Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

29 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Балаларды ж дыбысы мен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
Сурет арқылы заттың атын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Мотивациялық - Қозғаушы кезең
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманға саяхатқа шығу үшін алдын ала дайындаламыз. Орманның бір түкпірінде қазына жасырылған. Ол үшін біздерге қандай заттар қажет?

Қанеки балалар біздерге керекті заттарды сатып алайық. Ол үшін біз білімпаз атайдың дүкеніне барамыз. Бұл дүкеннің басқа дүкеннен айырмашылығы заттарды тек қана білімімізбен сатып аламыз. Ол үшін мынадай тапсырмалар беріліпті.

Ы дыбысы қандай дыбыс? Дауысты дыбыс екенін қайдан біліп тұрсың? Олай болса ы әрпінен келетін сөздер айтайықшы? Ыдыс деген сөзді кім буынға бөледі?
Балалар біздер керекті заттарды алдық олай болса жолға шығамыз. Балалар орманда нелер мекендейді?
Оларды бір сөзбен қалай айтамыз?

Балалар алдымыздан жолбарыс шықты. Осы жолбарыс деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

Олай болса біздер бүгін ж дыбысымен танысамыз. Балалар бәріміз бірге ж деп айтып көрейікші. Ж дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба? Онда қандай текшемен белгілейміз? Ж дыбысы дауыссыз дыбыс айтылғанда қысқа, кедергіге ұшырап айтылады. Егерде оны созып айтсақ ы дыбысы қосылып кетеді. Балалар жолбарыс қандай жануар? Саяхатымызды әрі қарай жалғастыру үшін жолбарыс біздерге кедергі болып тұр. Жолбарыс апанындағы сиқырлы кітапты оқытпай бізді орманға жібермейді екен. Сиқырлы кітаптағы сөздерді балалар қайталап оқиды.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№19 жалпы орта білім беретін мектептің
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Калипова Ұлмекен Мақсотқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 502
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ж әрпі мен дыбысы
Ж әрпі мен дыбысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Горьковский орта мектебі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Токбаева Хапиза Сайрановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×