Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Food. I Like/I don’tlike. Letter Uu

21 сәуір 2016, Бейсенбі
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Food. I Like/I don’tlike. Letter Uu»
Мақсаты: «Food» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен, жаңа Uu әрпімен таныстыру. Балаларға азық - түлік атауларын атауға және жай сөйлемдер құруға дағдыландыру. Тамақтану мәдениетіне баулу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, аудиодиск, плакаттар
Билингвальді компонент: pizza - пицца, ice - cream - балмұздақ - мороженое, juice - шырын - сок, manty - мәнті, egg - жұмыртқа - яйцо, bread - нан - хлеб, urial - таутеке, I like/ I don’t like - Маған ұнайды/ ұнамайды - мне нравится/мне не нравится.

Амандасу. Шаттық шеңбер құру.
Good morning children!
Cood morning!
Good morning!
Good morning to you!
Good morning!
Good morning!
We are glad to see you!
Өткен сабағымыздың жаңа сөздерін еске түсіріп қайталайықшы. Жануарлардын атын атайық. (Bear, monkey, foxy, tiger, elephant, lion)
Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырам. Жұмбақтың жауабын тауып көрейік.
Асты тас, үсті тас
Ортасында піскен ас( нан, хлеб, bread)
Жарайсыңдар балалар жұмбақтың шешімін дұрыс таптыңдар!
Бүгін біз тағам жайында әңгімелесеміз. Адам өмір сүру үшін жақсы тамақтануға тиіс. Құнарла тамақтар ішуіміз керек. Дәрумендерді көптеп жеуіміз керек. Сонда біздің бойымыз, ойымыз өседі күшіміз көп болады. Көп ауырмаймыз. Сергек жүреміз.

1 - тапсырма. Олай болса, тағамдармен танысайық. Бәріміз суретке қараймыз. Бірінші мен айтам содан кейін қайталаймыз.
pizza - пицца
ice - cream - балмұздақ - мороженое
juice - шырын - сок
manty - мәнті,
egg - жұмыртқа - яйцо,
bread - нан - хлеб
I like/ I don’t like - Маған ұнайды/ ұнамайды - мне нравится/мне не нравится.
Енді балалар жаңа сөздер кездесетін әнді тындайық.
Eggs and apples,
Pizza and cheese
Pears, bananas
And ice - cream
This is food.
It’s very good
Look at it
We all like it.
Балалар осы өлең жолдарын менен кейін қайталап айтамыз.

2 - тапсырма. Балалар мына суретте әртүрлі тағамдар көрсетілген. Осы тағамдарға I like/ I don’t like тіркестерін пайдалана отырып сөйлем құрайық. Қане кім бастайды? ( I like a banana. I don’tlike eggs.)
Сергіту сәті.
Sit down, stand up
Then jump, then run
Then sleep, then smile
And let’s have fun.

3 - 4 - тапсырмалар. Енді балалар жаңа әріппен танысамыз Uu әрпімен. Қане, балалар әріпті дауыстап, қайталап айтамыз. Мен осы әріптің жазылуын тақтаға жазып көрсетейін бәріміз қараймыз. Ауада жазамыз. Осы жаңа әріпке байланысты тақпақ айтып үйренейік. Балалар меннен кейін қайталап отырамыз жарай ма?
Urial - таутеке
Uu әрпі тұр басында
Тұяғы еш таймайды
Таудың құз жартасында.
Осы жаңа әріпке байланысты жаңа сөзді айтып үйренейік. Urial - таутеке яғни дала қойы дегенді білдіреді. Бұл өте сирек кездесетін жануар. Қазақстанның аумағын мекендейді. Мүйізді сұлу жануар. Таулы аймақтарда мекен етеді. Тау қойлары үйір болып жүреді. Шөппен қоректенеді.

5 - тапсырма. Балалар енді бәріміз суретке қарайық. Суретте өткен тақырыптағы сөздер. Бұл сөздерді бәріміз білеміз. Осы сөздердің ішінен бүгінгі өткен жаңа әрпіміз Uu әрпін тауып алып астын сызамыз. Сосын осы сөздерді ағылшынша атауларын айтамыз.
Жұмыс дәптерімізді ашамыз 31 - 32 бетті. Балалар өздерің жақсы көретін және жек көретін жемістердің суреттерін саламыз. Содан кейін сөйлем құраймыз.
Балалар бүгінгі сабаққа бәрің жақсы, белсенді қатыстыңдар. Бәріңе бес жұлдызша таратып берейін жақсы қатысқандарың үшін. Сонымен бүгін біз қандай тағамдармен таныстық. Қане есімізге түсірейік. Good bye children!
4 109
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Astana is the heart of the country
Astana is the heart of the country
Мақсаты: балаларға Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру.
My pet
My pet
to teach new words related to animals. To develop student’s listening, reading, speaking skills.
Food. I Like / I don’tlike. Letter Uu
Food. I Like / I don’tlike. Letter Uu
«Food» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен, жаңа Uu әрпімен таныстыру. Балаларға азық - түлік атауларын атауға және жай сөйлемдер құруға дағдыландыру. Тамақтану мәдениетіне баулу.
Sport
Sport
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лобанов орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сыйлыгул Захайқызы
My flat
My flat
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мекеева Замира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×