Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы киімдер

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден селосы,
Ю. Гагарин атындағы орта мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна

Білім беру саласы: Қатынас
Пәні: Тіл дамыту
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Қысқы киімдер (сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: 1. Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
2. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
3. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: жылдың әр мезгілінің киімін киген қуыршақ, ұлттық киімдер үлгісі.
Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.

Ұйымдастыру
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
- Кәне, балалар, дөңгелене тұрып, бір - бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Негізгі бөлім
Әңгіме өткізу.
- Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Ауа райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Оқу іс - әрекетіне қуыршақ Айнұрдың келгенін, оның бір сандық киім алып келгенін хабарлайды.
- Айнұрдың үстіндегі киімді ата.
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қысқы киімдер.

Негізгі бөлім
а) Әр балаға киімдер бейнеленген суреттер таратып береді, балалар киімдерге сипаттама береді. Мысалы: Малақай – құлағы бар жылы баскиім, құлақшын.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима - иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы аяқ киім.
Ішік - іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Байпақ - етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.

б) Сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.
- Ішік, қолғап сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңдер. Қандай тон? Қандай етік?
- Қалың тон, қалың етік, жылы ішік, т. б.
- Қыста қалың тон киеміз. Әкемнің жылы ішігі бар.
- Тон, етік сөздері жуан естіле ме әлде жіңішке естіле ме?
- Тон сөзі жуан естіледі. Өйткені тон сөзіндегі о – жуан дауысты дыбыс. Ал етік сөзі жіңішке естіледі, етік сөзіндегі е және і – жіңішке дауысты дыбыстар.

в) «Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша
әңгіме құрастыру.

г) «Қай мезгілде киеміз?» дидактикалық ойыны.
Шарты: Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің?
Аттарын атау.
«Мынау кімдікі?» дидактикалық ойыны.
Шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады.
ғ) Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.

Толық нұсқасын жүктеу
9 024
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектепте Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Абилдиева Гульшат Желдешовна
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×