Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау

11 қазан 2016, Сейсенбі
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бағдарлама тараулары: қызықты математика
Тақырыбы: 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
Мақсаты: 10 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура және кері тәртібімен. Қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату. Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: суреттер, теледидар, қарындаштар, ақ парақ, карточкалар, смайликтер, сандар

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.

Іздену ұйымдастырушылық
- Балалар, бізге бүгінгі оқу іс - әрекетімізге қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді байқамақшы. Олай болса, сабаққа белсене қатысайық.
Бізде қазір қызықты математика оқу іс - әрекеті.
- Математика сабағынан біз не үйренеміз, балалар?
(Балалар жауаптары)
- Дұрыс айтасыңдар балалар, математика сабағында біз сандармен пішіндермен, пішіндер көлемімен, түстермен танысады екенбіз және есеп шығарып үйренеміз.
- Балалар, тақтада Айман қуыршағымыздың суреті тұр, қуыршағымыздың моншағы үзіліп қалыпты.
(Балалар жауаптары)
Тақтада әдемі салынған қуыршақ суреті ілініп тұрады
- Сәлеметсіздер ме, балалар, менің атым Айман, сендерге көмек сұрап келдім. Менің әдемі моншағым үзіліп қалды, егерде сендер менің тапсырмаларымды орындап берсеңдер, моншақтар заңдылық тәртібімен тізіледі. Моншағымның заңдылық тәртібі жоғарыда суретте көрсетілген. Тапсырма орындайсыңдар ма балалар?
(Балалар жауаптары)
Қуыршақтың тапсырмаларын хаттан алу.
№1 тапсырма.
- Балалар, сендер 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санай аласыңдар ма?
- Айман қуыршақ біздің балалар санап қана қоймайды, санау әнін де әндетіп айта алады.
Слайд көрсету.
1. 1 - ден 10 - ға дейін тура санау.
2. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
3. 1 - ден 10 - ға дейін реттік санау.
4. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
- Тамаша, олай болса 1 тапсырма орындалды, Айман қуыршағымыздың бірінші моншағын тізуге көмектесейік. Қәнекей, жіпке тізуді бастайық. Заңдылық бойынша, Бірінші қандай түсті моншақ тізіледі?
Моншақты ілу.
Келесі тапсырманы алайық.
№2 тапсырма
«Кім мықты?» деп аталады, бізге сурет берілген, қанекей қарайық.
Суретте түрлі - түсті шарлар беріліпті. шарларда есептер және сандар берілген. Әр шардың түсін атап, есепті шығарып, шешіміне қарындашпен сызып көрсету керек.
(Балалар есептерді шығарып, бір - бірлеп келіп қарындашпен сызып, шешімін табады)
Айман қуыршағымызға моншағын тізейік, заңдылық бойынша, қандай моншақ тізіледі?
Түстерді дұрыс айтқандарың үшін және есептің шешімін дұрыс тапқандарың үшін моншақты тізейік.
№3 тапсырма.
«Кім жылдам?» ауызша есеп. Бізге теледидардан есептер беріліпті. Соларды ауызша шығарайық.
Теледидардан слайд көрсету.
Айман қуыршағымызға кезекті моншағын заңдылық бойынша тізейік.
№4 тапсырма. «Көрші санды тап» карточкамен жұмыс.
Алдарыңда карточкалар берілген, онда сандар көрсетілген. Жанындағы тор көзге, алдарыңдағы жатқан сандар ішінен көрші санды тауып қоясыңдар. Мұқият қараңдар алдыңғы немесе келесі көрші санды тауып қоюларың керек.
Балалар жұмыстары.
Айман қуыршаққа келесі моншақты тізу.
№5 тапсырма.
«Суретпен есеп» Алдарыңда суретпен 2 тапсырма берілген.
- 1 - інші суреттегі тапсырма. Сандарды суреттердің санына қарай сәйкес сызықпен қос.

Балапандардың түсін, санын, қажетті санға апарып сызасыңдар.

Дұрыс, балапандардың түсі сары, саны 4 - еу.
2 суреттегі тапсырма. Әр шаршы ішінде қанша сурет бар? Егер олардың екеуин сызып тастаса, қанша сурет қалады? Керекті санды айналдыра сыз.

Айман қуыршаққа моншақ заңдылық бойынша ілейік.
- Қанекей балалар бір сергіп алайық.
№6 тапсырма. «Сиқырлы пішіндер»
- Қандай пішіндерді білесіңдер?
Алдарыңдағы пішіндерден әртүрлі суреттер құрастырып, жасайсыңдар.
Балалар жауаптары.
Балалар жұмыстары.
Моншақ тізу.
- Әмина пішіндердің көмегімен қандай сурет құрастырдың?
Енді осы пішіндерге арналған сергіту сәтін жасап, сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Слайдпен.
Моншақ ілу.
№7 тапсырма. Есеп - жұмбақ
А)- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
ә)- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)
б)- Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі?
(3)

в)- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
Моншақ тізу.
№8 тапсырма. Графикалық диктант. Айман қуыршақтың құрбысының шағын орталыққа келетін жолын жаса.
Балалар жұмыстары.
Моншақ ілу.
№9 тапсырма. Дидактикалық ойын «Келісемін - келіспеймін»
Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы мұғалімнің айтуы бойынша барлық балалар бірге жауап береді.

Келісемін – келіспеймін.
1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды.
2. Қарбыздар талдың басында өседі.
3. Жазда шанамен сырғанаймыз
4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
5. Лимон тәтті болады.
6. Шыршаның түсі қызыл.
7. Алма шаршыға ұқсайды.
8. Балықтар талда өседі.
9. Сиырдың 4 аяғы болады.
10. Керіктің бойы аласа.
11. Балмұздақ ыстық болады.
12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
13. Қоян балды жақсы көреді.
14. Пілдің тұмсығы қысқа.
15. Кітап – білім береді.
Айман қуыршаққа моншағын заңдылық бойынша ілу.
- Ал, енді балалар Айман қуыршағымыздың моншақтары әдемі болып тізілді, кәне санайықшы неше моншақ бар екен?
Заңдылық бойынша балалар моншақтарды санайды.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы
№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейдің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Тұрсынбекова Айжан Тұрсынбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
38 333
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау
5 - ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру; геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру; реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
10 саны
10 саны
Сабақтың мақсаты: 10 - ға дейін реттік санауды меңгерту. Міндеттері:  10 саның реттік тура, кері санауды үйрету.  Математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау. 1 - 20 көлемінде реттік санауға үйрету. Тура және кері санау.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№1 бөбекжай балабақшасы" КМҚК Балауса тобының тәрбиешісі: Умирбаева Жанар Шаймуратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×