Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы және әрпі

23 қаңтар 2017, Дүйсенбі
Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, оның сөздердегі орнын анықтату.

Бөлім: Сауат ашу және жазу.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Б б дыбысы және әрпі»
Кіріктірілген сабақ: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру. «Таным» білім беру
саласы.
Мақсаты: Өткен тақырып,«Мм» дыбысы және әрпін қайталау барысында білімдерін бекіту. Жаңа «Бб» дыбысы және әрпімен таныстыру; «Б» дыбысы кездесетін сөздерді ататқызып, сөйлемдер құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, дыбыстық талдау жасатып, буынға бөлуге дағдыландыру.
Ұқыпты жазуға, дұрыс отыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әріп таңбалары жазылған саңырауқұлақтар, хат, текшелер, суреттер, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, смайликтер.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, ассоциация, «феш - боун» әдісі.
Билингвальды компоненттер: дыбыс - звук, әріп - буква, дауысты - гласные, дауыссыз - согласные, буын - слог, сөйлем - предложение.

Мотивациялық қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Шеңберге тұрып, жылулық сөздерін айтайық.
Әріптер елінің ханшайымынан ерекше хат келеді

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС
- Балалар, бір аптада неше күн бар?
- Бүгін нешінші күн? Ертең ше?
- Қазір қандай ай? Бүгін нешесі?

- Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай болып?

- Жақсы. Қараңдаршы, балалар, біз қайда келдік?
- Бірінші топ «уық» сөзінде бірінші қандай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріп таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын; екінші топ: «ойна» сөзінің бірінші буыны қандай? Сол буын жазылған саңырауқұлақты алыңдар; үшінші топ: өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық, сол дыбыстың таңбасы жазылған саңырауқұлақты алсын.
(Тәрбиеші әр топтың жұмысын қарап, сұрақ тар қояды)
- Бұл қандай дыбыс?

- Мынау не?
- Сендер қандай әріпті алдыңдар?

- Жақсы сендердің жауаптарың үшін әр топқа жұлдызша беремін.
(Әр топқа тақтаға жұлдызша қойылады)
- Балалар, әріптер елінің ханшайымы сендерге ерекше хат тастап кетіпті. Оқып берейін бе?
(Хатта ханшайым оларға тапсырма бергенін, тапсырмаларды орындаса алғыс жариялайтыны айтылады. Тәрбиеші хатты оқып, суреттер таратады)
- Сендерде ненің суреттері бар?

- Бұл суреттердің қандай құпиясы бар?
Жаңа сабақ.
- Ендеше, біз бүгін «Бб» дыбысы және әрпімен танысамыз. Тек бүгінгі дыбыс туралы өздерің
түсіндіресіңдер.
(Тәрбиеші жаңа сабақты өздері ашуларына ұсыныс жасайды)
(Тақтада әр топты бағалайды)
- Сендердің, ақылдарыңа тәнті болып тұрмын. Ендеше, мына экранға қарап, «Б» дыбысының әріп таңбасымен, «Б» дыбысына кездесетін сөздермен танысыңдар.
Сөз ұстарту.
- Сонымен, сендер айтпаған қандай сөздер естідіңдер?
- Ал, «Б» әрпін неге ұқсаттыңдар?

Кишкентаева Венера Ерсаиновна
Қызметі: Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі.
Мекен жайы: СҚО Петропавл қаласы
Жұмыс орны: «№7 орта мектеп» КММ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 106
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×