықтыра келіп бүгін құрылыс материалдарынан гараж жасайтындарын айтады. Әр балаға ойыншық машина беріледі. Сызба үлгі суреттерге талдау жасайды.

Әліппе -дәптердегі үлгіге мұқият қарау ұсынылады, ондағы тапсырмаларды орындауға бағыт береді. Гараж неден жасалған? Құрылыс материалдарынан қабырғасына, төбесіне және есіктеріне қанша кірпіштер қоюға болатынын анықтап алады. Көлемін, пішінін, ұзындығын және қалай орналастыру керектігін келісіп алады. Кірпіштер саны құрылыс материалдарының көлеміне сәйкес таңдалады. Екі ұзын кірпішті немесе үш кірпішті қатар бірінің үстіне бірін қатар қойып — бір қабырғасын, дәл осылай екінші қарама - қарсы қабырғасын құрайды. Екі қысқа кірпіштен артқы бөлігін құрастырып қояды. Төбесін пластинамен жабады. Есігін екі жаққа немесе бір жаққа ашылатын етіп жасау баланың қалауы бойынша болады. Гаражды құрастыру үшін балаларға алдын ала берілген ұсақ ойыншық машиналардың көлеміне қарай гараж соғу ескертіледі. Құрылыс дайын болғанда машиналарын гаражға қойып, есігін жауып ойын іс - әрекетіне ауысады. Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі. Жақсы орындалған еңбек нәтижесі мадақталып қорытындыланады.
7 636
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Жүк мәшинесі
Жүк мәшинесі
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Г. Агайдарова
Мен тұратын көше
Мен тұратын көше
Сабақ тақырыбы: Мен тұратын көше
Қақпа құрастыру
Қақпа құрастыру
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Машина жасау
Машина жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×