Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бесік

08 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасының
тәрбиешісі: Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

Ойын дамыту жобасы
Тақырыбы: Бесік
Мақсаты: балаларға бесік жайлы мағлұмат беру және тәжірибелік біліктілігін арттыру.
Міндеттері:
Балалардың жасы: 5 - 6 жасқа арналған жоба
Жобаның мерзімі: 1 апта қысқа мерзімді
Құрылымы: жеке – дара жұмыс
Қатысушылар: тәрбиешілер, балалар, ата - аналар

Жобаның түрлері:
1. Шығармашылық
2. Ғылыми - зерттеу
3. Ойын арқылы
4. Ақпараттық
5. Іздеу

Жобаның жүзеге асыру кезеңі:
Мотивациялық
Мәселе – қызметтік
Тәжірибелік
Күтілетін нәтижесі:

1 КЕЗЕҢ БЕСІК ЖЫРЫ
“... Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою - өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
... Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам,

2 КЕЗЕҢ - МАЗМҰНЫ
Баланы алғашқы бөлеу үлгісі өнегелі ұрпақ өсірген, қадірменді, жасы үлкен әйелге тапсырылады. Сәбиді бесікке бөлемес бұрын қарт аналардың бірі шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесікті айналдыра аластап шығады. Бұл - от пен оның иісінен жын - шайтан қашады деген сенімнен туындаған рәсім. Содан кейін тағы бір - екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің анасы түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Яғни, бұл үрдіс «тыштырма» деп аталады. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған әйелдерге «бесікке салар» кәдесі сыйға беріледі. Үлкендер батасын беріп, анасы мен баласының аман - есен болуына тілектестік білдіреді.

КӨРНЕКТІ МАТЕРИАЛ
БЕСІК ТҮРЛЕРІ (сурет)
Қазақ халқының бесігі
Ұйғыр халқының бесігі

БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1. Арқалық (арыс, белағаш) – ұзындығы 70 - 75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі, көлденең, жұмыр бел ағашы.
2. Бөген (алдыңғыбас, артқы бас) – негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
3. Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.
4. Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
5. Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама - қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.
7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
8. Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша аппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.
9. Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орнататын алмалы - салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола бастасымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

3 КЕЗЕҢ
ТӘЖИРЕБІЛІК КЕЗЕҢІ:
СЮЖЕТТІ - РОЛДІК ОЙЫН
«ҚУЫРШАҚТЫ БЕСІКТЕ ҰЙҚТАТУ»

Слайдын жүктеу
3 670
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тағдыры тарих - тал бесік
Тағдыры тарих - тал бесік
Халқымыздың салт – дәстүр мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру.
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылы, №41орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Бесік жыры
Бесік жыры
Жақсыбайкөл негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Ниязова Райса
Атажұрт (зияткерлік ойын)
Атажұрт (зияткерлік ойын)
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумалиева Дарига Исенгельдовна
Ою-өрнек сыры
Ою-өрнек сыры
Сүйесінова Қаламша Қаршығақызы Ақтөбе қаласы6 №31 «Күншуақ» МДҰ тәрбиешісі
Сарқылмас қазына Бесік жыры
Сарқылмас қазына Бесік жыры
Қазақтың қазынасының бірі бесік туралы әңгімелеу. Бесіктің жасалу құрылысы туралы, оны қолдану әдістерін білуге үйрету. Бесік жыры туралы мәлімет беріп, мағынасын түсіну.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×